Редакция таңдауы
Қазақтың халық әндерінің ішінде нағыз інжу-маржан дерлік бір ғажайып ән – «Үкілім-ай!» Бұл осы күнгі болып жататын жеңіл-желпі ду-ду отырыстарда, тіпті, тойлардың өзінде дызылдап, безек қағып айтылатын «Үкілім-ай» емес, оның әуезі арманды, аңсаулы жүректің ғұмыр бойы өшпейтін уһілін тереңнен қозғайтын, тұңғиық сыры бес батпан... күрсіндіріп отырып кешегі бір ессіз, мұңсыз күндердің бар қызығын жайнатып тұрып алға тартатын ән.
26 Ақпан, 2020
Украинаның оңтүстік-шығысындағы Донбасс аймағында жағдай күрделене түсті. Өткен аптаның басында осы өңірдегі өткізу бекетінде қарулы қақтығыс болып, украиналық бір жауынгер қаза тапты. Украина да, Ресей де атысқа бірін-бірі кінәлап отыр.
26 Ақпан, 2020
Меже – 5 миллиард (Өзбекстан мен Түркия тауар айналымын ұлғайтуға ниетті)
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв жақында Түркияға ресми сапармен барған болатын. Түркияға зайыбымен бірге барған Өзбекстан басшысын Анкарада президент Режеп Тайип Ердоған мен Анкара басшылығы, ресми өкілдер қарсы алды.
26 Ақпан, 2020
Еуропалық одақ: Басты мәселе – бюджетті бекіту
Брюссельде Еуропалық одақтың алдағы бюджетін бекіту мәселесі қызу талқыланып жатыр. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, биылғы пікірталас «қарт құрлық» үшін ерекше болмақ. «Брекситтің» ресми аяқталуы ЕО-ға да оңайға соқпайтын түрі бар.
26 Ақпан, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мен оны жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев, өзен бассейндеріндегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы тиісті министрліктердің басшылары мен облыс және қала әкімдері баяндады.
26 Ақпан, 2020
Асқар Мамин Өзбекстан Президентімен келіссөз жүргізді
Бүгін Ташкент қаласында Премьер-Министр Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Президент Денсаулық сақтау министрін қабылдады
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Мысырдың экс-президенті Хосни Мубарак көз жұмды
Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарак 91 жасында дүниеден өтті.
25 Ақпан, 2020
Нұрлан Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Фульвио Мартушелло бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Бас прокуратура алаяқтарға сенбеуге шақырды
Бас прокуратура азаматтарға кіріс көзі дәлелденбеген қомақты қаражатқа қол жеткізу туралы уәде ететін күмәнді ұйымдарға өз қаражаттарын сеніп тапсырмауға шақырды.
25 Ақпан, 2020
Кувейтте коронавирус жұқтырғандар саны 8-ге жетті
Кеше Кувейт елде коронавирус жұқтырған адамдардың анықталғанын мәлімдесе, бүгін індетке шалдыққандар саны 8-ге жеткенін хабарлады.
25 Ақпан, 2020
Денсаулық сақтау министрлігі Токиодан ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады
Денсаулық сақтау министрлігі 24 ақпан күні Scat әуе компаниясының ұшағымен Токиодан ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады. Бұл туралы министрліктің Facebook парақшасында жарияланды.
25 Ақпан, 2020
Су қоймаларын алдын ала босату шараларын қабылдау керек - Асқар Мамин
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне республикалық маңызы бар автотрассалар мен темір жолдардағы су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы бақылау жасауды ұйымдастыруды және су өткізу құбырлары арқылы тасқын суларды өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
25 Ақпан, 2020
Ерлан Тұрғымбаев су тасқынына дайындық барысын айтты
Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар жайын баяндады.
25 Ақпан, 2020
Әр істің өз тәртібі мен межесі болғаны дұрыс
Әлемдік тәжірибе қантөгіс пен революция ешбір мемлекетке береке әкелмейтінін әлдеқашан дәлелдеді. Барлық жағдайды бейбіт жолмен, мәмілемен шешу ең дұрыс жол. Дегенмен митингілер мен бейбіт шерулер өткізу ісі әлем елдерінде заңмен бекітілгені қалыпты жағдай. Бұған қатысты заңымыздың жүйеленіп, бір ізге түскені дұрыс болады деп есептеймін.
25 Ақпан, 2020
Еліміздің Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қ.Мәми Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық Кеңесінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Конституциялық сот төрелігі және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбындағы халықаралық конференцияға және басқа да іс-шараларға қатысты.
25 Ақпан, 2020
Биыл «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс қабылданбақ. Бүгінге дейін жаңа құжатқа қатысты депутаттардан 800-ге тарта ұсыныс түсті, 24 мәрте отырыс өтті. Қазір бұл ұсыныстардың 600-ге жуығы қабылданып, 200-і пысықталуда.
25 Ақпан, 2020
Қазақ әдебиеті сөренің бір бұрышында тұр
Бүгінде нені, кімді іздесек те әлеуметтік желіден табамыз. Алайда, сол интернет қолданушыларының арасында кітап оқитындар бар ма? Бар болса, қандай кітап оқиды? Көркем әдебиетке құмар оқырмандар көп пе? Қай елдің әдебиеті көбірек сұранысқа ие? Осыны білу үшін әлеуметтік желіде сауалдама жүргіздім. Иә, олар оқиды екен. 61 пайызы шетел әдебиетін, 39 пайызы өзіміздің төл әдебиетімізді. Көпшілігі психологиялық кітаптарға құмар екен. Детектив жанрын іздеп жүріп оқитындар да бар. Фантастикалық әңгімелерге құмарлары бірен-саран.
25 Ақпан, 2020
«Қаржы пирамидалары» қайтып келді ме?
«Гарант 24», «Estate Ломбард», «Home Avto Invest»... Соңғы бірнеше күннің бедерінде осы үш мекеменің төңірегіндегі дау өршіп тұр. Еліміздің әр қаласындағы клиенттері өткен аптадан бері аталған ломбардтардың кеңселерін басып алып, салған қаржысын қайтаруды талап етіп жатыр.
25 Ақпан, 2020
Экологиялық қауіпсіздікке арналған жаңа технологиялар
Техникалық тұрғыдан әлемдегі ең күрделі кен орындарының бірі саналатын Қарашығанақта көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеудің озық, жиі жағдайда инновациялық технологиялары қолданылады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында да жаңа заманауи құралдар енгізілген.
25 Ақпан, 2020