Редакция таңдауы
«Сарыарқа» түмендіктерді тізе бүктіріп, Петров кубогын жеңіп алды
Ресейдің Жоғары хоккей лигасының бас жүлдесі – Петров кубогы үшін болған финалдық бесінші матчта Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Түменнің «Рубин» командасын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, тамаша табысқа қол жеткізді. Яғни, жерлес хоккейшілеріміз қарсыластарынан төрт ойында да басым түсіп, Петров кубогының жеңімпазы атанды.
25 Сәуір, 2019
Гастрономиялық туризмнің төресі – ұлттық тағамдар
Бүгінде қызмет көрсету экономиканың барлық саласы мен қаржы жүйесін қамтиды. Қызмет көрсету түрлерін жан-жақты жолға қоюдың нәтижесінде бүтіндей бір ұлттық экономика қоржынын тоғайтып отыр. Мәселен, әлемнің 10-шы экономикасы шоғырланған Ұлыбританияда ішкі жалпы өнімнің 3/4 бөлігі осы салаға тиесілі. Осылайша, Біріккен Корольдік қызмет көрсетудегі әлемдік экспорттың 10 %-ын жүзеге асырып келеді.
25 Сәуір, 2019
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғайып келеді
Қазақстан экономикасында ең үлкен әлеует ауыл шаруашылығы саласында екені белгілі. Жерінің көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын елімізде бұл саланың дамуы көптеген мәселені ретке келтірген болар еді, экономикамыздың бәсекелестік қабілеті артар еді.
25 Сәуір, 2019
Қырғыз әдебиеті қазақша сөйледі
Өзеннің қос сағасындай ежелден егіз жасасып келе жатқан қазақ-қырғыз әдебиетінің өміршең өнегесі кеше елорда төрінде өткен IV Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде жарқын жалғасын тапқандай. Халықаралық Түркі академиясының жетекшілігімен қазақ тілінде жарық көрген төрт бірдей қырғыз шығармасы соның айғағы.
25 Сәуір, 2019
Президенттік институттың қалыптасуына арналған көрме ашылды
Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында Қазақстандағы президент институтының қалыптасуына арналған көрменің ашылу салтанаты өтті.
25 Сәуір, 2019
Кітап көрмесі – көңіл көкжиегі
Кеше елордадағы «Көрме» орталығында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Eurasian Book Fair–2019» ІV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Төрт күн бойы қонақтарын құшақ жая қарсы алуға дайын көрменің өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мұрындық болып отыр.
25 Сәуір, 2019
Заңды ізгілендіру жауапкершілікті азайту емес
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның кезекті отырысы болып, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті жетілдіру мақсатымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
25 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің 2018 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
«Ақ жол» партиясынан сайлауға қатысатын кандидат белгілі болды
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы Дания Еспаеваны ресми түрде президенттікке үміткер ретінде бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24 Сәуір, 2019
Нұр-Сұлтандағы көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады
Нұр-Сұлтан қаласындағы көп балалы отбасылардың балалары биыл 1 қыркүйектен бастап балабақшаға тегін барады. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтановтың Есіл ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларымен кездесуі кезінде айтылды.
24 Сәуір, 2019
Елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен елорда әкімінің орынбасары қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
24 Сәуір, 2019
Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасының Президентігіне ұсынылған кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясында тіркеу және олардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде лингвистикалық комиссияда емтихан тапсыру үрдісі қызу жүргізілуде.
24 Сәуір, 2019
Көпбалалы отбасыларға пәтерді жалға берудің талаптары қандай
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі көпбалалы отбасыларды жалға берілетін пәтермен қамтамасыз етудің талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24 Сәуір, 2019
Ең жиі кездесетін құпия сөздер қандай?
Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы интернетте жиі кездесетін құпия сөздерді анықтады. Орталық бұған дейін жарияланып кеткен құпия сөздерге сараптама жасап көрген екен.
24 Сәуір, 2019
Орталық Азия елдері балалар семіздігінің таралуы жөнінен әлем бойынша екінші орында тұр
Қазіргі уақытта Орталық Азия елдері балалар семіздігінің таралуы жөнінен әлем бойынша екінші орында тұр. Бұл туралы жасөспірім балалардың тамақтануын жақсарту жөніндегі Симпозиумда айтылды.
24 Сәуір, 2019
Елордада 1500-ден астам бала тегін қосымша білім алып жатыр
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Қазақстан туралы жарнамалы бейнеролик Болгариядағы халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы түсірген «Біз қайда барамыз?» атымен белгілі бейнеролик Болгариядағы Велико-Тырново қаласында өткен XVI «On the East Coast of Europe» (Еуропаның Шығыс жағасында) Халықаралық туристік фильмдер фестивалінде «Туристік дестинация» номинациясы бойынша ұзақтығы 90 секундке дейінгі ең үздік жарнамалық бейнебаян болып танылды.
24 Сәуір, 2019
Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті Қайрат Әскербекұлы Досаев атқаратын болады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов шаһардың жаңа басшысын қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Сәуір, 2019
Астанада Ұлттық ғылыми кітапханада есімі аңызға айналған «Едіге батыр» жырының 600 жылдығына орай сирек кітаптар көрмесі өткен екен. Едіге – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Бірақ біз онымен мақтанып көріппіз бе? Әйтеуір, ол туралы үлкендердің өзара сыбыр-күбірін ғана еститінбіз. Керісінше, «Едіге – халық жауы» деп даттап жаттық. Біз тек аты ертек ретінде айтылатын (балалық көңіл өлшемінде мың жыл бұрын өмір сүрген) Едігенің қалайша «халық жауы» бола қалғанына таңғалатынбыз. Сұрайтын да, жауап беретін де ешкім жоқ.
24 Сәуір, 2019
Индустриялық аймақта көлік зауыты салынады
Алматыда Hyundai жеңіл көлігін шығаратын зауыт құрылысының іргетасы қаланды. Жаңа өнеркәсіп орнының ашылуы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің Қазақстанға келу сапарымен тұспа-тұс келді. Осы сапар аясында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестік мәселелерін талқылау жоспарланған. Алматы іргесіндегі Индустриялық аймақта алғашқы қазығы қаланған Hyundai Trans Kazakhstan көлік зауыты екіжақты ықпалдастық аясында жүзеге асуда. Зауытты «Астана Моторс» компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен салатын болады.
24 Сәуір, 2019