Соңғы жаңалықтар
Қаржы • 10 Шілде, 2017
Валюталық заңнаманы өзгерту – уақыт талабы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңның жаңа редакциясын әзірлеуде. Заңның жаңа нұсқасы елде қалыптасып отырған ырықтандырылған валюталық режімнің тұжырымдамалық қағидаттарын өзгертпей, заңнаманы өзгерген экономикалық жағдайларға бейімдейді. Әзірленіп жатқан заң жобасының жаңалықтары туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтып берді.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
40 жұп жас жұбай ЭКСПО-ны аралады
Некелерін жаңа қиған 40 жас жұп ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығын аралады. Осылайша, үлкен өмірге қадам басқан жас отбасылар бұл күнді есте қалатындай етіп өткізуге тырысты.
Бокс • 10 Шілде, 2017
Боксшы бойжеткен 6 мың көрермен сыятын амфитеатрда жұдырықтасады
26 тамыз күні Астана қаласындағы халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесі аумағында кәсіпқой бокс кеші өтпек. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жастағы кәсіби боксшысы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына таласады. Шараны «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ пен спортшының командасы ұйымдастырады. Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Ф.Шарипованың командасымен кездесуінде әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін айтты.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
Көрмеде Қытайдың ұлттық күні аталып өтті
Қытай ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу арқылы Қазақстанмен достық қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті жаңа биікке көтеруге мүдделі екенін білдірді. Бұл туралы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытай Халық Республикасының ұлттық күніне арналған салтанатты шара барысында ҚХР Бүкілқытайлық xалық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэюэ ханым мәлім етті.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
Миллионыншы билет кімге бұйырды?
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің миллионыншы билетін сатып алған көрермен – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Қайрат Мамаев Астана күні қарсаңында көрме қалашығын аралады.
Бокс • 10 Шілде, 2017
Головкин P4P журналы жасаған рейтингтің үштігіне енді
Бокс туралы көне Boxing News басылымының (1909 жылдан бастап шығады) сайты салмақ дәрежесінен қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтінгісінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
ИДМ-де комитет басшысы тағайындалды
Ұлан Жазылбек ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды. Бұл жайында аталған министрліктің Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде 800-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Шараға жас сарбаздардың 3500-дей жақындары мен туыстары келді.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Желаяқ марафоншы Дулат Иманқажы Қытайдың астанасына велосипедпен аттанды.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
Италия технологиясының игілігі елімізге келеді
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аумағында Италияның көшбасшысы саналатын Апулия өңірі «Ақылды қуат көздеріне арналған ақылды технологиялар» атты семинар өткiзiп, қазақстандық инвесторларға, ғалымдар мен кәсіпкерлерге озық инновациялық жобаларын таныстырды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарған Тұяқов Жеңіс Шылбынұлы келді. Бұл туралы Primeminister.kz сайты хабарлайды.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
Сан этностың сахнадағы өнері ЭКСПО көрмесі аясындағы фестивальда анықталады
Астанада еліміздің ұлттық этностық театрларының республикалық фестивалі басталды. Шара барысында алты тілде қойылым көрсетіліп, оны халықаралық театр сыншылары бағалайды. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылған байқау елімізді мекендейтін этностардың салт-дәстүрінен сыр шертеді.
Кино • 10 Шілде, 2017
Ұлттық ұланға тегін фильм ұсынылды
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Астана күніне орай Рүстем Әбдірашевтің «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті.
Парламент • 10 Шілде, 2017
Депутаттар өңірлерде кездесулер өткізді
Сенат депутаттары парламенттік сессияны аяқтап, аймақтарға аттанып, онда халықпен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізуде.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Волковское ауылында Матвеюктер отбасы өз қаражаттарына балалар алаңын салып берген болатын. Бүгінде қажетті құралдармен жаңартылған алаң балалардың жазғы демалыстарын өткізетін үлкен кешенге айналып отыр.
Жеңіл атлетика • 10 Шілде, 2017
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан үшінші орында
Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
6 жасар Аянат «Әлем ханшайымы» атанды
Бір ай бұрын Ақтауда өткен «Little Miss Aktau -2017» сынында жүлдегер болып танылған, «Ақтаудың кішкентай ханшайымы» атанған 6 жасар Аянат Дәулеталина Болгарияға жолдама жеңіп алған болатын.
Күрес • 10 Шілде, 2017
Маңғыстаулық палуан Павлодарда топ жарды
Маңғыстаулық ауыр салмақтағы палуан Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан барысы» турнирінен соң Павлодарға аттанған болатын.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Татарстан президенті қостанайлық электромобильге тәнті болды
Қостанайда өткен халықаралық Сабантой мерекесі аясында Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов AllurGroup тобына енетін «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытында болды. Онда татарстандық қонақтарға осында машина құрастыру желілері, конвейерден шығып жатқан бренд JAC IEV6S электромобилі көрсетілді.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Жетісудың төрінен Арқаның төсіне
Астана күні қарсаңында ақындар сәлем жолдады
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан Астана күнінде 500 тонна өнім сатты
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және Астана күні аясында елордада Қызылжар өңірінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп, 263 миллион теңгенің саудасы жасалды.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Қостанайда өткен Сабантойға Татарстан президенті қатысты
Қостанайда татар-башқұрт халықтарының ХІІІ республикалық Сабантой мейрамы өтті. Оған Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов қатысты.
Аймақтар • 10 Шілде, 2017
Ескі «Москвичпен» екі жарым күнде 2 мың шақырым жолды жүріп өтті
Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, Риддердің үш тұрғыны ескі «Москвичпен» облысымыздың көрікті жерлерін бар болғаны екі күннің ішінде аралап шығыпты. Нақтырақ айтсақ, олар осы мерзім аралығында 1900 шақырымды бағындырыпты.
Жекпе-жек • 10 Шілде, 2017
Қазақстан құрамасы самбодан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық және әскери самбо бойынша ҚР Президентінің жүлдесіне арналған Әлем кубогында жеңіске жетті.
Су спорты • 10 Шілде, 2017
Зүлфия Ғабидуллина Германияда әлем рекордын жаңартты
Берлин қаласында тірек-қимыл аппараты мен көз жанарында ақауы бар спортшылар арасында Германияның ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.
ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017
Көпшіліктің көңілінен шыққан кеш
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, елорда жұртшылығы күн сайын әлемдік деңгейдегі әртістер концерттерінің, театрландырылған шоулардың, басқа да қызықты шаралардың куәсі болуда десек артық айтпаймыз. Көпшілікке сондай көңілді кештердің бірін елімізге белгілі «МузАрт» тобы сыйлады.
Қазақстан • 10 Шілде, 2017
Жыл сайын Астана күні мерекесіне орай «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы жанында этномәдени кешен жасалып, онда «Астана – Арқау» дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі, ақындар айтысы, балалардың асық ойыны және өзге де этномәдени шаралар өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мәре-сәре мерекелік көңіл күй сыйлау әлдеқашан дәстүрге айналған-тұғын. Сол дәстүр биыл сәл өзгешелеу жалғасыпты. Өзгешелігін атынан да байқай беріңіз. Этномәдени кешен – «Бозоқ» көшпенділер қаласы» деп аталды.
Білім • 10 Шілде, 2017
Университеттің 50 мыңыншы түлегі
Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен биыл 5 мың түлек қанат қақты. Түлектерге диплом тапсыру салтанатында үздік бітірушілер мен жас ғалымдар, Президент шәкіртақысының иегерлері, республикалық, халықаралық олимпиада мен спорт жарыстарының жеңімпаздары марапатталды.
Қазақ елі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жан-жақты дайындық жасағанын жұртшылық жақсы біледі. Елбасының өзі әу бастан-ақ әзірлік шараларын қатаң қадағалауға алды. Ал Үкімет көрмеге дайындық мәселесін күн тәртібінен түсірген жоқ.