Редакция таңдауы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жас депутаттар өзекті мәселелерді батыл көтеріп жүр
Бұл туралы Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қазан, 2024
Елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қазан, 2024
Бітімгер әйелдердің саны артады
Әйелдердің бітімгершілік миссияларындағы рөлі артып, көшбасшы әйелдердің саны артпақ. Бұл мақсатқа арнайы қаржы да бөлінеді. Біріккен ұлттар ұйымы осы мәселені қарастыратын ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің 1 325 қарарының жаңартылған жоспарын дипломатиялық корпус өкілдеріне ұсынып, пікірлерін білді.
03 Қазан, 2024
ЖИ: АЭС көп саланың өркендеуіне ықпал етеді
Еліміз атом энергетикасын қолдануға қатысты тағдыршешті табалдырықта тұр. Аса маңызды тақырыптан жасанды интеллекті де тәп-тәуір хабардар, әрине. Сондықтан АЭС-тің біз білмейтін қыры туралы «OpenAI» компаниясы жасаған нейрожүйе – «ChatGPT»-мен әңгімелесіп көрдік.
03 Қазан, 2024
Өткен жолы шетелге қыдыруға барған отандасымыз Италиядағы тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазып, жауапкершілікке тартылды. Осы оқиғаның артынша Грузияға барған тағы бір атыраулық келіншек Батумидегі Ботаника бағында өте сирек кездесетін бамбук ағашына атын жазып қалдырмақ болған. Шекара сыртында есімін ескерткіштерге қалдырамын деп, мемлекеттің абыройын айрандай төккен мұндайлардың ел ішіндегі ессіз әрекеттерін жіпке тізіп шығу мүмкін емес.
03 Қазан, 2024
Онлайн соттың да оңтайлы тұсы бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Цифрландыру – сәнге айналған үдеріске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы» деген еді. Қоғамның барлық саласына дендеп енген бұл заманауи үдерістен қазіргі таңда сот жүйесі де тысқары емес.
03 Қазан, 2024
Ғұн әшекейлерінің ерекше техникасы
Ғұндардың Еуропаға келуі бірнеше көркемдік стильдердің пайда болуы мен гүлденуін тудырды. Олардың ішінде ғұндармен ең жарқын, ең тығыз байланысты – полихромды стиль.
03 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Гоби гүлденеді
Қытайлар қанша жылдан бері Гоби шөлін абаттандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бастама «Жасыл қабырға» деп аталады.
03 Қазан, 2024
Қазақстанның Израильдегі елшілігі халыққа үндеу жолдады
ҚР Израиль мемлекетіндегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдап, бірқатар ұсыныс берді, деп хабарлайды Egemen.kz елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Қазан, 2024
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
Спорт додасы 2 қазаннан бастау алады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
02 Қазан, 2024
Әлем чемпионаты: Таеквандошы Нұрай Қазнабек күміс жүлде алды
Таеквондодан еліміздің жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдені қанжығалады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
02 Қазан, 2024
«Air Astana» жалғыз ұшатын балалар үшін жаңа ереже енгізді
«Air Astana» әуе компаниясы бүгіннен бастап ата-аналар ұшақта ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар үшін арнайы алым төлейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қазан, 2024
АЭС: Мамандар біліктілігі ешкімнен кем емес
Атом энергетикасы саласындағы жетекші сарапшылар, жас ғалымдар мен белсенді жастар бейбіт атомды тиімді қолдану және атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Пікірталас пен тәжірибе бөлісу ядролық технология саласындағы соңғы жетістіктер мен елдегі атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы екіжақты білім алмасуға айналды.
02 Қазан, 2024
Референдумға белсенді қатысуға шақырды
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері Жетісу облысына келіп, өңір халқымен алдағы референдумға қатысты өзекті мәселелерді, энергетика саласын дамыту бағыттарын талқылады. Сапар барысында депутаттар сарапшылармен, қоғам қайраткерлерімен бірге өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымымен, белсенді жастармен кездесті.
02 Қазан, 2024
Кеше референдум науқаны аясында Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті. Онда 6 қазанға белгіленген республикалық референдумды дайындау әрі өткізу мәселелері қаралды.
02 Қазан, 2024
Ислам банкі және нарық талқысы
«Исламдық қаржыландыру» термині арагідік айтылып қалғанымен, оның даму келешегі мен әлеуеті туралы егжей-тегжей түсіндіріп бере алатын маман аз. Мәселе жыл аралатып өтетін қаржылық форумдарда аз-кем талқыланып жатушы еді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) дайындаған кең ауқымды зерттеу еріксіз назарымызды аударды.
02 Қазан, 2024
Павлодар:1 млрд долларлық инвестицияның ауылы алыс емес
Аймақ экономикасы шетелдік инвесторлар алдында тартымдылығын барынша сақтап отыр. Қазір өңірде жалпы сомасы 2,5 трлн теңге болатын 119 инвестициялық жобалар пулы құрылған. Облыстың өңдеу саласында, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте инвесторға сұранып тұрған өнім түрлері баршылық.
02 Қазан, 2024
Мұғалім сынып жетекшілігінен неге бас тартады?
Оқу жылы басталғанына аз уақыт өтсе де біраз оқиға болды. Мектеп оқушылары арасындағы тәртіпсіздік, болмаса қандай да бір қайғылы жағдай кезінде ең бірінші сұраққа ілігетін әрі көбіне жұмыстан шеттетілетін жан – сынып жетекшісі. Жауапкершілік жүгі тым ауыр болғаннан шығар, мұғалімдер жетекшіліктен бас тартып жатады. Жақында сынып жетекшілігіне қосылатын үстемеақы мөлшері үш есе көбейетіні туралы айтылса да осы бір қосымша, бірақ қиын қызметке құлшыныс артпай тұр. Қайтпек керек?
02 Қазан, 2024
Жұмыссыздық: Сұраныс пен ұсыныс мөлшері
Ұлттық статистика бюросының кейінгі дерегіне сәйкес, ел жастарының 46 пайызында жоғары білім бар. Ал 48 пайызы техникалық кәсіптік білімді игерген. Бұған қоса, сарапшылар қазір 35-ке дейінгі азаматтардың көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу саласында қызмет ететінін айтады. Сонда білім жүйесі экономиканың нақты қажеттіліктерін әлі де толыққанды өтей алмай отыр ма? Бұған не себеп?
02 Қазан, 2024
3-5 қазан аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.
02 Қазан, 2024