Облыс
Аймақтар • 09 Наурыз, 2021
Қостанай облысында мыңнан астам кәсіпкерге жеңілдік жасалды
Қостанай облысында мыңнан астам кәсіпкер өздері жалдап отырған ғимарат үшін ақы төлеуден босатылды. Осылайша, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ғимараттарын жалға алған бизнес нысандарынан түсетін шамамен 239,6 млн теңге көлеміндегі қаржы енді кәсіпкерлердің өз қалтасында қалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 09 Наурыз, 2021
Қарағанды облысында басқарма басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Абзал Жайлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Наурыз, 2021
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2021
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Наурыз, 2021
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстанның 4 облысында қандастарды бейімдеу орталықтарын ашу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова брифинг өткізіп, өңірдегі жұмыспен қамту жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 373 кәсіпорын жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 8 процент өсіммен барлығы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілді. Мұнда дәнді дақылды, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, ет пен сүтті өндіру және терең өңдеу бойынша ірі экожүйелер қалыптасуда. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі А. Ғ. Баталов Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
«Нұрсұлтан Назарбаев Қорының» директоры Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Тараз қаласында болды. Дариға Нұрсұлтанқызы мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының және Тараз қаласындағы №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектептеріндегі инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тасжолы жабылған. Дегенмен жолға шыққан Шымкент – Степной бағытындағы автобус және басқа да автокөліктер қар құрсауында қалған.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жастарға 3 млн теңге баспана сертификаты беріледі
Биыл Қостанай облысында жас отбасыларға қайтарымсыз баспана сертификаттары беріле бастайды. Бір сертификаттың құны - 3 млн теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты ескертуді елеген жөн
Ақпанның соңы бет қаратпас аязға ұласты. Аракідік атан түйені алып жығатын үскірік боран да соғып, жолдар жабылуда. Әйтсе де жолаушылар төніп тұрған қауіпті елемей, бастарын қатерге тігіп, жолға шығуларын азайтар емес.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2021
Еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Жамбыл облысында 25 мың гектар егістік жер игерусіз қалған
Өткен жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылған. Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосыновтың айтуынша, өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг, яғни әуе арқылы бақылау жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Алматы облысында адасып кеткен 3 бала тау шатқалынан табылды
Алматы облысында ойнап жүріп, адасып кеткен балалар тау шатқалынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Жұқпалы індеттің жаппай таралуы тоқтады ма?
Жұқпалы індеттің жаппай таралуы бәсеңдегенмен, босаңсуға әлі ерте. Өйткені, қауіпті вирустан зардап шеккен науқастардың жағдайы өңірлердегі алдын алу мен сақтық шарасына немқұрайлы қарауға болмайтынын көрсеткендей, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Мемлекеттік қызмет көрсетушілер қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқан
Бүгінгі таңда тиісті коммерциялық нысандардың құрылысы саласында бизнес белсенді дамып келеді. Осы салада мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті семинар өткізді, оған Ақмола облысы әкімдігінің, құрылыс саласындағы уәкілетті органның өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Аққулы мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» ашылды
Павлодар облысы, Аққулы аудандық «Ғабдул Уақит хазірет» мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2021
Қостанай облысына темір жол қатынасы жиілейді
Қостанайда короновирус індетінің таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында мониторингтік топтардың жұмысы мен вакцинация мәселесі талқыланды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 19 Ақпан, 2021
Атырау облысында жаңа Экологиялық кодекстің нормалары түсіндірілді
Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Сапар аясында жаңа Экологиялық кодекстің нормаларын түсіндіру бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен бір жылда 240 ауылға барған
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бір жыл ішінде жүзден астам жұмыс сапарына шығып, жалпы 240 елді мекенді аралаған. Соның ішінде 657 нысанның қызметімен танысқан, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Nur Otan Түркістан облысын дамытудың Жол картасын бекітті
Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжілісті облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп жүргізіп отырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
Ресей азаматы шекарада гашишпен ұсталды
Түркістан облысының тәртіп сақшылары шекарада Ресей азаматын гашишпен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Қатты жел Мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті
Ақмола облысында қатты жел Жақсы аудандық мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Қостанай облысының әкімі халыққа есеп берді
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақ тұрғындарына өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөнінде есеп беріп, алда атқарылуы тиіс міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Қызылорда облысында ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты өсті
Өткен жылдан бері Қызылорда облысынан Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілді. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жөнелту көлемі 9 пайызға өскен. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есебінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Қызылордадағы модульді аурухана сәуір айында пайдалануға беріледі
Аймақта 200 орындық модульді жұқпалы аурухананың құрылысы өткен жылы аяқталды. Құрал-жабдықтары орнатылып, сәуір айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін халық алдындағы есебінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласына қатысты талап қойды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы бірқатар құрылыс нысанын аралады. Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан тұрғын үйлерде болып, Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің сыртқы келбетін ретке келтіру жұмысын пысықтады.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Павладар облысы ғана «қызыл» аймақта қалған
Денсаулық сақтау министрлігі 17 ақпандағы эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Түркістан облысында үш бірдей баланы қағып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Түркістан облысында үш бірдей баланы қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.