Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Уақыт талабына жауап беретін құжат
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дін саласындағы уәкілетті органның ғылыми-сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері кеңінен тартыла отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітуі – қуантарлық жайт.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Жауынгерлер зиратына күтім қажет
Семейдің Знаменка трассасы мен Силикат зауыты маңында «Бауырластар зираты» бейіті бар. Ал Ұлы Отан соғысы кезінде Семейде жауынгерлерге арналған 4 госпиталь ашылған екен. Офицерлер мен сарбаздар майданда жараланған кезде осы госпитальдарға жіберіліп, емделген соң қайтадан соғысқа аттанып отырған. Мұнда 1941-45 жылдары барлық майдан шебінен түрлі ұлттың өкілдері келіп түскен.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Астанада Қазақстан-Қытай аграрлық инвестициялық форумы өтті
Астанада Қазақстан-Қытай аграрлық инвестициялық форумы өтті.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай Германияның Қоныс аударушылар мен аз ұлттар істері жөніндегі федералдық үкіметінің уәкілі, Бундестаг депутаты Хартмут Кошикпен кездесті.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
60 мыңға жуық отбасы көшіріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов «Халықты өнімді жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру» тақырыбындағы брифинг барысында 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының жылдың алғашқы жартысындағы қорытындысына шолу жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Астанада үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында «ATP Challenger» және «ITF Women’s сериялары» бойынша Президент Кубогы үшін үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Билефельдтен келген велошабандоз
Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға германиялық велошабандоз Фолькер Штюве туған қаласы Билефельдтен велосипедпен келді.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Көлік полицейлерінің қалтқысыз қызметі
Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Бүгінде олардың қадағалау аумағында – «Астана-1» және «Нұрлы жол» темір жол вокзалдары мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қауіпсіздік қамтамасыз етілген.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Теміртауда газблок өңдеу зауыты іске қосылды
Астананың туған күніне орай Теміртау қаласы түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Солардың ішіндегі ең негізгісі – кенді аймақтың іргесінен бой көтерген «ҚазГазБлок» ЖШС жоғары заманауи технологияларды пайдалана отырып, газблок өңдеп шығаратын зауыттың өз жұмысын бастауы.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
«Каспий» су тұщыту зауыты жұмысының екінші сатысы іске қосылды
Жартылай шөлейт аймақ болып табылатын Маңғыстау өңірі үшін ауыз су мәселесі – негізгі мәселелердің бірі. Телегей теңіз суының тұздылығы жоғары болуы оны тек арнайы жабдықтар арқылы тұшытып қолдану қажеттігін тудырады.
Несие алдың, қалтаға салдың...
Ұлттық банк мәліметі бойынша, қазірге дейін жеке тұлғалар мен екінші деңгейлі банктер арасында жасалған несие келісімінің саны рекордтық деңгейге жетіп, 5 383 000 шарт жасалған екен.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Инвестиция – елді дамыту тетіктерінің бірі
Елбасының елге тигізген басты шапағатының бірі – әлемнің барлық елінен инвесторлар тартудың бас платформасын жасақтай білгендігі. Бейнелеп айтқанда, тәуелсіздік таңымен бірге Мемлекет басшысының шетел инвестициясын тарту жөніндегі табанды тұжырымы да бір мезгілде көрініс таба бастады. Оның алғашқы мысалдарының бірі АҚШ-тың «Шеврон» компаниясы әкелген инвестициялық қаражаттар болып табылады. Бұдан кейінгі жылдарда инвестициялық ахуалды тереңдету ісінде ТМД мемлекеттері арасында Қазақстанның көшбасшылық рөлі айқындалып, даралана бастады.
Патшалар жазығында қазба жұмыстары жалғасып жатыр
Берел бедерлері
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Ардагерлер Астана күнімен құттықтады
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді сүйікті елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы сәтті пайдалана отырып, Ақжайық тұрғындарының атынан Сізге зор денсаулық пен игілік, елімізге бейбітшілік пен тыныштық тілейміз.
Үкімет отырысында дәрі-дәрмек бағаларын реттеу жайы қаралды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру, дәрі-дәрмек бағаларын мемлекеттік реттеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары қаралды.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Көрменің миллионыншы көрермені – астаналық мұғалім
Кеше көрме орталығының тіркеу қызметкерлері барлық кіреберісте келушілерді тіркеп, мұқият жұмыс істеді. Өйткені, олар миллионыншы келушіні анықтауға асықты.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Зиялы деген зипа сөз. Жиі айтылмайды, шыны керек, айтайын десең адамы табылмайды. Тіпті, танымай жүруіміз де мүмкін-ау. Жастау кезімізде зиялы адам әдемі киінген, институт бітірген, докторлық қорғаған, үлкен кабинетте істейтін адам болып көрінетін. Жүре келе зиялы болып жүргендер мүлдем басқа кейіптегі міскіндер болып шыққанда әуелі таңырқадық, бірақ кейін оған бойымыз да, ойымыз да үйреніп кетті. Түйсігімізге ден қойсақ, зиялыны өмірдің өзі екшеп, өзі танытады екен. Оның өзі оңайлықпен өрілер кәсіби тәлім, нәсіби сый емес, тектіліктен тарайтын қасиет екен. Мәдениет пен білім сәулесі ондай жанның сөзіне сабыр, жүзіне нұр беріп тұрар болар, сірә. Мұндай мінездің ақиқаты сол: өзегінен тартып өмірден сіңген нұрлы құйылыс адамдық болмысқа айналады. Болмыс бояуынан да, саналық ояуынан да айнымайды.
Кемел елдің келісті келешегі, осы елді мекендеп отырған ұлттың ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтарымыз жетерлік. Соған мың да бір шүкір дейсің. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
Қостанайда «Ұлы дала тұлғалары» экспедициясы жолға шықты
Торғай өңіріне, Амангелді, Жанкелдин аудандарының елді мекендерін аралайтын экспедиция осылай аталды. Бұл жолы экспедиция жұмысы нақты Кейкі батырға арналады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
Қостанайда жоғалған баланың мәйіті 8 күннен кейін табылды
Суда іздеу жұмысын жүргізген волонтерлер тобы шілденің 4 күні жоғалған 8 жасар Игорь Коцтың мәйітін Тобыл өзенінің Кәріс көпірі аумағынан тапты.
ЭКСПО-2017 • 11 Шілде, 2017
ЭКСПО-ның миллионыншы келушісі белгілі болды
27 жастағы Астана тұрғыны «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің миллионыншы келушісі атанды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
БҚО-да дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес Саялбек Махамбетұлы Ғиззатов БҚО дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Германия президенті Қазақстанға ресми сапармен келді
ГФР Федеральдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің ұшағы Астана әуежайына қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Кәсіпқой бокс • 11 Шілде, 2017
Boxing Kingdom: Головкиннің жеңісіне күмәнмен қарайтын жанкүйерлер артып келеді
Boxing Kingdom порталы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
ОҚО-да «Ташкент - Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен өткізу бекеті ашылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент - Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды.
Бокс • 11 Шілде, 2017
«Aрландардың» финалда қандай құраммен шығатыны белгілі болды
Сенбі күні, яғни 15 шілдеде Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық бәсекесі өтеді. Ақтық сында еліміздің "Astana Arlans" командасы мен Кубаның "Cuba Domadores" ұжымы күш сынасады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2017
Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов «Азғыр» полигонында тұрғындармен кездесті
Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің Атырау облысындағы сапары жалғасуда. 10 шiлдеде Ресей шекасындағы Азғыр ауылдық округiнде болған сенатор өңір тұрғындарымен кездесті.
Президент • 11 Шілде, 2017
Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмнің алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.