Редакция таңдауы
Қытайдағы су бөгетінің бұзылуы Қазақстанға қалай әсер етеді?
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытайдағы бөгеттің бұзылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапурге барады
Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Мамыр, 2024
Мәжіліс адам саудасына қатысты заңды қабылдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес туралы» заңды және оған қатысты құжаттарды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Мамыр, 2024
Астанада 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы биіктен құлаудан сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
22 Мамыр, 2024
Жайық өзенінің мол суы жазық алқапқа жайылып жатыр. Су арнасының жал-жал толқыны Атырау-Орал бағытындағы тасжолға, ауылдар маңындағы бөгетке соғып тұр.
22 Мамыр, 2024
Есірткіге қарсы заңнаманың қауқары қандай?
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен құқық қорғау практикасының проблемалық мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді.
22 Мамыр, 2024
Ресми дерек бойынша, елімізде аутизм диагнозымен тіркелген баланың саны – 16 700. Оның 3 479-ы – елорда тұрғыны. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде өмірге келетін әрбір 54-баланың аутистикалық спектрінде кінәрат бар.
22 Мамыр, 2024
Өңделген өнім экспортын ілгерілету маңызды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды. Отырыста 2023-2024 жылғы оқу жылының аяқталуы мен каникул кезінде балаларды сауықтыру, бос уақытын, еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру шарасы да күн тәртібіне шықты.
22 Мамыр, 2024
Ас тұзын өндіретін «Алтын Орда»
Азық-түлік саласында айрықша рөлі бар өнімнің бірі – тұз. Жалғыз бұл салада ғана емес, кейбір өндірістік жұмыстарға да пайдасы зор элементтің адам өмірінде маңызы ерекше. Біздің елден шығатын осы өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймайды, ТМД елдеріне де экспортталады.
22 Мамыр, 2024
«Соңғы үкім»: Қиян жолда мойымаған ғұмыр
Күні кеше ғана ел астанасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған тағы бір көркем фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. «Соңғы үкім». Атауы айтып тұрғандай, картинада көрнекті тұлғаның тағдырын шешкен соңғы үкіміне дейінгі барлық кезеңі суреттеледі. Бақ пен талас, қуаныш пен қайғы, өкініш пен үміт... Әрине, Ақаңның ерен еңбегі мен қилы өмір жолын бір фильмге сыйғызу мүмкін емес. Шығармашылық ұжым 126 минуттық туындыда дара тұлғаның тағдырына әсер еткен елеулі оқиғаларды көрсетуге тырысқан. Фильмнің жабық көрсетіліміне зиялы қауым қатысты.
22 Мамыр, 2024
Біздің ұшақ көкке көтерілгенде Оңтүстік Корея ұйқыда жатса керек. Қазақстан уақытымен түнгі екілерде оянсақ, корей түбегінің аспаны аппақ, таң атып кетіпті. Қазақ даласында қас қарайғанда корейлер ұйқыдан тұрып, іске кірісе бастайды. Бұл ел бізден 4 сағат алда, «LG», «Samsung», «Hyundai», «Kia», тағы басқа компанияларын елестетсеңіз, осы 4 сағатыңыз қаншаға ұзарады? Қырық сағатқа ма, қырық жылға ма?
22 Мамыр, 2024
Ұрпақтар теориясы: Z буынның зейіні
Бүгінде Z, миллениал, альфа ұрпаққа қатысты ұғымдарды жиі естиміз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Ұрпақтарды бөліп-жарудың қандай қажеттігі бар? Қазақстандағы және өзге елдердегі Z ұрпақтың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Осы сұрақтарға Батыс ғалымдары және зерттеу орталықтарының еңбектері мен талдауларын негізге ала отырып жауап беріп көрсек.
22 Мамыр, 2024
«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе...»
Құлагер ақынның туған жерінде «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Игілікті іске ұйытқы болған – облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы. Ақынның жырларына ғалымдар теориялық һәм философиялық талдау жасап, көзқарастарын білдірді. Ақсу топырағында Молықбай қобызының үні естіліп, жерлестері жылы естелігімен бөлісті.
22 Мамыр, 2024
Низамхан СУЛАЙМАНОВ, Қазақстанның құрметті құрылысшысы: Мектеп, балабақша салу – сауапты іс
Низамхан Сулаймановтың жүрісі ширақ. Ойы орнықты. Сөзі салмақты. Арман-мақсаты көп. Болашаққа сенімді. Зейнеткерлікке шыққанына он жылдан асса да, жайбарақат жүргенді жаны жек көреді. Күні бойы бітпейтін қым-қуыт тірліктен әдетте адам баласы шаршап-шалдығатын болса, бұл кісі керісінше күш-қуат алады. Жалындап тұрған жастық шағында осылай еді, сол қалпынан әлі күнге айныған емес. Бұл – ата-анасының тәрбиесі. Қол қусырып қарап отыра алмайды. Низамхан Сулайманұлы демалыс дегенді білмейді. Тіпті қай жылы еңбек демалысына шыққанын да дөп басып айта алмайды. Ол кісіге жұмыс – нағыз демалыс.
22 Мамыр, 2024
Көшпелілер тарихын толғаған жапон қолтаңбасы
Әлем бойынша аталып өтетін Халықаралық музейлер күні аясында музей кеңістігіндегі мәдени мұраны насихаттау және кең аудитория қалыптастыруды мұрат тұтатын Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі дәстүрлі мереке ажарын жапон өнерімен айшықтады. Музей қызметкерлері өнер сүйер қауымның назарына «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты көрме мен осы аттас каталогтің тұсаукесер рәсімін ұсынды.
21 Мамыр, 2024
Қазақстандағы ең басты үш музейге ұлттық мәртебе беріледі
Еліміздегі ең маңызды үш музейге ұлттық мәртебе беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімі барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласының қызметкерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев жаңа қызметке тағайындалды
Сырымбет Ерденұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Олжас Бектенов Президентке су тасқынының салдарын жою туралы есеп берді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президентке су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқанын баяндады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024
Келер жылы ҰБТ-ның жаңа форматы енгізіледі
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылы өтетін ҰБТ форматында өзгеріс енгізілетінін хабарлады. Келер жылы тест тапсырудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде іске қосылады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2024