Редакция таңдауы
29 маусым күні Мемлекет басшысы Үкіметпен коронавирусқа қарсы шаралар туралы кеңес өткізеді
Ертең 29 маусым күнi Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Маусым, 2020
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ журналистерді мерекелерімен өзгеше құттықтады
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшінші жыл қатарынан журналистерді кәсіби мерекелерімен ерекше түрде құттықтайды. Биыл компания жүз журналистің атынан кішкентай Карим Калиевті емдеуге 1 млн теңге аударды, деп хабарлады қоғамның баспасөз қызметі.
28 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 8 адам көз жұмды
Елордада коронавирус инфекциясынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
27 Маусым, 2020
Дәрі-дәрмек қымбаттаса дәріхана иесі айыппұл төлейді
Түркістан облысында пандемияға байланысты дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы қордан қосымша препараттар келуде. Осыған байланысты, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің саны жеткілікті болуын әрі бағасының шектік сомадан аспауы қадағалауға алынады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Маусым, 2020
Алтай Көлгінов елордалықтарға үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирустық инфекцияға байланысты бас қаланың тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма жүктеді
Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына тапсырма бергенін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
26 Маусым, 2020
Пәкістан ұшқыштарының 30 пайызында жалған лицензия
Пәкістан ұшқыштарының 30 пайызының лицензиясы жалған болып шыққан. Бұл туралы Азаматтық авиация министрі парламент отырысында айтты, - деп жазады Egemen.kz.
26 Маусым, 2020
"Томирис" фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетіледі
"Томирис" фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетілетін болды. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында жариялады.
26 Маусым, 2020
"NUR SUNQAR" байқауының жеңімпаздары анықталды
"Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, "NUR SUNQAR" республикалық конкурсының жеңімпаздарын жариялады. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Маусым, 2020
Украинада 262 елді мекенді су басты
Украинада 262-ден аса елді мекенді су басты. Апат салдарынан 154 шақырым жол мен 172 көпір бұзылды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
26 Маусым, 2020
Қазақстан шекарасынан кімдер кедергісіз өте алады?
ҰҚК шекара қызметі шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғани Ағаділов мемлекеттік шекарадан кімдер кедергісіз өте алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.
26 Маусым, 2020
Динара Садуақасова тегін онлайн шахмат академиясын ашты
Шахматтан бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған гроссмейстер Динара Сәдуақасова онлайн шахмат академиясын ашты. Ителлектуал ойынды үйренгісі келген кез келген адам курстан өте алады, - деп жазады Egemen.kz
26 Маусым, 2020
Аида Балаева БАҚ өкілдеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін табыстады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ өкілдеріне "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін табыстады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Маусым, 2020
Заманында атақты скульптор Микеланджело Буонарроти мен Леонардо да Винчи «Санта Мария дель Фьоре» соборының алдында жатқан үлкен мәрмәр тасқа таласып қалыпты. Жас Микель егде тартып қалған Леоның қарттығын сынап: «Бұл тасты қайтпексіз? Суретшіге ақыл, мүсіншіге бұлшық ет керек деген өзіңіз емес пе едіңіз?» депті. Сонда әлі бойынан күш-қайраты қайтпағандығын дәлелдеу үшін Леонардо қасында тұрған шәкірті Салаидің қолындағы жуан темір арматураны жұлып алып, оны жалаң қолымен майыстырып, доға болып қалған темірді «мықты болсаң қайта түзет» деген ишарамен Микеланджелоның алдына лақтыра салыпты. Сөйтсе, өр көкірек Микеланджело да сөзден жеңілмей: «Сіздің қателіктеріңізді менің түзетіп жүруге уақытым жоқ» деп кетіп қалса керек. Онысы Леонардоның Миландағы «Аттылы Сфорцаны» аяқтамай кетіп қалғандығын айтып тұрған сияқты. Мәселе онда емес, мәселе, сол екі алыпты айқастырған қымбат мәрмәр кейін Микиланджелоға тиесілі шығып, болашақ «Давид мүсіні» болып тарихта қалады.
26 Маусым, 2020
Қызыл арайлы кештің жалқыны немесе әріптес туралы үзік сыр
Бидай өңді, домалақ жүзді жас жігіт бізді жайдары қабылдады. Жұмсақ қара шашына бриолин майын сүйкей жағып, оң жаққа әсемдеп қайырып тарапты. Баданадай аппақ тістерін көрсетіп, қолын бірінші ұсынды.
26 Маусым, 2020
Қорғаныс каскаларын тарту етті
«Казгипронефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалына мыңнан аса қауіпсіздік каскасын тапсырды.
26 Маусым, 2020
Донор аймақтар көбейсе, ел экономикасы еңселенеді
Елімізде «Донор аймақтар неге азайып кетті?» деген мәселенің қоғамдық пікірден мемлекеттік деңгейге көтеріле бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Былтыр бюджетке түсетін түсімдердің барлық аймақтарда қысқарғаны байқалды.
26 Маусым, 2020
Театр тарихын зерделеуге деген талпыныс һәм махаббат сонау студенттік жылдардан-ақ үнемі шаң басқан архивтерге қарай тартатын да тұратын. Әсіресе сахна әлеміндегі тұңғыштар тағдыры бір сәт те бейжай қалдырып көрген емес. Сондай ізденіс жетегінде жүріп, тарих қатпарының беймәлім беттерін парақтап көргенімізде, сахна өнері саласында біз үшін бейтаныс жаңа есіммен қауыштық. Ол – 1926 жылдың 13 қаңтарындағы өнер өлкесінде болған ұлы жаңалық – Қызылордада ашылған тұңғыш кәсіби қазақ театрының алғашқы актрисаларының бірі – Дәлилә Қарақбайқызы Оңғарбаева. Театр шымылдығын түрген М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлінің алғашқы орындаушысы.
26 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сүбелі сұхбаты қазақ зиялыларын бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз. Президент мырзаның тіл мәселесі төңірегіне тереңірек тоқталғаны бізді ерекше қуантып отыр.
26 Маусым, 2020
Эссеміздің әлқисасын бейнелеп өрнектесек, бүгінгі таңда қазақтың рухани-мәдени әлемі «Егеменмен» бірге тыныстап тұрғандай. Қасиетті шаңырақтың табалдырығында есім-сойынан ат үркетін талай тарландар мен жайсаңдардың өшпес іздері сайрап жатыр. Расында, Отанымыздың бас газетіне кімдер келіп, кімдер кетпеді десейші?! Сол сөз сардарларының қай-қайсысы хақында сыр тиегін ағытсаңыз, небір елең еткізер жағдаяттарға тап боласыз. Сөйтсе-дағы «Egemen Qazaqstannyń» киелі төріне бір емес-ау, екі мәрте көтерілген журналистика жампозы Мыңбай Ілесов төңірегінде шертер лебізіміз алабөтен-ау. Сонымен...
26 Маусым, 2020