Ту
Үкімет • 22 Маусым, 2020
Асқар Мамин Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді
Премьер-Министр Асқар Мамин Парламенттің қос палатасы депутаттарының бірлескен отырысында Үкіметтің 2019 жылғы жұмысы және экономиканы одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды - министрлік
2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5 954 жобаны жүзеге асыру басталып, олардың ауқымында 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Әлем • 20 Маусым, 2020
Өзбекстанда коронавирус жұқтырған туристерге 3000 доллар төленеді
Өзбек билігі пандемиядан ең көп зардап шеккен салаға көмек көрсету үшін осындай қадамға барып отыр. 19 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік режимінің талаптарын қатаң сақтай отырып, туризм саласын дамытудың қосымша шаралары туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Gazeta.uz. газетіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне көшеді
Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін онлайн режимде ала алады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экология • 19 Маусым, 2020
Алматыдағы Бутаковкада бақылау құрылғылары орнатылады
Соңғы үш жылда ұзындығы 325 шақырым болатын 25 тау жолы абаттандырылды. Үлкен Алматы шатқалындағы 200 шақырымнан астам тау маршруттарын жабдықтау жоспарланды. Үлкен Алматы көлі мен Бутаковка шатқалындағы танымал туристік орындарда көру алаңдары орнатылады, Фурманов шыңындағы бұрылыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Алматы дәрігерлері коронавирусты қалай емдеп жатыр?
Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева мен инфекционист дәрігер Тамара Утаганова коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамаларын түсіндірді, сонымен бірге үй карантинін ұйымдастыру, ауруханаға жатқызу және коронавирус зардаптарына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
"Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2020
Ақмола студенттері құрылыс жасақтарында жұмыс бастады
Студенттік құрылыс жасақтары жұмыстарын бастап кетті. Олар облыс орталығында жүріп жатқан 4 құрылыс нысанында еңбек етіп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 19 Маусым, 2020
2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егулерден 1 423 бас тарту есепке алынды. Өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға өскені байқалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева Үкімет отырсында айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Rixos Water World Aktau 13 шілдеде ашылады
13 шілде күні Маңғыстау облысының қақ жүрегі Ақтау қаласында «All inclusive All Exclusive» концепциялы Rixos Water World Aktau атты Орталық Азиядағы ең алғашқы 5 жұлдызды отель ашылады. Отельдің жалпы аумағы 150 000 шаршы метрге созылып жатыр. Жеке құмды жағажайы – 420 метр. Күнге қыздырыну мен демалуға арналған серуендеу пирсының аумағы 500 шаршы метр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Маусым, 2020
Шетел университеттерінде 610-нан аса қазақстандық тегін білім алады
Шет елдермен білім беру саласындағы мәселелер бойынша 20 келісімге қол қою жоспарланып отыр, - деп жазады Egemen.kz
Білім • 18 Маусым, 2020
Қашықтан оқыту жүйесінің жастардың өмірлік ұстанымындағы рөлі
Дана халқымыз: "Бір жылын ойлаған адам астық өсіреді, он жылын ойлағанда ағаш өсіреді, келешегін ойлағанда ұрпақ өсіреді" деген екен. Соған орай, қазіргі кезеңде гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар негізінде тәлім-тәрбиенің мазмұны мен мағынасын, әдістемелік бағдарын жаңа заман талаптарына сай жаңашылдыққа бет бұрудамыз. Орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу-Насыр әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деп айтуы бекер емес. Сол себепті, жоғары білім адамның барлық жағынан, яғни білгірлігінің, дене ширақтығының, ойланып-толғануының, рухани өсуінің және тағы басқа қырларын дамуына қажетті жағдайлар жасауы тиіс.
Парламент • 17 Маусым, 2020
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды, - деп жазады Egemen.kz
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Алматыда тауда қалған 9 турист құтқарылды
Алматы қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, тауда қалған 9 турист дін аман қалаға оралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Маусым, 2020
Н.Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына видеоконференция режимінде қатысты, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қоғам • 15 Маусым, 2020
Бақытжан Сағынтаев мегаполисте жұмысқа орналасудың жүйесі туралы түсіндірді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда жұмысқа орналасудың жүйесі туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Маусым, 2020
Түркия туристер үшін шекарасын ашты
Түркия шетел азаматтарының елге кіріп-шығуына рұқсат берді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Видео • 11 Маусым, 2020
Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көлі емдік қасиетімен пайдалы. Әрі осы аудандағы ірі көлдердің бірі. Былтыр, ойда жоқта, Көбейтұз көлі көпшіліктің назарын аударды. Сол-ақ екен, көлді іздеп, жолға шыққандар көбейе бастапты. Неге дейсіз ғой?
Қазақстан • 11 Маусым, 2020
90 мемлекеттік қызметті SMS-пароль арқылы алуға болады
Қазіргі уақытта азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, 90 мемлекеттік қызметті SMS-пароль арқылы ала алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
Жаңаөзенде аурухана қызметкерлері 37 млн теңгені жымқырған
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы балалар ауруханасының қызметінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 37 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы.
Спорт • 09 Маусым, 2020
Садақ атудан әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді
Садақ атудан биыл АҚШ-тың Янктон қаласында шымылдығы түрілуге тиіс әлем чемпионаты 2022 жылы өтетін болды. Бұл жайында айтулы спорт түрі бойынша халықаралық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, - Egemen.kz тілшісі хабарлайды.
Әлем • 09 Маусым, 2020
Мәскеуде бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдетілді
Мәскеуде карантин режимі жеңілдегенімен, түрлі саладағы қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді, - деп хабарлады BBC.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Түркістанда кәсіпкер әйел 6 адамды жұмыспен қамтып отыр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берілуде. Бұл орайда аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастауға ниеттілерге бағыт-бағдар беруде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Маусым, 2020
Сенаторлар Денсаулық туралы кодекс жобасын қарайды
Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы өтіп, онда палатаның 11 маусымға жоспарланған отырысының күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда газ тарату желілерін елді-мекендерде орналасқан үйлерге өткізді
Нұр-Сұлтанда газ тарату желілері Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Агрогородок елді-мекендерінде орналасқан үйлердің бір бөлігіне өткізілді. Тұрғындарға тегін есептегіштер қарастырылған.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда моланың қоршауын ұрлап жүргендер ұсталды
Қазақ арасында «вандализм» деген тағылықтың қазақша атауы да жоқ, өйткені біздің халқымыз мұндай азғындықты бұрын білмеген. Бірақ осындай тағы қылмыс жасайтындардың әлі де арамызда жүргені өкінішті. Жуырда СҚО Аққайың ауданы орталығының бір тұрғыны полицияға шағым беріп, әкесінің басына қойылған темір шарбақты біреудің тас-талқан қылып бұзып әкеткенін айтады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда 3 мыңнан аса адам төлқұжат алған
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.
Қоғам • 05 Маусым, 2020
Бас прокуратура заңсыз митингтерге қатыспауға шақырды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібіне байланысты үндеуі жарияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.