Редакция таңдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында «Негізсіз, жүйесіз саяси либеризациялау елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз. Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз», деді.
01 Қараша, 2019
Ұлылықты ұлықтаған күндер-ай!..
..Хакім Абайдың 150 жылдық торқалы тойы қарсаңында Семейге «Егеменнің» аппаратынан жасы үлкен әріптес ағамыз Мамадияр Жақып жақындап қалған тойдың толғақты мәселелеріне байланысты іссапармен келе қалған. Онда біз аталған басылымның осы өңірдегі меншікті тілшісі едік. Тегінде Мамекең де ертеректе байырғы басылымның Семейдегі тілшісі болып бақандай он шақты жыл қызмет атқарған адам. Сондықтан да ол мұндағы басшы-қосшы, үлкен-кішінің бәрін дерлік жақсы біледі. Ағамыз келген бетте бірінші кезекте ел ақсақалдарына сәлем беретін дағдылы әдетінен бұл жолы да жаңылмаған.
01 Қараша, 2019
2020 жылы әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға, біздің бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толмақшы. Бұл мерейтой өзінің биік деңгейінде аталып өтуі керектігін ойластыра отырып, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев арнайы Жарлық та шығарды. Осы орайда даңқты бабамыз туралы аз-кем ойларымызбен бөліскенді жөн санадық.
01 Қараша, 2019
Сапархан Омаров: Біздің жетістігіміздің кепілі – табысты фермер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына барғанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы республикалық кеңес өткізген болатын. Осы жиында Президент саладағы бірқатар мәселелерді сынға алды, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға оны шешу туралы тапсырма жүктеді. Содан бері екі айға жуық уақыт өтті. Отандық агросекторда қандай өзгеріс бар? Бұл туралы Ауыл шаруашылығының министрі Сапархан ОМАРОВТАН сұрағанды жөн көрдік.
01 Қараша, 2019
Өтініштердің жауабы өтімді болуы керек
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – тұрақты мемлекет» атты семинар-кеңес өтті.
01 Қараша, 2019
Елордада 5 қарашадан бастап жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді беруге өтініш қабылданады
Жалдамалы пәтерге өтінімді 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бере алады. Өтінімдер 5 қарашадан бастап 10 қарашаға дейін қабылданады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
31 Қазан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар поезында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
31 Қазан, 2019
Қазақстанның ішкі нарығына 61 млн тонна көмір жеткізілді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қатан Байытов Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте коммуналдық-тұрмыстық сектордың және тұрғындардың қазір көмірмен қамтамасыз етілуі жағдайын айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
31 Қазан, 2019
Б. Сапарбаев Токиода өтетін Олимпиада‒2020-ға дайындық мәселелерін талқылады
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
31 Қазан, 2019
Асқар Мамин Нидерланды Премьер-Министрімен келіссөздер жүргізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Гаага қаласына ресми сапары аясында Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттемен келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
31 Қазан, 2019
Пробация қайта қылмыс жасаудың алдын алады
Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.
31 Қазан, 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде осы құрылым төрағасы А.Шпекбаевтың басшылығымен Білім және ғылым министрлігін оңтайландыру мәселесі бойынша жұмыс отырысы өтті.
31 Қазан, 2019
Түркия астанасы Ыстанбұл қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары ұйымдарының VIII ассамблеясында Қазақстан ЭКОСАИ президенті болып сайланды.
31 Қазан, 2019
«Бейжің+25» аймақтық шолу кездесуі
Женевада Ұлттар сарайында «Бейжің+25» екі күндік аймақтық шолу кеңесі өтуде. Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азиядан келген 700-ден астам өкіл гендерлік теңдік және әйелдер құқығы мәселелері бойынша осыдан 25 жыл бұрын қабылданған маңызды мәселе – Бейжің декларациясы мен іс-қимыл тұғырнамасының міндеттерін орындауда қол жеткен жетістіктерді шолу үшін жиналды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
31 Қазан, 2019
Полиэтилен пакеттен бас тартуда
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен «Жасыл ел» еңбек жасақтары бас шаһарда экологиялық науқан өткізді. Жастар ECO Pack жобасы аясында халықты полиэтилен пакеттің орнына экологиялық таза дорба қолдануға шақырды.
31 Қазан, 2019
Атыңызға неше нөмір тіркелгенін тексеріңіз
Соңғы кездері азаматтардың өз аттарына белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгені туралы шағымдар жиілеп кетіпті. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко телефон нөмірді ЖСН-ге тіркеу қажеттігін, тіркелмеген жағдайда қандай қатер туындауы мүмкін екенін түсіндірді.
31 Қазан, 2019
Онсыз да экологиялық ахуалы оңып тұрмаған Атырауда тағы бір проблема бар. Кәріз суы «Сасықсай» булану алаңына жеткенше тазартудың толық сатысынан өтпейді. Облыс орталығының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына кері әсерін тигізетін бұл мәселені академик, эколог Мұфтах Диаров баспасөз бетінде жиі көтеріп жүр.
31 Қазан, 2019
Қоян бағып та қоңдануға болады
Жастар жылында ел еңсесін көтеруге айтарлықтай септігі тиіп жатқан демеудің бірі – «Zhas Project» бағдарламасы. Жолсапарға шыққанда осы бағдарлама арқылы алға ұмтылған жастарды көріп, көңіл демдедік. Қолынан келіп жатса, кәсіптің жаманы жоқ. Қоян бағып та қоңдануға болады екен.
31 Қазан, 2019
Әрбір азамат күніне жарты кило қоқыс тастайды
Finprom.kz сарапшыларының деректеріне қарағанда әрбір қазақстандық күніне жарты килоға жуық қоқыс қалдырады екен. Сөйтіп әр отандасымыз бір жылда 167 килодан астам қалдық тастайды. Бұл жағдай отандастарымыз қалдықты көшеге лақтырады дегенді білдірмейді, тек күнделікті тұрмыста қолданатын заттар мен азық-түлік қалдықтарының қоқысқа тасталатын мөлшері осындай.
31 Қазан, 2019