ЕС
Білім • 24 Қазан, 2024
Кәсіподақ төрағасы «Қазақстанның еңбек ері» марапатын алған педагогпен кездесті
Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева Президент Жарлығымен «Қазақстанның еңбек ері» атағын иеленген Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Асқарқызы Траисовамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 24 Қазан, 2024
«Respublica» партиясы ұлттық мерекеге орай асықтан турнир өткізеді
«Respublica» партиясы Республика күніне орай ересектер арасында ұлттық асық спорты бойынша ашық республикалық турнир өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қазан, 2024
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 24 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Астанада отшашу ұйымдастырылады
Астанада Республика күніне орай демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 24 Қазан, 2024
Ақтауда полицейдің ұлы есірткі таратумен айналысқан
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасарының ұлы 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Алматыда Республика күніне арналған конференция өтті
Алматы қаласының Достық үйінде өткен «Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым» атты конференцияда тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері талқыланды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, сарапшылар және жастар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2024
Республика күніне орай біржолғы төлемдер беріледі
Қарағанды әкімдігі азаматтарға Республика күніне орай төленетін біржолғы төлем туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 23 Қазан, 2024
Елордада 3 жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады
26 қазаннан бастап Астана қаласының көшелеріне 3 жаңа №503, №504 және №505 экспресс-бағдарлар шығады. Олар қаланың негізгі көлік-тасымалдау хабтары мен әлеуметтік маңызы бар нысандары арқылы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Қаражал қаласындағы 10 отбасы пәтер кілтіне ие болды.
Есірткі • 23 Қазан, 2024
Қарағандыда нашақорлықты насихаттаған 7 мыңнан астам сайт бұғатталды
Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров Үйлестіру кеңесінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі отырысын өткізді. Кеңес барысында өңірдегі есірткі қылмыстарына қарсы күрес нәтижелері мен осы бағыттағы жаңа шаралар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2024
Бірқатар депутат мемлекеттік наградаға ие болды
Республика күні қарсаңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Президенттің атынан депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 23 Қазан, 2024
Егемендік туралы декларация тәуелсіздікке жол ашты - Мәулен Әшімбаев
Парламент Сенатында Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қазан, 2024
Тиранада грек-рим күресінен жүлде бұйырмады
Қазақтың грек-рим күресінің шеберлері Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 23 Қазан, 2024
Мемлекеттік егемендік туралы декларация: Тарихи мұра және оның қазіргі заңнамадағы рөлі
«Егемендік декларациясы – тәуекел мен дипломатияның, ақыл мен сабырдың жемісі. Осы тарихи құжаттың әсері көп ұзамай байқала бастады. Біз қоғамның іргетасын жаңартып, жаңа белестерге ұмтылдық. Қазақстан қиын өткелден өтіп, іргелі ел болуға бағыт ұстады», Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент • 23 Қазан, 2024
Президент Республика күніне арналған салтанатты жиынға қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында ел азаматтарын ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Қазан, 2024
Астанада есірткі жарнамалары жойылып жатыр
21 қазанда Астанада есірткіге қарсы акция өтті, оның аясында ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сату туралы хабарландырулар боялды. Акцияның негізгі мақсаты - есірткі жарнамасының таралуын азайту және жастар арасында нашақорлық мәселесіне назар аудару. Бастама 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 23 Қазан, 2024
Спортшылар «Менің елім – менің туым» акциясына қатысты
Астаналық спортшылар Республика күніне орай бастау алған «Менің елім – менің туым» акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 23 Қазан, 2024
Елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Қазан, 2024
Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қазан, 2024
«AMANAT» партиясы ғимаратына ең үлкен Мемлекеттік Ту ілінді
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында көлемі 24-те 12 метрді құрайтын Мемлекеттік Ту ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 22 Қазан, 2024
Өз құндылықтарымыз да жеткілікті - Қуаныш Сұлтанов
1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. 5 жылдан кейін 18 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен декларация қабылданған күн – Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күні, деп жарияланды. 2009 жылдың 22 сәуірінен бастап белгілі себептермен ұлттық мереке тізбесінен алынып тасталды. 13 жылдан кейін, яғни, 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды. Еліміз үшін ең маңызды мереке қарсаңында, сол жылдары осынау ұлы істің басы-қасында болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Академиясының академигі Қуаныш Сұлтановпен сұхбаттасқан едік.
Спорт • 22 Қазан, 2024
Астанада «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді
26 қазан күні сағат 13:00-де «Барыс Арена» спорт сарайында «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 22 Қазан, 2024
Елорда жастары ерекше челлендж ұйымдастырды
Республика күнін мерекелеу қарсаңында елорда жастары «Менің елім – менің туым!» челленджін қолдады. Ерекше акция ұйымдастырып, үйлердің балкондарына 1000-ға жуық ту ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Алаяқтар 30 мың адамның есепшотын есірткі саудасына пайдаланған
«Аңқау елге арамза молда» болған интернет алаяқтары қитұрқы әрекеттерімен қарапайым халықты құрығына іліктіріп, 30 мың адамның жеке банк карталарын қылмыстық схемаға пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қазан, 2024
Әлем чемпионаты: Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты
Албанияның Тиранада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел балуаны Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 22 Қазан, 2024
Кәсіпқой боксшы ұлттық құрамаға қайта оралды
Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамамен бірге жаттығуға кірісіп, әуесқой боксқа оралмақ, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Есірткі зертханасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Ерейментау қаласындағы жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 22 Қазан, 2024
14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биыл 14 391 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қазан, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Жастар жарысты жеңіспен бастады
Бүгін Албания астанасы Тирандада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Елімізде Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.