қостанай облысы
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Қостанай облысында браконьер ұсталды
Жангелді ауданына қарасты Байтұрсын ауылынан 15 шақырым жердегі Қарасор өзенінің маңайында 38 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Күдіктіні тексеру барысында одан сойылған ақбөкен еті мен аңшы мылтығы және 12-ші калибрлі екі оқ тәркіленіп алынған, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Қостанай облысында орман өрті жиілеп кетті
Апшыны қуырған аптап ыстықтың салдарынан аймақ ормандарында өрт қаупі күшейіп кетті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, қара орманның қызыл жалынға орануына табиғи құбылыстармен қатар, орманға шығуға шектеу қойылғанына қарамастан қаланың қапырығынан қашып, табиғат аясын саялаған демалушылар да себеп болуда, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Қостанай облысында жалған лаңкес ұсталды
Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 20 шілде күні "112" нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған.
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Қостанайға 40 мың жеке қорғаныш костюмі жеткізілді
Жүк тиелген автокөлік бүгін сағат 16.00 шамасында Қостанайдағы №4-ші емхана қоймасының алдына келіп тоқтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Заңсыз дәрі-дәрмек сатқан алыпсатар ұсталды
Қостанай облысында жүргізілген рейд шаралары барысында Ресейден дәрі-дәрмек әкеліп, оның үстіне 30% үстеме баға қосып сатпақ болған 29 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Шілде, 2020
Астана мерейтойына күй арнаған мың домбырашы Гиннесс кітабына енді
Былтыр Амангелді ауданында өткен Астана мерейтойы мен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекеде мың домбырашы халық күйі "Келіншек" пен Құрманғазының "Балбырауынын" қосыла орындап, бүкіл Батпаққара даласын күймен тербеткен еді. Өңірге белгілі өнерпаз Олжас Қылдыбаев дирижерлік еткен күйшілер мыңдығының құрамында 5-сынып оқушысынан бастап 90 жасты алқымдап қалған қарияларға дейін болған, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Қостанай облысында орман өрті сөндіріліп жатыр
Қарабалық ауданында Талды ауылының маңындағы орманды алқап өртенді. Қызыл жалын 13,3 га құрғақ шөп пен 3,6 га орман ағашын шарпыған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды
Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Юрий Севостьянов аймақта шектеу шараларын ұзарту жөніндегі қаулыға қол қойды. Қаулы бойынша бұған дейін қабылданған шектеу шаралары ұзартылады және 1 шілдеден бастап күшіне енетін мынадай қосымша талаптар енгізілді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 30 Маусым, 2020
Қостанай облысының 5684 тұрғынына қаржылай қолдау көрсетіледі
30 маусымнан бастап Қостанай облысының 11 ауданында тұратын мұқтаж жандар үшін 4-транш бойынша төлемдер басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры бұған дейін Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаков қалалары мен Жітіқара, Қостанай, Меңдіқара Федоров және Алтынсарин аудандарында тұратын 22 мыңға жуық мұқтаж жанға 50 мың теңгеден 3 рет демеуқаржы аударған болатын, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Ресей азаматына айыппұл салынды
Қостанай облысы аумағында діни мазмұндағы материал таратқан Ресей азаматына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 24 Маусым, 2020
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Қашардағы кен өндірісі екі есе ұлғаяды
Кеніштегі кен аршу жұмыстарына бұған дейін темір жол транспорты пайдаланылып келген. Сарыбай-Соколов тау-кен бірлестігі таяуда өндірісті оңтайландыру мақсатында бұл көлік түрінен бас тартып, кеніш өзегін бойлай тартылған темір жолдардың бірін қалдырмай алып тастады. Жыныс тасымалдау технологиясын өзгерту кеніш жұмысының өнімділігін ұлғайтып, кен өндіру көлемін екі есеге дейін арттырады. Қашар кешеніндегі тиімді жобаны бірлестік басшылығына "Deswik" компаниясының канадалық кеңсесі ұсыныпты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 18 Маусым, 2020
Қостанай облысында карантин режімі қайта күшейді
Бүгін коронавирус індетіне қарсы өңірлік жедел штаб отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов соңғы күндері аймақтағы эпидемиологиялық аһуалдың асқынып бара жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Қостанай облысында 26 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк пен аймақ экологтарының және "Qostanai - adaldyq alany" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн-жиында айтылды. Эколог-мамандар облыс аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерде 313 қоқыс үйіндісін тапқан. Бұл орындар "Ғарыш Сапары" ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы анықталып отыр. Бүгінге дейін оның 155-і жойылыпты. Қалған 158 қоқыс полигонын жою жергілікті атқарушы органдарға міндеттелген.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 500-ге жуық жасқа мүмкіндік береді
Биыл Қостанай облысында ауылға жұмысқа орналасқан жас мамандарға 277,8 мың теңге бір реттік жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жастардың үй салып алуына немесе сатып алуына қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатта әрбір жас маманға жылдық сыйақысы 0,01% болатын 4 млн 167 мың теңге көлемінде қаржы беру көзделіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімі өткізген селекторлық отырыста жан-жақты талқыланды.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Қостанай облысында зейнеткерлерді алдап ақша тауып келген алаяқтар ұсталды
Рудный қаласында ақпан айынан бері 10 шақты зейнеткерді алдап, заңсыз пайда тауып келген 4 алаяқ ұсталды. Қарағанды қаласынан келген 1 әйел және 3 ер адамнан тұратын қылмыстық топ қаладағы қарт кісілердің 5 млн теңгеден астам ақшасын қолды еткен, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Маусым, 2020
Қостанай облысында 70 елді мекенге ауызсу көлікпен тасымалданады
Биыл аймақта 29 ауылды сапалы ауызсумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 қалада ескірген су және кәріз құбырлары жөндеуден өтеді. Бұл туралы "Қостанай су" МКМ-не барған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Білім басқармасына қарасты мекеме басшысы пара бергені үшін тергеуге алынды
Қостанай облысының білім басқармасына қарасты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мекемесінің басшысы пара берді деген күдікке ілікті, - деп хабарлайды Egemen.kz.