Редакция таңдауы
Ұйқасты ойлар, мағыналы ғибраттар
Телегей тарихи-шығармашылық еңбектерді туындатқан, адамзат тарихының түпқазық бастау көздерін тілдік, тарихи, генетикалық, этнографиялық, мифтік деректер негізінде байыпты зерделеген, романшылық өнердің хас шебері Қойшығара аға Салғараұлы тіліміздің магиялық, философиялық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдаланып, ғибратты, парасатты ойларын ойшылдық пен сыншылдық көзқарас тұрғысынан суреткерлікпен жеткізеді. Бұл ретте оның «Ұйқасқа түскен ойлар» атты жыр жинағында (Астана, «Фолиант», 2019. 168-бет) ел, жер, ұлт, тіл, дін, тектілік, ізгілік, заман, жаһандану жайлы шынайы толғаныстары шыншылдығымен өзгешеленеді.
17 Мамыр, 2019
Қазекем өмірге ұл келсе, «қойшы» келді деп сүйінші сұрап жататын. Сол ырымды ұстанған Қойшекеңнің ата-анасы Алланың ұл бергеніне шүкіршілік жасап, аман-есен қарайып жүрсе екен деп баласының есімін Қойшығара қойған секілді. Олардың үміті ақталып, Қойшекең алдымен жас та болса ауыл азаматы қатарына қосылды. Одан соң университет бітіріп, танымал журналист болды әрі жазушылықты қатар игере жүріп, біраз кітаптың авторы да атанды.
17 Мамыр, 2019
Асқар Мамин Nokia Директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесу өткізді
XII Астана экономикалық форумы алаңында Премьер-Министр Асқар Мамин Nokia корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаамен кездесті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Мамыр, 2019
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнді қабылдады
Мемлекет басшысы Хань Чжэннің Қазақстанға сапары екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
16 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХІІ Астана экономикалық форумына қатысты
Форумның пленарлық отырысының қатысушылары алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Астана экономикалық форумының өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру үдерісіндегі маңызды рөлін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
16 Мамыр, 2019
Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті
Мемлекет басшысы Кристин Лагардқа Астана экономикалық форумына келгені үшін ризашылық білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
16 Мамыр, 2019
Сарысу ауданында кәсіпкерлер көпбалалы аналарға баспана алып берді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, оларды баспанамен қамту жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Енді бұл бастама өңірдің аудандары мен ауылдарында да қолдау тауып отыр. Қасиетті Рамазан айында Сарысу ауданында қос бірдей отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Кәсіпкер Тоқтасын Біләлиев көпбалалы отбасыларға үй алып берді.
16 Мамыр, 2019
Ағылшын тілінде әңгіме жазған Аспарух АҚШ-қа барады
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Аспарух Сұлтанмұрат АҚШ мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет бағдарламалары бюросының қолдауымен ұйымдастырылған «Жол аралық: әлем және жазушылық тәжірибе» (Between the lines) атты екі апталық бағдарлама жеңімпаздарының бірі атанды.
16 Мамыр, 2019
Ауылдан шыққан ауыр атлетші бала Қазақстан рекордын жаңартты
Алматы облысының Сарқан ауданындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің оқушысы Құрманбек Ақжолды сыныптастары «Біздің Илья Ильиніміз» деп атайды екен.
16 Мамыр, 2019
Шағын несиелендіру – ауыл әлеуетін арттырады
Еліміздің барлық өңірінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие беру басталды. Несиелер түрлі мақсатта өз бизнесін бастайтын немесе кеңейтетін ауыл кәсіпкерлеріне беріледі. Оның жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%. Мерзімі, сомасы, жеңілдетілген мерзімінің ұзақтығы жобаға байланысты болады.
16 Мамыр, 2019
Достастық теміржолшылары Хельсинкиде бас қосты
Қазіргі барынша қысқа уақыт ішінде тиімділікке қол созған заманда көлік-логистикалық жүйе жұмысының қалтқысыз жұмыс істеуі маңызды. ТМД елдері теміржолшылары әкімшілерінің ұтымды шешімін қажет ететін осындай маңызды жиын ағымдағы жылдың 14-15 мамырында Хельсинкиде болып өтті. Достастыққа мүше-мемлекеттер темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің 70-ші отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бастаған делегация барып, қатысып қайтты.
16 Мамыр, 2019
Дауыс беру куәліктерін ұсыну және есепке алу шаралары
Орталық сайлау комиссиясы отырысында «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау, беру және есепке алу туралы» мәселе қаралды. Отырысты ашқан ОСК төрағасы Берік Имашев бұл мәселе туралы баяндама жасау үшін сөзді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровқа берді.
16 Мамыр, 2019
Бағдарламаларын таныстырып, кездесулер өткізуде
Ел өңірлерінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде әр аймақтың халық көп шоғырланған тұстарына кандидаттардың басты ұстанымдары көрініс тапқан билбордтар мен плакаттар ілініп, түрлі акциялар мен флешмобтар ұйымдастырылуда.
16 Мамыр, 2019
«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталады
Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
16 Мамыр, 2019
Ядролық қаруды таратпау бейбітшілікке бастайды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Аталған шарт – бұрын тыйым салынбаған жаппай қырып-жою қаруларының соңғы түрі ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат.
16 Мамыр, 2019
1 500 000 сурет – соғыс шежіресі
Тараздағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінің қорытындысы секілді Жеңіс күні оның «Даңқ» залы ашылды. «Даңқ» залының сәні мен салтанаты келіскенін, тағылымы мол екендігін көрмеге келген әрбір азамат бірден түсінеді.
16 Мамыр, 2019
Жетісудың балы жайлы ғылыми жұмыс халықаралық байқауда бас жүлде алды
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің төртінші сынып оқушысы Ранона Жалелқызының «Жетісудың баға жетпес балы» іздену жұмысы халықаралық ғылыми жобалар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды.
16 Мамыр, 2019
Халықаралық терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі, әлеуметтік, этникалық, конфессияаралық қарама-қайшылықтардың асқынуы, трансұлттық қылмыс, су ресурстарының тапшылығы сияқты Орталық Азияның өзіне тікелей тән сын-қатерлер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді. Ол қатерлер әлі де толық сейіле қойған жоқ. Демек, таңымыздың тыныш атуы, кешіміздің бейбіт батуы жолындағы мылтықсыз майдан да жалғаса беретін болады. Біз бұл жолы көзге көрінбейтін сол майданның бір сардары жөнінде әңгімелемекпіз.
16 Мамыр, 2019