Соңғы жаңалықтар
Футбол • 10 Шілде, 2017
«Астана» футбол клубы Латвияға ұшып барды
Бүгін «Астана» командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Спартак» командасына қарсы кездесу үшін, Латвияға ұшып барды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 көрмесіне бір айда 921 293 адам келді
10 маусым мен 10 шілде аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерінің саны 921 293 адамға жетті. Жақын арада миллионыншы адамның көрмеге келуі күтілуде.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Торғайдағы дала өрті толық өшірілді
Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев Жанкелдин ауданының Албарбөгет ауылдық округіне қарасты жайылымда болған өртті өшіру және оның салдарын жою мәселесіне байланысты журналистер сұрақтарына жауап берді.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
ОҚО-да салық көздері қайта нақтылануда
Облысымызда тіркеуден өтпеген бірде бір жер учаскелері мен ғимараттар және көлік құралдары қалмауы тиіс. Бұл жұмыстарды алдағы бір айда толық бітіріп, салық түсімінің көздері нақтылануы керек. Сондай-ақ өңірімізде міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыру жүйесіне насихаттау жұмыстарын жандандыру қажет. Бүгін бұл туралы облыс әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Әлем • 10 Шілде, 2017
Моңғолияның жаңадан сайланған президенті ант қабылдапды
Моңғолияның жаңадан сайланған президенті Халтмаагийн Баттулга ант қабылдап, бұрынғы президенттен мөрді алды. Осылайша ол мемлекет басшысы міндетіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат mmontsame.mn-ге сілтеме жасап.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Қазақстанда бір аптаның ішінде 38 адам суға ағып кетті
Ел аумақтарында өткен аптада 38 адам, соның ішінде 11 бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Жамбыл облысында долан тұқымды қой өсірілуде
Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Меркі ауданында долан тұқымды қой өсірілуде. Дене бітімі де, түрі де өзгеше асыл тұқымды қойларды аудандағы «Хадижа» шаруақожалығы өсіріп отыр. Аптапта да жайыла беретін, тіпті 55 градусқа дейінгі ыстыққа да төзімді жануарлар ерекше жаратылған үлкен құлақтары арқылы салқындайды екен. Еті мол аша тұяқтының жүні де жартылай биязы.
Үкімет • 10 Шілде, 2017
Премьер-Министр Латвия Президентімен кездесті
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейониспен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Парламент • 10 Шілде, 2017
Тоқаев «Атлантикалық кеңес» басшысымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемпті қабылдады, деп хабарлады аталған палатаның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы ауысты
Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «10» шілдедегі №267-ө өкімімен Боранбаева Ғалия Бектенқызы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды
Бокс • 10 Шілде, 2017
WSB финалына шығатын Astana Arlans құрамы анықталды
Алдағы сенбіде Дүниежүзілік бокс сериясының финалы өтеді. Қазақстан астанасының шаршы алаңында Astana Arlans пен Cuba Domadores командаларының боксшылары кездеседі, деп хабарлайды Sports.kz.
Жеңіл атлетика • 10 Шілде, 2017
Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатында сегіз медаль иеленді
Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған құрлық біріншілігінде Қазақстан Ұлттық құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Астана күні 19 немере сүйіп отырған отбасы гаухар тойын атап өтті
Петропавл қаласында тұратын Жұмағұл Бейсембаев пен Кәміш Қайырова – 7 ұл-қыздан 19 немере, 6 шөбере сүйіп отырған бақытты ата, әже.
Театр • 10 Шілде, 2017
Елорда күні мерекесі қарсаңында өтетін ерекше бір дәстүрге айналған шара "Астанаға тарту" атты ұлттық өнер саңлақтарының ән-жыр, күй кеші.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан экономикасына қытайлық қаржыгерлер тартылады
Астанадағы Қазақстан-Қытай форумы аясында Солтүстік Қазақстан облысы мен «Ишэбэй» ғылыми-техникалық корпорация арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Алматы қаласы Жетісу ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жетісу ауданының активіне ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі болып Мұхтар Тәжібаев тағайындалды.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің вице-президенті болып сайланды
Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің маркетинг жөніндегі вице-президенті және Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Астана тұрғындары жыл сайын 30 мың адамға өседі
Ана мен бала өлімі көрсеткішінің төмендеуі бойынша атқарылып жатқан мемлекеттік жұмыс халық санын арттыруға септігін тигізді, деп хабарлады әкімдіктің медиа орталығы.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Палестина Астанадағы ИЫҰ саммитіне қатысатынын растады
7-8 шілде күндері Қазақстан Республикасы Президентінің Ислам ынтымақтастық ұйымы жөніндегі Арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Таяу Шығыс аймағына жасаған турнесі шеңберінде Рамалла қаласына сапар шекті. Оның барысында Палестина басшылығымен екіжақты келіссөздер және Қазақстан-Палестина арасындағы саяси консультациялар өтті, деп хабарлайдыСІМ-нің баспасөз қызметі.
Бокс • 10 Шілде, 2017
Қазақстандық боксшылар Азия біріншілігінде жеті медаль иеленді
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 1-7 шілде аралағында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатты өтті. Азияның 23 елінен келген 120-ға жуық жас боксшылар өзара сынға түсіп, сарықұрлықтың мықтысын анықтады.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Петропавл қаласының 265 жылдығы атап өтілді
1752 жылы іргетасы қаланған бас шахардың 265 жылдығын мерекелеу іс-шараларына жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге, бұрынғы кеңес одағына танымал әншілер де қатысып, әсем әнмен шашу шашты.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Астананың 20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
«Шанхай апталығы» көрмесі ашылды
Астанада «Radisson Blu Astana» қонақүйінде Шанхайды таныстыратын ірі Қытай компаниясының көрмесі ашылды.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Астана күні мерекесі қарсаңында National Digital History (www.e-history.kz) интернет порталы жаңа желілік NDH DIGEST танымдық журналын қалың оқырманға таныстырды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Жангелдин ауданында даладағы өрттен шопан қаза болды, 1406 қой қырылды
Албарбөгет ауылдық округінің жайылымдық жерінде болған алапат өрттен 56 жастағы шопан қаза болған және осы аудандағы «Айдар» шаруа қожалығының 1406 уақ малы қырылған. Өрт Албарбөгет ауылынан 33 шақырым жерде болған.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Куәлік үш сағатта дайын болады
Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Әділет министрлігі бірлесіп, жаңа қанатқақты жобаны іске қосты. Бұл жүйе бойынша, азаматтар баланың туу туралы куәлігін үш сағаттың ішінде ала алады.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Алимент өндіріп алу тетіктерін жетілдіруді ұсынды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Бас Прокурор Жақып Асановтың атына үндеу жолдап, кәмелетке толмаған балаларды асырауға алиментті өндіріп алу тетіктерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Қазақстан дипломатиясы туралы жаңа кітап
Еліміздің сыртқы саясат қызметінің 25 жылдығына орай «Қазақстан дипломатиясы: бейбітшілік пен даму жолындағы 25 жыл» атты кітап жарық көрді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жекпе-жек • 10 Шілде, 2017
Қазақстандық палуандар Польшадағы турнирден жүлделі оралды
Қазақстандық Нұрислам Санаев Польшада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды sports.kz.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Үлкенді де, кішіні де тамсантып, баурап алатын бір өнер болса, ол – цирк өнері. Астана күніне орай ұйымдастырылған «Азия жаңғырығы» цирк фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына мол әсер сыйлап, ерекше салтанатпен өтті.