Редакция таңдауы
Президент: Еліміздің халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының жаһандық экономикаға әкелген теріс ықпалы жайында пікір білдірді.
16 Наурыз, 2020
Азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын – Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты.
16 Наурыз, 2020
Коронавирус: Алматыдағы бүгінгі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қандай?
Алматы әкімдігі бүгін, 16 наурыздағы сағат 12.00 кезіндегі қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты төмендегідей мәлімдеме жасады.
16 Наурыз, 2020
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке сақтық шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Әлемді жайлаған індеттің алдын алу үшін ел астанасы да күшейтілген сақтыққа кірісті.
16 Наурыз, 2020
COVID-19: Инфекцияға қарсы препарат жасауға мүмкіндік бар ма?
Соңғы үш айда бүкіл әлем Қытайдан шыққан COVID-19 деп аталатын коронавирустың жаңа түрінен туындаған адамзат үшін қауіпті инфекцияның пайда болуы және тез таралуы туралы жаңалықты кірпік қақпай бақылауда. Ал күн сайынғы келіп жатқан ақпараттар легі майдан даласынан жеткен хабарларды еске түсіреді: COVID-19 жұқтырған және қайтыс болған адамдардың саны ұдайы өсуде, вирустың таралу географиясы қазірдің өзінде 120-дан аса елді қамтып отыр, 2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтерінде ауру жұқтырғандар саны 130 мыңнан асып, қайтыс болғандар саны 5 мыңның төңірегінде, алайда бұнымен тоқтамай бұл көрсеткіштер күн санап өсуде.
16 Наурыз, 2020
Мәслихаттар түйінді мәселені шеше ала ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды тұғырнамасында қабылданған шешімдердің іске асырылуын бақылау тетігі саналатын жергілікті өзін өзі басқару органдарын одан әрі дамытуды қолдау қажеттігіне баса назар аударған болатын. Сондай-ақ Президент халыққа арнаған Жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқтала келіп, жергілікті атқарушы билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы керек екенін, бірақ «бұл аксиома әлі де бүгінгі күннің шындығына айналмай отырғанын» атап көрсеткені белгілі.
16 Наурыз, 2020
Еуроодақ жеңілдік жасауға келісті
Таяуда Брюссельде Еуропалық одақ басшылары мен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған кездесіп, Сириядан келген босқындар мәселесін талқылады. Екіжақты келіссөздер нәтижесі бойынша ЕО тарапы Анадолымен арада жасалған 2016 жылғы келісімді қайта қарауға уәде берді.
16 Наурыз, 2020
Аймақтық ынтымақтастық – ортақ табыс кепілі
Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған жаңа сыртқы саяси тұжырымдамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Орталық Азия аймағында көпжақты диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
16 Наурыз, 2020
Елордада кезекті халықаралық мамандандырылған Agritek-Farmtek ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті. Дәстүрлі іс-шара осымен он бесінші рет ұйымдастырылғанын айта кетейік.
16 Наурыз, 2020
Әлемдегі ең әдемі киім Ақшұқырда тігіледі
Әлемдегі ең әдемі киім – жаңа туған нәрестелерге арналған киім. Сапасы мен сәні шетелдік брендтерден қалыс қалмайтын балалар киімі Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында тігілуде.
16 Наурыз, 2020
«Рахат» АҚ Шымкент қаласында мармелад өндірісінің жаңа желісін ашты. Өндіріс орнының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков, басқарманың инвестициялық жобаларды қолдау бөлімінің басшысы Әбунасыр Жанбатыров және фабриканың өкілдері қатысты.
16 Наурыз, 2020
Елімізде коронавирус таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Nur Otan партиясының барлық қоғамдық қабылдауларында тұрғындарды жеке қабылдау уақытша тоқтатыла тұрады.
16 Наурыз, 2020
Азық қоры көп, уайымдаудың жөні жоқ
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирустың таралуына байланысты елдің азық-түлік өндіру және баға нарығында қалыптасқан ахуал туралы арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
16 Наурыз, 2020
Тылсым табиғат құдіретіне табындырғысы келе ме, әлде жаратушыға жалындырғысы келе ме, әйтеуір, дүлей аптап құм жиегінде отырған елді табаға салған бидайдай қуырып күйдіріп барады. Сол жылғы алапат ыстық қара жерді де тілім-тілім етіп жарып жіберген. Жайық жақтан кешкі самал емес, өрт шарпығандай, бір түрлі күйік иісі шығатын тәрізді. Сұрқай тірлікке атойлап қым-қуыт қосылған орыс әлділері жер шұрайынан қазақтарды біртіндеп ығыстырып, әлдінің әлсізді басынуы, ажал құштырып тасынуы белең алған кезі-тін. Әумесер тобыр құдық суына бола, жер жағдайына бола, бас жарып, көз шығару ғана емес, қанды қырғындарды да салып әбден мезі еткен тұс. Әншейін жіпке тізіп, отбасында күңкілмен тынатын алакөздік емес, халықтың ертеңін зар қылатындай қасірет белгі берді. Үрей үдеді, өлім көбейді. Төбе-төбе молалардың қарасы ұлғайды.
16 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай кезінде ел шекарасынан кімдер өте алады?
Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай енгізілген кезде ел шекарасынан кімдердің өтуіне шектеу қойылатындығын түсіндірді.
16 Наурыз, 2020
Вирус жұқтырғандардың бірі Halyk bank қызметкері болып шықты
Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.
15 Наурыз, 2020
Димаш әлемдік турын кейінге қалдырды
Димаш Құдайберген Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттері болмайтынын хабарлады.
15 Наурыз, 2020
Қазақстанда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды (видео)
Жаңа 1 жағдай Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
15 Наурыз, 2020
Вирус жұқтырған әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Алматы қалалық полиция департаменті вирус жұқтырған әйел санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
15 Наурыз, 2020