Редакция таңдауы
Жастар жылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Кеше Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Nur Otan Pikir еркін пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Басқосуға «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» тақырыбы арқау болып, еліміздегі жастар саясаты, осы салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау және жас буынның бағыт-бағдары туралы сөз қозғалды.
01 Мамыр, 2019
Қазіргі таңда ата-анасыз 108 жетімекті жылы құшағына басып, жан жылуын сыйлап отырған аталған мекеме өз түлектеріне тәрбие берумен қатар, спорттың көптеген түріне жаттықтырады. Атам қазақ «жетім көрсең жебей жүр» дегеніндей, соның бір дәлелі мына Аня.
01 Мамыр, 2019
Комментатордың алпысыншы көктемі
«Сөйлеп тұрған спорт комментаторы Мейрам Базарұлы»... Балалық шағы ХХ ғасырдың сегізінші он жылдығына тұспа-тұс келген ұрпаққа ақ-қара түсті теледидардан көріп, естіп өскен қияқ мұртты, қоңыр үнді осы жігіт «кумир» болғаны анық...
01 Мамыр, 2019
Тұрғын үй мұқтаждығын өтейтін заң қабылданды
Кеше Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Парламент депутаттары әзірлеген тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша заң қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының съезінде және Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде көп балалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.
01 Мамыр, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Қазақстан халқы Ассамблеясы барша жұртты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.
01 Мамыр, 2019
Өткен дүйсенбіде, яғни 29 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Алқалы жиында ел бірлігінің маңыздылығы, бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз қоғамдық келісімнің, татулықтың, этносаралық ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.
01 Мамыр, 2019
Кеше еліміздің Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Хорватия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және халықаралық мәселелерді талқылады.
01 Мамыр, 2019
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітіріп, әдебиеттану ғылымының асқан білімпазына айналған ғалым қайраткерлер бар, ақындық өнердің өріне шыққан өнерпаздар да аз емес. Ал енді университетті журналистика мамандығы бойынша бітіріп, түркология ғылымының түркі тілдері бойынша тұрлаулы тұлғаларының бірі Қазақстан ғылымында, қателеспесем, жеке-дара біреу ғана. Сол жеке-дара саңлақ – Берікбай Сағындықұлы.
01 Мамыр, 2019
Қазақ тілін жүрегімен үйренетін ғалым
Қостанайдың зиялы қауымының арасында Денис Качеевтің жас та болса өзіндік орны бар. Жас ғалым, философ ретінде оны көпшілік жақсы біледі. Еліміздің саяси-экономикалық өміріндегі маңызды оқиғаларға, қоғамдық-мәдени өзгерістерге қатысты дер уақытында айтқан айшықты пікірлері көңілден шыққан соң, көпшілік оған құлақ асады.
01 Мамыр, 2019
«Қорқыт ата» дастанының 3-нұсқасы Қазақстаннан табылды
Эге университетінің профессоры, белгілі түрколог Метин Екинджи «Қорқыт ата» дастанының жаңа нұсқасын тапқанын жариялады. Бұл туралы ол karar.com ақпарттық агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
30 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Бақытты отбасы» аналар орталығына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің жаңа директоры тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Саттар Фазылұлы Мәжитов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин Ереван қаласында (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырысқа Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д.Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С. Румас, Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.
30 Сәуір, 2019
Қазақстан мен Хорватия саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Сәуір, 2019
Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды.
30 Сәуір, 2019
Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті
Кеше елордада Қазақстан-Мажарстан инвестициялық бизнес-форумы өтті. Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганың елімізге сапары аясында өткен шараға екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары, 150-ден астам бизнес өкілі қатысты.
30 Сәуір, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының студент жастардың жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
30 Сәуір, 2019
Сайлау барысы халықаралық назарда
Биылғы жылдың 9 маусымына Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні бекітілді. Осыған орай қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясында өзіне тән тиісті жұмыстар жан-жақты жүргізіліп жатыр. Ал кез келген мұндай сайлауды бақылайтын халықаралық байқау институттары үшін сайлау науқанының мөлдірлігі маңызды. Сонымен қатар бұл сайлауға тек біздің еліміз ғана емес, әлем назарын тігіп отыр. Ендеше, осы сайлаудың қазіргі барысы туралы білу үшін біз Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш БАЙМОЛДИНАҒА жолыққан едік.
30 Сәуір, 2019
Киіз үй – қазақтың мақтанышы болса, оның Маңғыстауда көнеден бүгінге дейін тіні құрымай сақталып, жасау-жабдығы түгел қалпында жетуі – өңір мерейі. Бүгінде «құрастырмалы, қорғанды» үйлердің алуан түрі қолданысқа енгендіктен киіз үй тұрмыста бұрынғыдай кең көлемде пайдаланыла бермейді. Өкініштісі, қытайдың «темір құрсанған» киіз үй қалыптас үйлері той-томалақты иемденіп алса, қазақтың киіз үйлері қаралы садақаларда марқұмды соңғы сапарға шығарып салу орны міндетін атқарып жүр. Тіпті ауылдағы қарт кісілердің келін-бала қараусыз қалдырған киіз үй үшін алаңдап, «ертең менің соңғы сапарыма дейін құрт-күйе жемей, сақталса деп едім» деп мұңаятыны бар...
30 Сәуір, 2019