Соңғы жаңалықтар
Саясат • 31 Шілде, 2019
Қазақстан Елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Душанбе қаласында Ұлт Сарайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевтың Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүз мұғалім білім жобаларымен таныстырды
Қазақстанның бес аймағынан жиналған 100 мұғалім америкалық Болл Стейт зерттеу университетінің үш апталық бағдарламасына қатысты. Бұл туралы БҒМ Баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Қазақстандық әскерилер «Десанттық взвод» конкурсының бірінші кезеңіне дайындықтарын бастап кетті
Халықаралық армиялық ойындардың шеңберінде, қазақстандық десантшылар Ресейдің Псков облысындағы әуе-десанттық комплексте секіру алдындағы дайындығын жүргізуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Қоғам • 31 Шілде, 2019
Президенттік кадрлық резервке іріктеу басталады
Президенттік кадрлық резервке іріктеу 1 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі баяндады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Қостанай облысында полицейлер тапшылығы білініп отыр
Қостанай облысының аудандарында полицейлер жеткіліксіз. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі «Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев мәлімдеді» деп хабарлады.
Президент • 31 Шілде, 2019
Президент Бас прокурорға жазасын өтеушілерді азаптау деректерін тергеуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Сенат депутаттары шымкенттіктермен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапар аясында Шымкент қаласында жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Ертең Алматыда Денсаулық айлығы басталады
Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді.
Президент • 31 Шілде, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 31 Шілде, 2019
«Егемендегі» мәселе Президент назарына ілікті
Кеше «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі, Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың «Қазақ театры... Кешегісі, бүгіні, ертеңі» атты көлемді мақаласы жарияланды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Елорда әкімдігі екі қызды судан құтқарған полиция қызметкері мен құтқарушыны марапаттады
Қала әкімі Алтай Көлгінов «Причал» демалыс аймағында суға батып бара жатқан қыздарды құтқарған полиция қызметкері Руслан Саидов пен құтқарушы Дмитрий Инкинді марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Тағайындау • 31 Шілде, 2019
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері тағайындалды
ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі болып қайта аталуына байланысты, ҚР Үкіметінің қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері қызметтеріне Марат Рахмалыұлы Нұрғожин, Асхат Елубайұлы Оразбек, Абылайхан Есенұлы Оспанов, Дарын Шылбыұлы Тұяқов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Сенаторлар Павлодар облысындағы ауыл еңбеккерлерімен кездесті
Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында Қараоба ауылдық округіндегі Әуелбек ауылында салынып жатқан су құбырының құрылысымен танысып, кәсіпорын басшысымен өндіріс мәселелерін талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 31 Шілде, 2019
Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілуі жоспарланған Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесудің кезекті 13-ші раундына дайындық жұмыстары толық қарқынмен жүргізілуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 31 Шілде, 2019
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізіледі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
100 • 31 Шілде, 2019
1920 жылы «Ұшқын» газетінің №25 санына шыққан «Коммунистер кімдер?» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.
Технология • 31 Шілде, 2019
IT саласындағы соңғы жаңалықтар қандай?
Саладағы соңғы отандық және әлемдік жаңалықтарды назарларыңызға ұсынамыз.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
«Жасырын сатып алушы» тәсілі өз нәтижесін беріп жатыр
Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтап, сапасын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен «Жасырын сатып алушы» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Қызылордада бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды
«Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ҚММ басшысы мен «Агроспецмонтаж» өндірістік кооперативі директорының орынбасары қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны және аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін істі болды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Ақтауда медициналық сақтандыру жүйесі туралы семинар өтті
«Медициналық сақтандыру қоры» жергілікті сарапшылары Ақтаудағы бірнеше медициналық ұйымдарға оқыту-семинар жүргізді. Семинар денсаулық саласындағы жаңа реформа – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі жайында болды.
Қазақстан • 31 Шілде, 2019
Нұр-Сұлтанда IEO 2020 халықаралық экономика олимпиадасы өтеді
АХҚО Бюросы Astana International Campus алаңында IEO-2020 мектеп оқушылары арасында экономика бойынша келесі Халықаралық олимпиаданы өткізеді. Оған жыл сайын 20-дан астам елден 100-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысады.
Қоғам • 31 Шілде, 2019
Маңғыстаудағы арнайы операция қылмыскерлерді құрыққа түсірді
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы салынады
Қала әкімі Алтай Көлгінов Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Аталған мекемеде мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Әлем • 31 Шілде, 2019
Сібірдегі орман өрттерін өшіру тиімсіз – Greenpeace (видео)
«Сібірдегі орман өрттерін қазір өшірген пайдасыз, өшіруді бір ай бұрын қолға алу керек еді», деп Greenpeace орман бөлімінің басшысы Алексей Ярошенко хабарлады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Павлодар облысында «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы басталды
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қайырымдылық шарасы жылдағыдан бір ай ерте басталған.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстан прокуратурасының араласуымен жарты миллиард теңге жалақы берешегі өндірілді
Бұл туралы өңір прокурорларының жарты жылды қорытындылаған жиынында мәлім болды.
Әлем • 31 Шілде, 2019
Қазақстандық алғашқы қажылар қажылыққа кетті
Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстанда жазасын өтеушілер Абай өлеңдерін жатқа оқыды
Өңірде орналасқан бес түзету мекемесінде өткен ерекше іс шара хакім Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстанда халықаралық конференция өтті
Өңірге ат басын тіреген омбылық ақ халатты абзал жандар солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірігіп, тәжірибе алмасқанды жөн көріпті.
Спорт • 31 Шілде, 2019
Алғашқы екі орын отандастарымызға бұйырды
Шахматтан Чехияның Пардубице қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық Pardubice Czech Open турнирі өз мәресіне жетті. Қыздар арасындағы бәсекеде қандасымыз Динара Сәдуақасова бас жүлдені иеленсе, тағы бір отандасымыз Жансая Әбдімәлік күміс медаль еншіледі.