Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Түркі дүниесінің түп тарихын таразылады
Елордада «Ұлы дала» IV гуманитарлық ғылымдар форумы өтті. Еуропа, Азия мен Американың 20-дан аса елінен жиналған 250-ге жуық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері түп-тамырынан осы заманға дейінгі түркі өркениетінің тарихын талқылады.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Туризм саласындағы түйткілдер қыруар табыстан құр қалдырып отыр
Таяуда Дүниежүзілік сауда ұйымы сайтында Қазақстанның жылына 40 млн турист қабылдауға мүмкіндігі жететіні туралы мәлімет жарияланды. Біз елімізге жыл сайын 5-6 млн адам келсе, бөркімізді аспанға атып қуанып жүргеніміз белгілі. Бұл мүмкіндігіміздің 90 пайызын да қолдана алмай отырмыз деген сөз.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
«Бармасаң, келмесең жат боласың» дейді халық даналығы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев бірде Үкімет мәжілісінде жеке бір князьдік құрғандай астамсып, бір-бірімен байланысы жоқ, бірінде жоқты екіншісі толтырып экономикалық қатынас жасай алмай отырған аймақ әкімдерін сынға алған еді.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Иә, 14-16 маусым күндері Тарбағатай ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі өтті дүркіреп.
Қоғам • 25 Маусым, 2019
Орган алмасқаннан өмір тоқтамайды
Донорлық орган арқасында мына жалғаннан үміті үзілердей болған қанша жан отбасына оралып, қуаныш құшағына бөленді десеңізші?! Дәрігер мен донор сыйлаған өмір оларды қатарға қосып қана қоймай, спортпен шұғылдануына да жол ашады. Керемет емес пе! Нұр-Сұлтан қаласында диализдегі емделушілер және ішкі органдарына трансплантация жасалған адамдар арасындағы Ұлттық спорттық ойындардың ашылу салтанаты өтті.
Әлем • 25 Маусым, 2019
БҰҰ Сауд ханзадасына ресми айып тақты
БҰҰ былтыр аса жауыздықпен өлтірілген саудиялық журналист Жамал Хашогги (немесе Хашкуджи) өліміне қатысты арнайы зерттеу жүргізіп, есеп дайындады. Оның алғашқы нәтижесін бұл іске жауапты болған Агнес Каламар жариялады. Ол журналист өліміне Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман және осы елдің басқа да азаматтары жауапты деген қорытындыға келді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі бұл баяндаманы мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты, тіпті, құжатта өзара үйлеспейтін материалдар бар деп мәлімдеді.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Қаржы секторында жаңа агенттік құрылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
...«Апат айтып келмейді» деген рас екен. Арыста алапат жарылыс болды. Айдың-күннің аманында әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуі бейқам отырған жұртты шошытты. «Оттың ісі – қуырмақ» деген осы. Жергілікті тұрғындарды жан-жаққа бездіріп жіберген жойқын жарылыс – шын мәнінде оттың үстінде отырғанымызды көрсетті. Енді ше, тат темірді кеміреді – кеңестік кезеңнен қалған, тат басқан арсеналдан әлдеқашан арылу керек еді. «Күл астында қоламта қалады» дегендей, осы күнге дейін сақталып қалған әлі қаншасы қауіп тудыратынын ойлаудың өзі қорқынышты...
Қоғам • 25 Маусым, 2019
Мен барымды бағалап, шүкір етуші жандар қатарынанмын. Бірақ кейде адам баласына деннің саулығы, отбасының амандығы, тіпті ақшаның көптігі де аздық етеді. Оқып отырып, онысы несі дерсіздер... Алайда, күйбең тіршілікте арпалысқан күндер көпшілікке жанның рахатын, рухани азықты бере алмай жатады. Жанның азығын іздемейтіндер де болатын шығар. Білмеймін, өз басым жан тазылығы рухани азықтан және қоршаған орта тазалығынан деп түсінемін.
Президент • 25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың отырысын өткізді
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жарақаттанған азаматтардың көңілін сұрады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстардың кесірінен жарақат алған азаматтардың көңілін сұрады.
Видео • 25 Маусым, 2019
Президент Арыс қаласын аралады (видео)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан бүлінген ғимараттарды көрді. Ол снарядтар жарылған құрылыстарды аралады.
Президент • 25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық клиникалық ауруханасына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы эвакуациялық пунктке барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Қарағанды облысы Арыс тұрғындарына 10 тонна жүк жөнелтті
Қарағанды облысы Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын ұсынды.
Президент • 24 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Президенті Арыстағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
Жастар Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады
Бұл туралы Jas Otan төрағасы Дәулет Кәрібек Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
«Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Тап қазіргі уақытта бұл акция барысы «Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы телемарафоннан тікелей эфирде көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Арыс қаласындағы зардап шеккендерге көмек көрсету қоры құрылды
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жазды.
Саясат • 24 Маусым, 2019
Мәулен Әшімбаев: «Nur Otan» Арыс тұрғындарына қажетті барлық көмек шараларын қолға алады
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Арыстағы тұрғындар көшіріліп,тиісті көмектер көрсетілуде
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 24 Маусым, 2019
Арыста 45 мың тұрғынның көпшілігі эвакуацияланды - Өмірзақ Шөкеев
Түркістан облысы Арыс қаласында жарылыс салдарынан тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Арыс аумағына 800 әскери қызметші жеткізілді
Бұл туралы Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында тікелей эфирде өткен баспасөз брифингінде айтты.
Видео • 24 Маусым, 2019
Жарылыс салдарынан эвакуацияланған балаларға жәрдем көрсетілуде (видео)
Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан эвакуацияланған балаларға жәрдем көсретіліп жатыр. Олар Шымкенттегі мектептер мен мешіттерге және басқа да орындарғар жеткізілді. Балаларға тамақ беріліп, қамқорлық жасалуда.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Арыс қаласынан эвакуацияланған балалар тізімі
Арыс қаласындағы халықты эвакуациялау төрт бағытта жүргізілді. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Арыстағы жарылыс салдарынан адасқан балаларды қайдан іздеуге болады?
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында тікелей эфирде өткен баспасөз брифингінде айтты.
Президент • 24 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы оқиғаға байланысты Түркістан облысына барады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқиғамен танысу үшін Түркістан облысына өзі ұшып шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Арыстағы жарылыс: №87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 бүлдіршін жеткізілді
Сағат 12:00- ден өте Шымкент қаласындағы №87 мектепке Арыстағы «Алтын тұмар» бөбекжайынан 12 бала жеткізілді.