Редакция таңдауы
Азия чемпионатының бесінші жарыс күні еліміздің бес боксшысы өнер көрсетіп, төртеуі жеңіске жетті. Дулат Бекбауов, Абылайхан Жүсіпов, Диас Молжігітов, Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда күш сынасу құқығына ие болды.
07 Желтоқсан, 2024
Атыраудағы «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою бекетінде өлген сиырдан сібір жарасы табылды. Осыған байланысты 20 қарашада аталған нысан аумағында карантин енгізілді. Кейін карантин мерзімі 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Эпизоотиялық шараларды ұйымдастырушы жұмыс тобы құрылды.
07 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады
Кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Желтоқсан, 2024
Азия чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қарсыласын жеңді
Қазақстан боксшысы Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының 1/4 финалында өзбекстандық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2024
Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында 1/4 финалында Сағындық Тоғамбай қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2024
Азия додасы: Тәшкенбай мен Сабырхан жартылай финалға шықты
Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында 1/4 финалдарында екі боксшымыз жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2024
Азия чемпионаты: Тәшкенбай, Бибосынов және Сабырхан шаршы алаңға шығады
6 желтоқсан Таиландтың шаршы алаңына ұлттық құраманың көшбасшылары шығады, деп жазады Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2024
Республикалық бюджетті нақтылау туралы заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда депутаттар «2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады.
06 Желтоқсан, 2024
Бала құқын қорғау – басты мәселе
Елімізде инклюзивті және арнайы білім ұйымдарының саны 21-ге көбейді. Кейінгі 10 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар саны 3 есе азайған. Алайда балаларға қарсы қылмыс саны артып барады. 100 мыңнан аса ата-ана жауапқа тартылды. Бірінші кезекте ана денсаулығын қорғауға бағытталған. 3 жасқа дейінгі балалар оңалту орталығында көмек алуға құқылы. Осы және өзге де өзекті мәселелер жөнінде Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстелде айтылды.
06 Желтоқсан, 2024
Жасөспірімге ішімдік сатқан жазаланады
Ел ертеңі саналатын жастар мен жасөспірімдерге билік тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазіргі кезде еліміздің барлық қиырында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі ондаған білім беру мекемелері бой көтерді. Кәмелет жасына толмағандардың саламатты өмір салтын ұстануына да қолдан келгенше мүмкіндік қарастырылған.
06 Желтоқсан, 2024
Жаны жоқ демесеңіз, өсімдікте құдды сәби сияқты, ерекше күтімді керек етеді. Кейде жоспарды асыра орындау мақсатында жол жиегінің бәріне көшет егіп, оның бой алып кетуіне онша мән бермейміз. Мұны талшыбыққа жасалған қастандық десек те болады.
06 Желтоқсан, 2024
Түгелбай ҚАЗАҚОВ, Қырғыз Республикасының Ел әртісі: Музыкадан құдіретті дүние жоқ
Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда бір ғажап ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жаңбыр төкті», «Элегия», «Жиырмасыншы жаз», «Гүлзарлар» сынды аңызға айналған әндердің авторын да қазақ жұрты жақсы таниды. Жуырда Қырғыз Республикасының Ел әртісі Түгелбай Қазақовтың Бішкекте өткен шығармашылық кешіне барып қайтқан едік. Біртуар композитордың сырлы әндерін тыңдап, өмірі мен өнері туралы сұхбат құрдық.
06 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2024
Қазақтың «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енді
Қазақ халқының «Беташар» салты Парагвай астанасында адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2024
Қазақ тілін мәдени құндылық ретінде қорғауды көздейтін құжат
Кеше Мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі сегіз құжатты қарады. Оның ішінде үш заң жобасын екінші, тағы бір құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ палата отырысында мәдениет пен дипломатияға қатысты заң жобалары қаралып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен арадағы еркін сауда туралы келісім де депутаттар алдынан өткізілді.
05 Желтоқсан, 2024
Ауыл поштасынан айырылмау керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 Жарлығына сәйкес Үкімет әзірлеп, бекіткен Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында тірек ауылдық елді мекендер пошта байланысының қызмет көрсету желісімен қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген. Алайда қазіргі уақытта ауылды жерлерде қалыптасқан нақты жағдай алаңдатарлықтай.
05 Желтоқсан, 2024
Бүгінде ел ішінде қаңғыбас ит-мысықтар мәселесі өршіп барады. Азаматтардың пікір қайшылығы қоғамды екіге бөле бастады. Әрине, бұралқы иттен зардап шегушілердің саны азаймай тұрғандықтан, топтасып көше кезген, аулада емін-еркін ойнақтап жүрген адамның «досына» деген көптің көңілі суып кеткендіктен оларды «тәртіпке салуды» жақтаушылар жағы басым. Ал иттердің құқығын қорғап, шыр-пыр болғандардың да өз айтары бар.
05 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда 4 желтоқсаннан бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған заң күшіне енгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Арыс қаласына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Арыс қаласы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі болып Маңқараев Қайсар Зәкірұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024
Елшілік Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
3 желтоқсанның түнінде Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай жариялағаны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2024