Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Таразда дін тақырыбында семинар өтті
Бүгінгі таңда қоғам үшін дін тақырыбы күрделі мәселеге айналып отыр. Қазақ даласында ғасырлар бойы жасап келе жатқан дәстүрлі Ислам діні шын мәнінде адамгершілікті, имандылықты насихаттайды. Ал иман, ізгілік тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттап, халыққа жеткізу әрдайым маңызды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Жарма ауданында Әди Шәріповтің 105 жылдығы аталып өтті
Қазақтың көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әди Шәріповтің 105 жылдығына орай қаламгердің кіндік қаны тамған Жарма ауданында бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Президент • 12 Шілде, 2017
Мемлекет басшысы Германия Президентімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Атырауда тілсіз жаудан қорғану шаралары жетілдіруді қажет етеді
Биыл Атырау облысында жалпы ауданы 57 708 гектар болатын 46 дала өрті мен жанулары тіркелді. Даланың отқа орану деректерінің басым бөлігі Қызылқоға, Индер аудандарында болып отыр.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Қазақстандық дизайнерлер Астанада сән фестивалін өткізеді
15 шілде «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қазақстандық дизайнерлердің «EXPO FASION FEST» бірінші сән фестивалі өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Наполеон семсері Қазақстанның ұлттық музейіне қойылды
Елорда тұрғындары мен қонақтары «Шығыс және Батыс: мемлекеттік Эрмитаж жиналымынан көне қару-жарақ» көрмесінен императорлардың сайыс қылыштары мен серілік сауыт-саймандарды, қанжарларды көре алады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бокс • 12 Шілде, 2017
Олжас Сәттібаев: Қоңқабаев пен Левитсіз де Куба боксшыларын жеңеміз
Бүгін Дүниежүзілік бокс сериясының финалына шыққан қазақстандық «Астана арландары» бокс клубы 15-шілде күні «Куба қабландары» командасына қарсы өтетін жекпе-жек алдына БАҚ өкілдеріне арнайы ашық жаттығу жиынын өткізді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Түлкібаста 356 га аумаққа алма ағашы отырғызылды
Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына тікелей әсер ететін негізгі салалар қарқын алып дамып келеді. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
«Тараз» футбол командасының құрамына 4 ойыншы алынды
Осы күнге дейін «Тараз» футбол клубына қатысты жиі сын айтылып келді. Мәселен премьер-лиганың осы уақытқа дейінгі кезеңінде «Тараз» командасы 5 рет жеңіске жетіп, 5 рет тең түскен екен.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
EXPO-2017 көрмесінде Гана республикасының ұлттық күні өтуде
Гана – Батыс Африкадағы шағын ғана ел.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Батыс Қазақстан облысында шілдеде қар жауды
Шілденің 11-і күні кешке қарай Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дариян ауылында бұршақ аралас жаңбыр жауып, соңы қадімгідей қарға ұласқан.
Биыл мемлекеттік білім гранттарының саны артты
2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Астанада қандай мамандықтарға сұраныс бар?
Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бүгінгі күні тапшы, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандардың тізімін жариялады, — деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
СҚО: Мәжіліс депутаттары өңір ахуалымен танысты
Мәжіліс депутаттары Ольга Шишигина, Кәрібай Мұсырман және Артур Платонов Қызылжар өңірінің біқатар аудандары мен мекемелерінде болып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттер мен мақсаттарды кеңінен түсіндіруде.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Алдағы тамыз айында Атыраудағы Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйі жабылады.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Биыл сәуір айының ортасында «Қазақфильм» «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі атынан сценарийлерге байқау жарияланған болатын. Жақында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі сценарийлер байқауының жеңімпаздарын жариялады.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Диев аспанындағы қою бұлт жұртты шошытты
Шілденің «шырқын бұзған» бұлттар
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Робертино Лоретти Әулиеатаға келді
Алпысыншы жылдары аты аңызға айналған әйгілі әнші Робертино Лоретти әлі күнге дейін әнсүйер қауымның есінде. Әлемді әуенмен әлдилеп, талантымен тамсандырған өнерпаз сол жылдары Италия эстрадасының жарық жұлдызы ретінде танылғаны да белгілі. Өнерге ден қойған кезінен-ақ «Алтын бала», «Періште үнді бала» атанған Лоретти әлі де талантымен талайды таңдандырып келеді.
Білім • 12 Шілде, 2017
Ұлттық педагогиканың бір уығы болған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде түлектерге салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.
Жеңіл атлетика • 12 Шілде, 2017
Әлем Кубогының жүлдегері атанды
Сәбина Әшірбаева Берлинде гимнастикадан өткен Әлем Кубогының жүлдегері атанды.
Күрес • 12 Шілде, 2017
Футбол • 12 Шілде, 2017
«Астана» екі ойыншысын таныстырды
Елордалық «Астана» футбол клубы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «АстанаFF» фристайл клубымен бірлескен «Футбол астанасы» мерекелік шарасын ұйымдастырды. Аталған шара аясында жазғы трансферде клуб сапын толықтырған екі жаңа ойыншы – Ласло Кляйнхайслер мен Марин Томасовты жанкүйерлерге таныстыру рәсімін өткізді. Футболшыларды команда жанкүйерлеріне клубтың атқарушы директоры Қайсар Бекенов таныстырып, ресми түрде спорттық жейделерін табыстады.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне тарту ретінде, қазақ этнографиясының алты тілде, нақтылай түссек, қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб тілдеріндегі қысқаша сөздік күні кеше ғана жарық көріп, елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақ елі өз тарихының соңғы үш ғасырдағы бақытты 25 жылын да артқа тастап, келесі белесіне де аяқ басты. Кейде осындайда арғы-бергі еске түсіп, түрлі ойларға батасың. Өткенді өскелең ұрпаққа үнемі білдіріп, бардың қадірін бағалатып отыру керек-ау деген ой түйесің. Әйтпесе, бүгінде бәрін оңай келгендей көретіндер көбейіп бара жатқан секілді көрінеді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Өткен Астана күні мерекесінде Ғазиза Шолпанбаеваның қуанышы еселеніп кетті десе болады. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолынан пәтер кілтін алғанда жүрегі алып-ұшып, ерекше толқыды. Баспана қиындығы өздерін шаршатқандай еді. Ұлы мен қызы өсіп қалды, әлі күнге дейін отбасы жоғары оқу орнының жатақханасындағы аядай бір бөлмеде күн көріп келді. Үлкен қызы 13 жасқа толды, ұлы 10 жаста. Балалардың сабаққа дайындалуына бөлмесі тарлық ететін. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет істейтін өзінің кітаптары мен көрпе-төсегі қатар жиылып тұрады. Отбасы болған соң мерекелерде, отбасылық қуаныштарында туған-туыс, дос-жаранға үйден дәм таттырып, дастарқан жаюдың өзі жұбайы Ерұлан екеуіне қиын болатын. Әйтеуір, «көңіл сыйса – бәрі сыяды» деп қонағын атқарғанмен де, өздері қысылып-қымтырылатын.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұтымды жұмыстары
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз жұмысын облыстық және орталық мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдермен тығыз байланыста жүргізіп келеді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Қарқаралы – қараусыз, Егіндібұлақ – елеусіз...
Ғаламтор бетін «қолсыз салынған картиналар жолсыз жатқан елді мекен үшін аукционға шығарылыпты» деген жаңалық шарлап кетті. Әуелде, мұндағы қолсыз талант кім, жолсыз ауыл қайсы, көзсіз ерлік қандай дедік? Сөйтсек, өзіміздің өңірдің өлмес хәлі екен... Пікірлер екіұдай. Бір жағы, «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасына таптырмайтын еңбек десе, екінші тарап «қысылғаннан қыз болдының кері» дейді... Біз бейтарап пікірде ғана қалып қоймай, ойды оймен қозғай келе, өзіміздің уәжді алға тартпақшымыз. Сонымен...
Медицина • 12 Шілде, 2017
Президент тарту еткен томограф
Қарағандылық мамандар он жыл бұрын Мемлекет басшысы сыйлаған магнитті-резонансты томографты қайтадан іске қосты. Бұл Қазақстандағы алғашқы томография аппараттарының бірі. Томограф мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жөнделді.
Медицина • 12 Шілде, 2017
Медициналық сақтандыру дербес жауапкершілікті күшейтеді
Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңызы зор. Еліміздің барлық аймақтарында бағдарламаның негізгі қағидаларын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек БАЙМАХАНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.