Орда
Елорда • 05 Наурыз, 2021
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен елордалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе кәсіпкерлік субъектілерін аралап, «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалануды түсіндіру бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 05 Наурыз, 2021
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Нұр-Сұлтанда бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық білім басқармасына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Наурыз, 2021
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Елорданың жалпы білім беретін мектептерінің бәрінде оқушылар арасында эстетикалық тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 8 наурыз қарсаңында «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 04 Наурыз, 2021
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
2018 жылдан бастап елордада туберкулездің дәріге төзімді түрлерімен ауыратын науқастарды жаңа препараттармен емдеу схемалары басталды. Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепкенің айтуынша, бұл туберкулездің дәріге төзімді, бұрын емделмейтін түрлерін емдеудің тиімділігін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Наурыз, 2021
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Қызылордаға коронавирус инфекциясына қарсы егілетін 6200 дана «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і - бірінші компонентте, 2600-і - екінші компонентте егіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 03 Наурыз, 2021
Елордада COVID-19 инфекциясы қаңтар айымен салыстырғанда шамамен 34%-ға төмендеді
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Наурыз, 2021
Елорда әкімдігіне наразылық білдірген аналардың талабы қандай?
Наразылық білдірген аналар тобы елорда әкімдігіне жиналып, бірқатар талабын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Елордада «Алғыс айту» күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында «Magnum Cash&Cary» сауда орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, сол сияқты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері республика астанасында тұратын табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттарын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында пандемияның қиын кезеңдерін бірлесе еңсерген жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Осы жылдың 1 наурызынан бастап елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы жаңа қаулысы күшіне енеді. Оған сәйкес СОО-ларға, іскерлік үйлері мен бизнес орталықтарына демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тәуелсіздік • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен жаңа жоба бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақы төлеу жүйесінің кейбір сервистері уақытша қолжетімсіз болады
CTS 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында елорданың орталық жолақысын төлеу жүйесін жақсарту бойынша профилактикалық және техникалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
«Қазақстан Республикасының жастарды қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру аясында «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының ұйымдары серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Экология • 26 Ақпан, 2021
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов жұмыс сапарымен өңірдің биылғы жылғы вегетациялық кезеңге дайындығын білу, «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы филиалының бүгінгі күні атқарып жатқан жұмыстарымен танысу, сондай-ақ облыстағы басқа да мәселелерді зерделеу мақсатында Қызылорда облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ел астанасында көру қабілеті нашар бүлдіршіндерге арналған балабақша, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар оңалту орталықтары ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Ақпан, 2021
«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы наурыз айында басталады
«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Елорданың әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жақында аяқталады
Елордада 2004 жылы туылған бозбалаларды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталуға жақын. Осы жылдың қаңтарынан бастап «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдерімен құралған тіркеу комиссиялары өз жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 24 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында гимнастика орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында топ-деңгейдегі гимнастика орталығы ашылады. Бұл туралы «Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов айтты деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 24 Ақпан, 2021
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Ақпан, 2021
Жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында соңғы 6 жылда өрт және оның зардаптары бойынша көрсеткіштерді ескере отырып, елордада өрт санының 4%-ға, адамдардың қаза болуы 18,5%-ға, жарақаттануы 24%-ға төмендеуіне қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Тұрғындар Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бойынша ұсыныстар айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Birge» сайтына 10 күн ішінде қандай ұсыныстар түскенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Ақпан, 2021
Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада басталды
Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының 94 білім беру мекемесінен 1300-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігігің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмысына 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды. Қалада қар күреу жұмысы кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 24 Ақпан, 2021
Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатында екі алтын медаль алды
Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатын олжалы бастады. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының екі спортшысы 1 орын игерлері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
iQala орталығында 90 мыңнан астам қызмет көрсетілді
iQala орталығында жеке және заңды тұлғалар үшін 152 қызмет түрі қолжетімді. Бүгінге дейін орталық 90 000-нан астам қызмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 23 Ақпан, 2021
Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын және ойын кешені ашылады
Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы Egemen.kz Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 22 Ақпан, 2021
Елордада карантин талаптарын бұзып келген 20-дан астам мекеменің қызметі тоқтатылды
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бөлімінің басшысы Азамат Садықов онлайн брифингте карантиндік шаралардың сақталуын анықтау мақсатында 540 рейд жүргізілгенін мәлім етті. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда • 22 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді. Арық-науа желілерін, нөсер кәрізі жүйесін тазарту, сол сияқты нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қорғау бөгетін реконструкциялау секілді іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 22 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz