Редакция таңдауы
Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2019 жыл айтулы оқиғаларға толы болды. Халықтық жыл санау бойынша 12 жылды бір қайырып, доңыз тоғысымен түйінделген бұл жылдың басты жаңалықтары тоғыз санымен тоқайласып отырды. Егемендік алғанда ел басына келіп, мемлекеттің іргесін бекітіп, еңсе тіктеуіне ересен еңбек сіңірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда сағат 19.00-де мәлімдеме жасап, Қазақстан Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Тұңғыш Президент зор сенім артып, ел тізгінін ұстаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы қызметіндегі тоғыз айы – дәстүр сабақтастығынан айнымай, еліміздің жаңа даму бағдарын айқындаған өте жауапты кезең.
31 Желтоқсан, 2019
Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Желтоқсан, 2019
Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу маңызды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің қоғамдық қабылдауының тұсаукесеріне қатысты.
30 Желтоқсан, 2019
Шағын ауылда аяқ киімдер шығарылады
Шағын өнеркәсіп – үлкен мүмкіндіктердің баспалдағы, істің орайын тауып ұйымдастыра алғанның тасын өрге домалатып, несібесін арттырады.
30 Желтоқсан, 2019
«Астананың» қарсыластары анықталды
«Астана» футбол клубының 2020 жылы қаңтар-ақпан айларында Португалияда өтетін «Атлантик Кап» турниріндегі қарсыластары анықталды.
30 Желтоқсан, 2019
Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан (U-20) жастар арасындағы әлем біріншілігінің екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңіліп қалды.
30 Желтоқсан, 2019
Биыл Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақай Нүсіпбекұлының туғанына 110 жыл толды. Осы орайда, ғалымның тарих ғылымына қосқан зор үлесі мен ғылыми мұрасы биыл да кеңінен аталып өткенін ризашылықпен айтқым келеді.
30 Желтоқсан, 2019
Жемқорлыққа қарсы күресте қоғам белсенділігі маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 13 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ерекше кешенді құзыреттерге ие болған, азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау органы болып, тиісті шаралар қабылдауда.
30 Желтоқсан, 2019
Баянауылда болса, бір сәрі. Қазағы аз, өзге ұлт өкілдері басымдау орныққан Успен ауданында «Ән мен жырдан ақ шашу» деп аталатын дәстүрлі әншілер фестивалі өткені бізді еріксіз елең еткізді. Бұл – осы ауданға қоныстанған Қытайдан елге оралған қандас бауырларымыздың бастамасы.
30 Желтоқсан, 2019
Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» жолаушылары үшін ақпарат таратты
«Air Аstanа» 27-29 желтоқсан күндері елордадан Алматыға және кері бағытта 5 қосымша рейс шығарады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасына жазды.
29 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Желтоқсан, 2019
Президент «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Желтоқсан, 2019
Рим Папасы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Желтоқсан, 2019
Ұшақ апатының себебі 10 қаңтарға дейін жария етіледі
2020 жылдың 10 қаңтарына дейін Алматы түбіндегі ұшақ апатының себебі жария етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.
28 Желтоқсан, 2019
Ұшақ апатындағы қара жәшік Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі
Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.
28 Желтоқсан, 2019
Қызылордада қайырымдылық телемарафоны өтті
«Мейірімділік шапағаты» атты қайырымдылық телемарафонына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысып, өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған шаралар жайлы айтып өтті.
28 Желтоқсан, 2019
Тоқтар Әубәкіров ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров Алматы маңына құлаған Bek Air компаниясы ұшағында қаза тапқан Қазақстанның генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасына, ұшақ апатынан көз жұмған басқа да марқұмдардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
28 Желтоқсан, 2019
Қорғаныс министрлігі әуе апатына байланысты көңіл айтты
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019
Мәжіліс депутаттары ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Бүгін Палатаның Бюро отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпус атынан Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 Желтоқсан, 2019