Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Астанада алдағы үш күн жаңбырлы болады
«Қазгидромет орталығының» хабарлауынша, Астанада алдағы үш күн жаңбырлы болады және ауа қысымы төмендейді деп күтілуде.
Театр • 14 Шілде, 2017
Астанада ЭКСПО-2017 симфониялық рекорды орнатылады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен есімі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен есімі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. Іс-шара «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында 22 шілде күні Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
Ұлттық спорт • 14 Шілде, 2017
Ұлан Рысқұл Қазақ күресі федерациясына қызметке тұрды
Бұл туралы Ұлан Рысқұлдың әкесі Әбдіразақ Ғалым ағамыз «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
СҚО-да Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлері марапатталды
Петропавлда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Атырауда «Нұрлы жер» арқылы ипотекалық қарызбен алғашқы тұрғын үй алу қолжетімді болады
Бұрын ипотекамен тұрғын үй сатып алушылар екінші деңгейлі банктерге 17 пайыз сыйақы мөлшерлемесін төлеуге тиіс болса, енді «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында сыйақының 6-7 пайызын мемлекет субсидиялайды.
Әдебиет • 14 Шілде, 2017
«Ботасын алыңыз» немесе бажалардың қоштасуы
Ауылда Зәкең деген кісі болды. Жарықтықтың тілі ойып түсер сәтінде тотияйын, қиып түсер сәтінде қылыш, майдалап мақтар сәтінде жылқының майындай сіңіп сүйегіңді жібітуші еді.
Әлем • 14 Шілде, 2017
Қазақстандық жас әнші «Славян базары» байқауында екінші орын алды
Батысқазақстандық жас әнші Ержан Максим Беларусь елінің Витебск қаласында өткен халықаралық «Славян базары» фестивалінің балалар байқауында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Футбол • 14 Шілде, 2017
Қазақстан еурокубоктар маусымының рейтингінде үздік ондықтан шығып қалды
Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарынан кейін Қазақстан еурокубоктардың 2017/18 маусымының рейтингінде бес орынға төмендеді, деп хабарлайды sports.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
ОҚО-да жеміс-жидек агропаркін құру жөнінде меморандумға қол қойылды
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
«Есенин» медалімен марапатталды
Көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Досанов «Сергей Есенин» медалімен марапатталды. Қазақ қаламгерінің орыстың ұлы ақыны «Сергей Есенин» медалімен марапатталғаны туралы куәлікке ақынның мемлекеттік музей-қорығының директоры Б.И.Иогансон мен Мәскеудегі рязандық жерлестер қауымдастығының төрағасы, Ресей Инженерлік академиясының президенті, Еңбек Ері Б.Н.Гусев қол қойған.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Кеше Астана төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Кеше киносүйер қауым үшін қуанышты жаңалық болды. Отандық кинотуындылардың қатары тағы бір көркем фильммен толықты. Елордадағы «Chaplin Mega Silk Way» кинотеатрында «Біз Сандықтауданбыз» атты комедиялық фильм тұңғыш рет үлкен экранға жол тартты.
Кино • 14 Шілде, 2017
22-28 шілдеде Астанада Кино мейрам феноменіне айналған әйгілі «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Бұл туралы фестивальдың дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында хабарланды.
Дала демократиясы мен демографиясы
Осыдан біраз жыл бұрын демограф ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы Мақаш Тәтімовпен азаматтық некеден өрбіп жатқан ұрпақ жайлы ашық пікірталасқа түсіп, бір тоқтамға келе алмай, тарқасып едік.
Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Достықты дәріптеген, туысты бауыр еткен Сабантой
Қостанайда татар халқының халықаралық «Қостанай – Қазан – Сабантой-2017» атты Сабантой мерекесі дүбірлеп өтті. Тегі бір, түркітілдес қос халықтың туыстық, достық тарихы тереңге кетеді. Бүгінгі жаһандық бәсекеге қабілеттілікті талап етіп отырған нарық, тағы сол жаһандану иіріміне қарсы тұру үшін тіл, дәстүр мен мәдениетті сақтау туысқан халықтарға тізе қосып әрекет етуді меңзейді.
Медицина • 14 Шілде, 2017
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басы. Жұртшылықтың қолдауымен ол аудан басшылығына келді. Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған Жүсіпәлі Нөкетаевтың алдында бұрынғыдан да ауыр жауапкершілік пен зор міндет тұрды. Өзіне көрсетілген сенім үдесінен шығу үшін жаңа істерге білек сыбана кірісіп, көп жылғы жинаған тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін пайдалануға тура келді. Бәрі де жақсы басталып келе жатқан. Алайда бір аласапыран кезең туып, заман да қоғам да өзгеріп сала берді. Биліктің атауы да сан құбылды. Аудандық партия комитеті мен атқару комитеті бірігіп, жаңа құрылым – халық депутаттарының аудандық кеңесі құрылды. Оның төрағалығына өзі бекітілді. Көп ұзамай тамыз оқиғасынан кейін бәрі де өзгерді. Коммунистік партия тарих сахнасынан тайып, кеңес өкіметі келместің кемесіне мінді. Ел абдырап қалды. Нарық келіп аумалы-төкпелі бір ауыр кезең орныққаны белгілі.
«Мультикке» миллион көптік етпейді
«Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды» деген қағида бар. Бұл кішкентайларға берген жақсы тәрбие де, жағымсыз әдет те бала есейген сайын бірге ұлғая беретінін аңғартса керек. Ал телеөнім мен интернетті тел еміп өскен бүгінгі «бұзықтардың» тәрбиесінде анимациялық фильмдердің орны ерекше екендігі белгілі.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Бүгінгі күні әлемде қоршаған ортаның ластануы, табиғаттағы төтенше оқиғалардың көбеюі, соның салдарынан қоғамға келіп жатқан шығындардың артуы экологиялық қауіпсіз, табиғи таза, ең бастысы, экономикалық жағынан тиімді өнімдерге деген сұранысты көбейтіп отыр. Соның ішінде, сәулет-құрылыс нысандары мен азаматтық, тұрғын үй құрылысы саласы осы мәселеге зәру екені анық.
ЭКСПО-2017 • 14 Шілде, 2017
Тартылған инвестиция ел бизнесін ілгерілетеді
Инвестициялар және даму министрлігінің құрамына кіретін, шетелдік инвесторларды тартумен айналысатын «Kazakh Invest» ұлттық операторының жұмыс істей бастағанына осы аптада жүз күн болды. Осыған орай, компания басшылығы атқарған жұмыстарын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Зейнетақы жүйесі қалыпты даму кезеңін жалғастырады
Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қызметі бүкіл жұртшылықтың қызығушылығын туғызатыны түсінікті. Сарапшылар зейнетақы жүйесін дамыту жолдары туралы дауласса, салымшылар өз жинақтарының жай-күйіне алаңдаулы. Соған қарамастан қордың көрсеткіштері жүйенің жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. «Жарналар түсуде, төлемдер жүзеге асырылуда, зейнеткерлер өз жинақтарын алуда. БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің көлемі 7 трлн теңгеден асты, ал таза инвестициялық кіріс сомасы 5 айдың ішінде 114 млрд теңгеден асты. Қор беріктік негізі бар, ал жинақтау жүйесі – дамудың әлеуеті», деп санайды «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Неміс инвестициясы – нарықтағы игілік
Қазақстан мен Германияның сыртқы сауда айналымы өткен жылы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады. Ал жалпы соңғы 12 жылда Германиядан ел экономикасына салынған тікелей инвестиция көлемі 4 млрд АҚШ долларына артқан. Бұл ретте, әрине, алдымен елдер арасындағы ынтымақтастыққа ұйытқы болған мемлекет басшыларының еңбегі зор. Одан кейінгісі барлық байланысты бекітіп, серіктестікке серпін беріп жүрген екі елдің үкіметаралық жұмыс тобы келісімдерінің жемісі.
Үкімет • 14 Шілде, 2017
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен бірқатар отырыс өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Қауіпсіздікті сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз
Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қатысқан құрметті қонақтардың қатарында республиканың күш және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен бірге, шетелдік елшіліктер делегацияларының жетекшілері, шетелдік арнаулы қызметтер өкілдері мен ардагерлері болды.
Футбол • 14 Шілде, 2017
«Ертіс» өз алаңында «Црвена Звездамен» тең ойнады (видео)
Павлодардың «Ертіс» командасы Еуропа лигасы екінші кезеңінің бірінші ойынында өз алаңында сербиялық «Црвена Звезданы» қабылдады. Тартысты кездесу тең нәтижемен аяқталды (1:1). Екі гол да пенальтиден соғылды.
Футбол • 14 Шілде, 2017
«Қайрат» өз алаңында «Скендербеумен» тең түсті (ВИДЕО)
«Қайрат» футбол командасы Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында өз алаңында Албанияның «Скендербеу» ұжымымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
Парламент • 13 Шілде, 2017
Елбасы Жарлығымен Сенат депутаттары тағайындалды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Сенат депутаттары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры тағайындалды
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жаңа ректоры тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
«Қазына» би ансамблі Түркиядағы халықаралық байқауда үздік атанды
Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен ХХХІ Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауында оңтүстікқазақстандық «Қазына» би ансамблі бірінші орынды иеленді. «Алтын Қаракөз» деп аталатын Халықаралық өнер сайыпқырандарының дүбірлі додасы тарихында Қазақстанның бишілері алғаш рет жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мамандары хабарлайды.
Президент • 13 Шілде, 2017
Президент ТМД елдері қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 13 Шілде, 2017
Елбасы ҰҚК-нің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты
Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.