у
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2023
Иранмен ынтымақтастық арта түспек
Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 04 Желтоқсан, 2023
Елордада 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатыр
Елордада қызылша ауруы дендеп барады. №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында 200-ге жуық бала қызылшадан ем алып жатқанын, оның басым бөлігі – уақтылы екпе алмағандар екенін елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
Қостанай тұрғыны TikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады
Қостанай облысы балық инспекциясы басқармасы 11 айлық жұмысын қорытындылады. Инспекция осы жылы заңсыз балық аулаудың 160 дерегін анықтаған. Тыйым салынған жерлерде балық аулағандар жалпы соммасы 2 725 500 теңге айыппұл арқалады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Желтоқсан, 2023
Синоптиктер желтоқсанның 5,6,7 күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, мәліметке сүйенсек, алдағы үш күнде еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2023
«Дәрігерлер тексермей антибиотик салған». Қарағандыда ер адам қайтыс болды
Қарағанды облыстық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан қайтыс болды. Науқастың қаза болу себебі, дәрігерлердің алдын ала оның ағзасының антибиотикке реакциясын тексермей, цефтриаксон дәрісін салғаны. 8 қарашада ауруханада болған қайғылы оқиғаны жергілікті облыстық клиникалық аурухана хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
Қазақстанға Куба боксшылары келді
Қазақстанға бокстан Кубаның ұлттық құрамасы келді, деп хабарлайды Egemen.kz бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
18 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен адам дін аман табылды
ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2023
Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2023
«Ливерпуль» Мбаппені сатып алудан бас тартты
«Ливерпуль» футбол клубының басшылығы ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппені сатып алу туралы келісімшарттан бас тартты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2023
Бұрқасын, тұман. Қазақстанның 15 өңірінде күн райы бұзылады
«Қазгидромет» РМК ертең, 4 желтоқсан күні елдің 15 өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
Екі облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
«ҚазАвтоЖол» күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше жол учаскесі жабылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
«Бұл қандай дәстүр?». Бесікті ат қылып мінген әйелдің әрекетіне жұртшылық дауласып қалды (видео)
Той үстіндегі бұл әрекет Ақтаудағы бесік тойлардың бірінде болған. Бесіктің үстіне мініп, аттай қамшылаған ақтаулық апаны жұртшылық сынап тастады. Пікір алаңында оның бұл әрекетін жақтаушы да, даттаушы да табылады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 03 Желтоқсан, 2023
Димаш Құдайберген Будапештте концерт береді
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 2024 жылы, 4 мамыр күні Будапештте жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2023
Қатты жел, көктайғақ. Астана-Щучинск бағытында көлік қозғалысы шектелді
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты Астана-Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2023
Түркістанда жоғалған 4 жасар баланы іздеуге әскерилер жұмылдырылды
Түркістан қаласында үш күн бұрын далаға ойнауға шыққан бала үйіне қайтып оралмаған. Үш күн бойы іздестіріліп жатқан 4 жасар баланы табуға әскерилер де қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2023
Еуро-2024-тің басты фавориті аталды
Беделді Goal.com интернет-порталы Еуро-2024 ойындарының топтық кезеңнің жеребе тартуы аяқталғаннан кейін турнирдің осы жолғы фавориттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
10 келісім: электр станциясы, кәсіпорын салынады
Президент Қ.Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
Дубайда бірқатар келісімге қол қойылды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2023
Қыздарымыз қалжырап қалды – бас бапкер
Футболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Эстония футболшыларына есе жіберді. «Астана-Арена» стадионында өткен тартысты матч 0:1 есебімен аяқталды.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2023
Grand Slam: Әр салмақта қос спортшы қатысады
Бүгін Жапонияның Токио қаласында Grand Slam халықаралық турнирі өтеді. Еліміздің ерлер құрамасында әр салмақта екі балуан қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 01 Желтоқсан, 2023
Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды
УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голды анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы ең көп дауыс жинап, үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьерлер ұсталды
29 қарашада Қызылсай табиғи паркі мен «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының мамандары Бөрібас жерінде кезекті рейд жүргізген. Іс-шара барысында Nissan Patrol автокөлігімен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
Елімізде 96 жаңа мектеп ашылды
Бүгін еліміздің әр түкпірінде 96 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Жер қытайлықтарға берілмейді – облыс әкімі
Ұлытау облысы әкімі халық арасында таралған жаңсақ пікірге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz аймақ әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 01 Желтоқсан, 2023
Жүрек, қан қысымы ауруларына таптырмас ем. Зәйтүн майының пайдасы қандай?
Тамақтану саласындағы зерттеуші Мэри Флиннің айтуынша, әрбір жеміс пен көкөністің құрамында денсаулықты нығайтатын қосылыстар болғанымен, «фенол» деген ерекше пайдалы түрі зәйтүн майына ғана тән. Айрықша таза зәйтүн майының құрамындағы қоректік заттар көптеген ауруға, соның ішінде жүрек аурулары мен қант диабетіне пайдалы екені анықталды.
Парламент • 01 Желтоқсан, 2023
Мәулен Әшімбаев Швейцарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салман Балмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023
Екібастұзда жаңа зауыт салынады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 01 Желтоқсан, 2023
Сыр елінің болашақ бренді болар жәдігерлер музейге табысталды
Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы аясында өткен Сыр елінің келешек брендіне айналатын жәдігерлер – «Шірік-Рабат сақ жауынгері» және «Сығанақ ханшайымы» реконструкцияларының таныстырылымына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, мүсіндерді облыстық музейге табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 01 Желтоқсан, 2023
Алдағы үш күнде елімізде бұрқасын мен аяз күтіледі
Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
2023 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды - БҰҰ Бас хатшысы
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында СОР 28 жаһандық климаттың өзгеруіне қатысты конференция өтіп жатыр. Әлемнің 197 елінен 70 мыңнан астам қатысушы жиналған конференцияда планетадағы температураның өсуін 1,5°C-қа дейін шектеуге және 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жайы талқыланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.