молда
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия — қаһармандық дастаны» атты тақырыптық экскурсия мен деректі фильмдер көрсетілімі өтті.
Өшпес даңқ • 08 Сәуір, 2025
Әлия Молдағұлова туралы мюзикл көрерменге жол тартады
Мерген қыздың 100 жылдығына орай, оның өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өріледі. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 20 Наурыз, 2025
«Жырым мені ешқашан өлтірмейді...»
Биыл – Алаштың аяулы да, арда ақыны Тұманбай Молдағалиевтің мерей жылы. Махаббат жыршысы, табиғат сәулеткерінің тоғызыншы асқарын ұлан-байтақ жазиралы Отаны, сүйікті ел-жұрты дүбірлетіп өткізуде. Қуантып, сүйіншілеп келген көгілдір көктемнің лағыл лебі туған даласының аспанын шарлап кеткендей. Алыс қиырлардан қиқулап асығып жеткен қанаттылар да небір сиқырлы сазды әуездерін құйқылжытатын секілді. Иә-иә... Дәл сол Тұмағаң сөзін жазған «Құстар әні»... Іле-шала жүректерде жатталған әсем әуездер біріне-бірі үздіксіз ұласқан... Құлақ түбінде әлдеқайдан талып естілген сағынышты сарын құмығып жаңғырады. «Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім, мені алысқа жетелерсің-жетелерсің...».
Поэзия • 14 Наурыз, 2025
Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған кеш өтті
Ұлттық кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 13 Наурыз, 2025
Тұла бойы тұнық жырдан жаралған
«Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім мені алысқа жетелейді», – деп жазып еді-ау Тұмағаң.
Оқиға • 14 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы күнге орай мерейтойлық логотип бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың музейі қайта жасақталды
Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе қаласындағы мемориалдық музейіне күрделі жөндеу жүргізіліп, экспозициялары сандық жүйеде қайта жасақталды. Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 07 Ақпан, 2025
Өлеңмен өрілген өмірбаян (Ақынның «Анкетама қосымша» жыр-баяны хақында)
Жұбан Молдағалиев – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы, өмір жолы туралы аңызға бергісіз әңгіме, естелік айтылып та, жазылып та келеді. Қазақ аман болса, әлі айтыла да, жазыла да бермек.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025
Бүгін Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Аталған қалада бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Шілде, 2024
Алматыда монументалды-сәндік мұра табылды
Алматыда ұлттық киімдегі қыздар бейнеленген мозаика табылды. 70-ші жылдарда атақты суретшілер Молдахмет Кенбаев пен Николай Цивчинскийдің қолынан шықққан мозаика Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ұлпан» асханасының екі қабырғасында бейнеленген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2023
Ерлан Қошанов Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2023
Ақпарат министрі Данияр Молдабековтің оқиғасына байланысты пікір білдірді
Бүгін журналист Данияр Молдабеков өзінің әлеуметтік парақшасында белгісіз біреу оны ұрып кеткені туралы жазды. Дархан Қыдырәлі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Қараша, 2022
Әділет вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков ҚР Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Тамыз, 2021
Алматының тау шыңына Димаштың есімін беру ұсынылды
Іле Алатауы тауларындағы атаусыз тау шыңдарын Әлия Молдағұлова мен Қасым Қайсенов секілді Қазақстанның көрнекті тұлғаларының атымен атау ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz TengriMIX-ке сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2021
Ақтаудағы тұрғын үйлерге белгілі тұлғалардың муралдары салынып жатыр
Ақтау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына белгілі тұлғалардың муралдары салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 11 Мамыр, 2021
Былтыр ұлттық бейнелеу өнерін ғажайып туындыларымен байытқан, алғашқы кәсіби қылқалам шеберлерінің бірі, Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың туғанына 95 жыл толды. Өмірде өте қарапайым ғұмыр кешкен талантты тұлғаның мерейтойы елеусіз өтіп кетті. Сонда да өнерде өшпес із қалдыра білген суретшінің есімі ұмытылмайды деп сенеміз.
Таным • 05 Мамыр, 2021
Ұлт тарихында өз орны бар тұлғалардың өмірбаяндық түзілімінде көбіміз байқай бермейтін аңдаусыз, қызық дерек бар. Яғни атам заманда қазақтың қамын жеген ел басы, топ басылардан (Абай) бастап, ақ патшаның тұсында өмір сүрген қазақ ағартушылары, одан қалды кешегі ХХ ғасыр басында «қазақ үшін шам қылған жүрек майын» (Сұлтанмахмұт) Алаш арыстарының өмір-тарихын оқысаңыз, барлығында бірдей «алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан» дейтін елеусіз ғана тіркес тұрады. Осы орайда, күллі қазақтың көзін ашқан, арыстарды оқытқан «Ауыл молдасы кім?» деген сұрақ туады.
Қоғам • 23 Сәуір, 2021
Шындық шенеунікке де керек. Актер Дулыға Ақмолда жағымпаздық, жемқорлық жайлаған жерде жүріп те адамдығын, адалдығын аңсайтындар болатынын айтады.
Өнер • 23 Сәуір, 2021
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Руханият • 22 Сәуір, 2021
Патшалық Ресей дәуірінде қазақ даласын отарлаушылар басты қарсылық мұсылман діні тарапынан туындайтынын жақсы білді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Мәшімбаев ресейліктер тарапынан қазақтарды діни отарлау ісін зерттей келе: «Отарлаушылар ислам діні шын мәнінде ұлттық тұтастықты ұстап тұратын ғаламат күш екенін түсінді. Дінсіздік – сананы мәңгүрттікке әкеліп, жат өркениетке бас игізіп, мәдени-рухани ассимиляцияға ұшыратып, надандыққа қалдырып, халықты ұлтсыздыққа душар ететін өте қауіпті дерт екенін жақсы білді. Міне, осыдан Ресейдің шоқындыру мен орыстандыру саясатын қалыптастырудағы басты мақсаты осындай болды», дейді.
Таным • 14 Сәуір, 2021
Шартты түрде «Медетов пен Қарымсақов тобы» деп аталған қылмыстық істің үстінен кездейсоқ түстік. Батыс Қазақстан өңірінде белгілі әулие, зираты Қазақстанның Жалпыұлттық киелі нысандары қатарына кірген Жұмағазы хазіреттің ұрпақтарын іздеп жүргенде 1937 жылғы саяси қуғын-сүргінде атылып кеткен Бекенияз Жұмағазиевтің аты-жөні назар аудартып еді...
Өнер • 02 Сәуір, 2021
Қостанайда күйші Назымбек Молдахметовты еске алу кеші өтті
Қостанайда облыстық қазақ ұлттық оркестрінің негізін қалаған Еңбек сіңірген қайраткері, шебер күйші, кәсіби дирижер Назымбек Молдахметовті еске алуға арналған «Домбырамның назы» атты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 23 Қазан, 2020
Ұлттық Банк Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған монеталар шығарады
Ұлттық Банк номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан "JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 05 Қазан, 2020
Бүгін - Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл
Бүгін - қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, жазушы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің туған күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ақжайықтан – Алтайға, Мыңшұқырдан – Мұзтауға
Ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы құрметіне Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастыруымен ерекше жорық басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.