П
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Алтыншы рет. Қазақ күресінен құрлық чемпионаты өтті
Әзербайжанның Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында алтыншы Еуропа чемпионаты өтті. «Біріккен күрес әлемі» (UWW) аясындағы додада ерлер мен әйелдер күресіп, 16 салмақ дәрежесінде жүлдені бөлісті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және денешынықтыру комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Қазақ спортшысы мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегер атанды
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушысы София Фарафонова «Эфес Кубогы 2024» халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
«Әзілдейтін нәрсе емес:» Жалған хабарландыру таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. «Байқоңыр» ауданының Полиция басқармасы ҚР ҚК 273-бабының 1-бөлігі бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz police_ _astana-ға сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Қазақстан 15-сатыда тұр
Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиадасының 28 қаңтардағы жарыс нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Бүркітші қыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға қоныс аударды
Моңғолияда тұңғыш бүркіт баптаған Айшолпан Нұрғайыптың отбасы тарихи Отаны Қазақстанға оралды. Бүркітші қыздың өзі бұған дейін елге келіп, қазіргі таңда С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курсында оқып жүр, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Қазақстанда биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді
Ақмола облысына қарасты Щучье қаласында биатлоннан жастар және жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құрлықтық додаға Азияның 7 елінен келетін 100-ден астам жас спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2024
Париж-2024: Соңғы лицензиялық турнир су спорты түрлерінен өтеді
Катар астанасы Дохада ақпан айының 2-18 күндері аралығында су спорты түрлерінен өтетін әлем чемпионаты – 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия берілетін соңғы турнир, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2024
Финляндияда президент сайлауы өтіп жатыр
Бүгін, 28 қаңтарда Финляндияда президент сайлауы өтіп жатыр. Ел азаматтары 13-ші мемлекет басшысын сайлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2024
Шығын 7 млн теңге: Ақтөбеде алаяқ кәсіпкерлерді алдап кетті
Ақтөбе тұрғындарының әрқайсысы несие алу үшін алаяққа миллион теңгеден берген, деп хабарлайды Egemen.kz Mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 28 Қаңтар, 2024
Мария Дмитренко Әлем кубогінде чемпион атанды
Стенд атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогінің кезеңінде «Трап»бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2024
«Талабың оң болсын». Бельгиялықтар асырап алған бала қазақ тілін үйренуді бастады
2004 жылы Арқалықтан шетел асқан қазақ баласы ана тілін үйренуді бастады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Жануарлар • 27 Қаңтар, 2024
Шымкент зообағы жаңа жануарлармен толықты
Шымкент зообағы 3 альпакамен толықты. Олар Чехиядан арнайы алдырылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2024
Жетісуда оқушыларды тасымалдайтын автобус берілді
Жетісуда 336 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 129 мыңнан астам оқушы оқиды. Бүгінде 1708 бала шағын елді мекендерден қатынайтындықтан оларға тасымалдау ұйымдастырылған. Соған сай 67 көлік қызмет көрсетеді. Күні кеше жергілікті бюджет есебінен тағы 5 су жаңа автобус берілді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 27 Қаңтар, 2024
Елордада медициналық мекемелер 75 кәсіпкердің құқын бұзған - прокуратура
Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлер құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелер 75 кәсіпкерге кепіл қаржыны қайтармағаны белгілі болды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Жазушы Жылқыбай Жағыпарұлы дүниеден өтті
Белгілі журналист, қарымды қаламгер Жылқыбай Жағыпарұлы 70 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті
23 қаңтар күні сағат таңғы 05:30 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері Қорқыт ата көшесінің бойында жүргізушісі жол белгілері талаптарын сақтамаған Volkswagen Touareg маркалы автокөлігін тоқтатпақ болған.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024
Алматыда қай үйден пәтер алмаған жөн?
Әкімдік Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Жер сілкінісіне қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
Алматы полициясы жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтады. Құзырлы орган оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Қаңтар, 2024
Демалыста күн суып, 30 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
«Amanat» партиясының Төрағасы азаматтарды қабылдады
Мәжіліс Спикері, «Amanat» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады, деп жазады Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Майқайыңалтын: тергеу комиссясы мәлімдеме жасады
«Майқайыңалтын» кен орнында болған апатты тергеу жөніндегі комиссия қорытындысын жария етті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 26 Қаңтар, 2024
Париж жазғы Олимпиаданы өткізуге толық дайын емес - қала мэрі
Биыл 26 шілде - 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылда бір келетін әлемдік додаға дайындық барысын Париж мэрі пысықтады. Анн Идиальго жергілікті BFM телеарнасына берген сұхбатында қала спорттық сайыстарды өткізуге толық дайын емес екенін сынға алып, шұғыл шешілу керек әлеуметтік, материалдық жағдайларға назар аударды, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 26 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: 26 қаңтардағы жарыс кестесі
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында спортшыларымыз спорттың 3 түрі бойынша бақ сынайды. Туризм және спорт министрлігі 26 қаңтардағы жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қаңтар, 2024
Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспортшы Александр Винокуровке Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырды. Бұл туралы министр Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Қаңтар, 2024
«Ұлттық қор - балаларға»: Биыл 18 жасқа толғандарға ақша аударыла ма?
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Заң аясында биылғы 1 қаңтардан бастап, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударылып отырады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Алматыда таңертең метро неге жұмыс істемей қалды?
Бүгін таңертең Алматы метрополитені неліктен жұмыс істемей қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Бірнеше жер телімі қайтарылды – прокуратура
Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп жазады Egemen.kz Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Жетісуда кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр
Талдықорғандағы Көркемөнер галереясында «Jetisu book fair» кітап жәрмеңкесі басталды. Онда «Ziyat», «Атамұра», «Асыл қазына» сияқты кітап дүкендері мен жергілікті ақын-жазушылар еңбектерін сатылымға шығарды. Сондай-ақ жиын аясында жазушы Қанат Тілеуханның «Шатырдағы әйел» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Әдебиет • 25 Қаңтар, 2024
«Ардың ісін» арқалайтын бүгінгі буынның шығармашылығына баға берілді
«Egemen Qazaqstan» газетінің шаңырағында әдеби-поэтикалық кеш өтті. Егемендік жастар, «Дарын» жастар сыйлығының иегері жазушы Бақытбек Қадірдің «Жасыл шатырлар», жазушы Абай Аймағамбеттің детектив жанрында жазылған «Бұрылысқа жарты қадам қалғанда» романының, ақын Жәнібек Әлиманның «Жұлдызымның жорығы» өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларын айтулы жетістігімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.