Редакция таңдауы
Ипотекалық қарыздарды жеке-жеке қарайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде борышкерлерге қосымша қолдау көрсету шараларын іске асыру үшін қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді.
17 Маусым, 2020
Бүгінге дейін 2 мыңнан астам армениялық көлік тіркелді
Ішкі істер министрлігі осы жылдың 1 маусымынан бастап біздің азаматтарымыздың Армения Республикасынан әкелген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Амантайұлы айтты, - деп жазады Egemen.kz
16 Маусым, 2020
Қазақстандықтар 3,9 млрд теңге салған қаржы пирамидасы әшкере болды
Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келген еліміздің 14 аймағы мен 17 қаласында 22 өкілдігі бар қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті, - деп жазады Egemen.kz
16 Маусым, 2020
Бейжіңдегі вирус Уханнан шыққан вирустан қауіпті
Екі айға жуық коронавируске шалдығу оқиғасы тіркелмей, қалыпты өмір кешкен Қытайда індеттің қайта соғуымен Бейжің қаласында әскери тәртіп енгізілді.
16 Маусым, 2020
Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары көпшілігіміз ерекше сезім жағдайында болғанымыз бүгінгі күндері естелік ретінде айтылады. Айтылуы да керек. Ұрпақ үшін. Болашақта тәуелсіздік туы төмендемес үшін. Тәуелсіздік – халқымыздың тарихы, өсу жолы, мәңгі болашағымыз.
16 Маусым, 2020
Франция аэроғарыш секторына басымдық бермек
Өткен аптада Франция құны 15 млрд еуро тұратын аэроғарыш секторын қолдау жоспарын таныстырды. Ел билігі қоршаған ортаға зиянсыз ұшақтар өндірісін қолға алу арқылы коронавирус кесірінен жұмысынан айырылған 100 мың адамға көмектесуді көздейді.
16 Маусым, 2020
Ғасырлық мұралар – онлайн форматта
Биыл Халықаралық архив мамандарының күні бір аптаға созылды. Апталыққа елордалық мемлекеттік архив те атсалысып, бірқатар маңызды шараға мұрындық болғанын айта кетейік.
16 Маусым, 2020
Індетке қарсы отандық ғылыми жобаларын ұсынды
Бүгінгі таңда бүкіл әлем ғалымдардың аузына, нақтырақ айтсақ қолына қарап отыр. Әр ел әлемді дүрліктірген пандемияда өздерінің ғалымдарынан үміт күтетіні белгілі. Осы орайда біздің қоғамда да «Отандық ғалымдар коронавирусты ауыздықтауға қандай қадам жасап жатыр?» деген сұрақ туатыны анық. Біз бұл сұраққа ғалымдардың тың жобаларын көрсеткен ғылыми байқауда жауап таптық.
16 Маусым, 2020
Өнердің тәттісін таңдайында тамылжытып, ащысын маңдайында моншақтатқан өнерпаз тұлғалар аз емес. Қазақтың ән рухын жаңа белеске көтеріп, кешегінің қамбасында қалған қазынаны келешектің кәдесіне жаратқан жүйріктің бірі – жезтаңдай Жүсіпбек еді. Елебековтер еңсеріп өткен жол – қазақтың адаспас ескі сүрлеуі сияқты бағыты айқын, келешегі кемел, мұраты биік соқпақ. Әдебиетте Абайдың жолы десек, әнде Жүсекеңдер салған дара даңғыл әлі күнге дейін қазақ әнін қызғыш құстай қорғап, қанатының астында қамқорлығын аямай келеді.
16 Маусым, 2020
Алакөлде туристік маусым ашылды
Айдынды Алакөлдің Шығыс Қазақстан аумағындағы бөлігінде 13 маусымда туристік маусым ашылып, демалыс үйлері біртіндеп жұмыс істей бастады. Иә, біртіндеп деп бекерге айтып отырғанымыз жоқ. Әлемде және елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты биыл Алакөлде демалушыларға да, демалыс орындарының иелеріне де талап күшейіп, қауіпсіздікке баса мән беріліп отыр. Өйткені жағалаудағы демалыс орындары мен шомылатын аймақтар бір-біріне жақын орналасқандықтан вирус жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан да облыс басшылығы Алакөлге асыққан туристерден бірінші кезекте коронавирусқа тест тапсырып, соның нәтижесімен келуді өтініп отыр. Осы жерде ескерте кетер бір дүние, тесті бір отбасыдан бір адам ғана тапсырады. Егер демалушылар тест тапсырып үлгермеген жағдайда Алакөлдің басында тест тапсыруға жағдай жасалған. Екі мобильдік пункт дайын тұр. Бұдан бөлек көлдің іргесіндегі Қабанбай ауылында туристер ауырып қалған жағдайда медициналық көмек көрсететін 12 орындық провизор ашылған. «Демалушылардың денсаулығы үшін біз күні-түні жұмыс істейміз. Егер туристердің бірінің дене қызуы көтеріліп, өзін қолайсыз сезінсе, алдымен экспресс тестілеуден өтеді. Аурудың белгісі болған жағдайда ПТР тапсырады. Провизорда 2 тыныс алу аппараты бар» дейді Қабанбай ауылдық ауруханасының аға дәрігері Гүлмира Жақиянова.
16 Маусым, 2020
Қарсыластар келісімге қашан келеді?
Ливияның Ұлттық келісім үкіметі маршал Халиф Хафтардың басқаруындағы Ливия ұлттық әскеріне бірнеше рет әуеден соққы беріп, елдің бас қаласын өз бақылауына қайтарып алды.
16 Маусым, 2020
Арктика мен Антарктикаға қызығушылар көп
Дональд Трамп осы онжылдықтың соңына дейін Арктика мен Антарктика аймақтарында АҚШ-тың белсенділігін арттыру үшін жаңа мұзжарғыш кемелер мен арнайы базаларды жасақтау туралы тапсырма берді. Мұз ери бастағаннан бері бұл жақтың табиғи ресурсына көз тіккен Ресей мен Қытайға енді АҚШ бәсекелес болмақ.
16 Маусым, 2020
Агроөнеркәсіп кешені қанша адамды асырайды?
Дүние жүзін шарпыған пандемия әлем экономикасына салмақ түсіргені анық. Әсіресе өнеркәсіп саласы дағдарыс жағдайына дейін жеткені жасырын емес. Ал ішкі нарығы сыртқы өндіріске тәуелді ел үшін тіптен тәуекел сәті туды. Яғни жұқпалы індет жағдайында дамудың жаңаша жолын қарастыру қажеттілігі күн тәртібіне шықты.
16 Маусым, 2020
Экотуризмді дамытуға ерекше назар аударылуда
Түркістан облысында туризмді дамыту мақсатында 9 мың гектарға орман алқабын егу жоспарлануда. Бүгінге дейін оның 3 мың гектардан астамына көшеттер отырғызылған. Сондай-ақ аймақтағы тұқымбақта 7 миллионнан аса түрлі ағаш көшеттері күтіп-бапталуда.
16 Маусым, 2020
Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
2020 жылдың 5 айында Жамбыл облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті. Өңірде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», ИИДМБ, «Қарапайым заттар экономикасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және басқа да даму бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2020
"Nur Suńqar" журналистер байқауына өтінімдер қабылдау басталды
"Nur Otan" партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін "Nur Suńqar" республикалық байқауының басталғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz.
15 Маусым, 2020
Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2020
Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді
Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтіліп, мекемелердің жұмыс істеу кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Egemen.kz
15 Маусым, 2020
Шетелден келген азаматтар қалай тексеріледі?
Қазақстанға шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың бүгін жарияланған қаулысында айтылған, - деп жазады Egemen.kz
15 Маусым, 2020
Қорғаныс министрі өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті
Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
15 Маусым, 2020