Редакция таңдауы
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қандай төлемдер өседі, не өзгереді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 7 пайызға, яғни, 3450 теңгеден 3692 теңгеге өседі. Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджетке төленетін салық, айыппұл мөлшері де артады, деп жазады Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2023
Ұлу жылы: 2024 жыл қандай болады?
Шығыс жылнамасына сәйкес келесі жылдың иесі – ұлу. Халық арасында ұлу жылы өте жайлы, жақсы жыл болады деген сенім бар. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі.
22 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды. Бұл халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты қабылданған нормалар негізінде өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2023
Елімізде жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, алдағы жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп жазады Egemen.kz.
22 Желтоқсан, 2023
Е.Қошанов: Ұлттық спортқа қамқорлық жасау – перзенттік борышымыз
Елордада «Amanat» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр – 2023» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада ел ішінде, халықаралық жарыстарда топ жарған спортшыларға құрмет көрсетілді.
22 Желтоқсан, 2023
Биыл әлеуметтік сала үшін қомақты жыл болды десе де артық емес. Басты жаңалық – салаға қатысты түрлі заңдар жүйеленіп, Әлеуметтік кодекс қабылданды. Заң талаптары да бір ізге түсті. Мұның бәрі әлеуметтік саланы жетілдіруге зор ықпал еткені сөзсіз.
22 Желтоқсан, 2023
«Көк базардың» еңсесі көтерілмек
Көне шаһардың көзіндей болған Алматыдағы «Көк базардың» қадірін оның байырғы тұрғындары біледі. Енді тарихқа айналып үлгерген, кешегі кеңес өкіметінің тұсында қазіргідей самсаған супермаркеттердің, қаптаған сауда орындарының болмағанына тәуелсіздіктің бедерінде туған балаларды сендіре алмайсың. Жастарды айтпағанда, жұрт білетін, ел баратын дүкендер де саусақпен санарлық болғандықтан, азық-түлік үшін көбінесе «Көк базарға» ғана баратынын өзіміз де ұмыта бастадық.
22 Желтоқсан, 2023
Еліміз цифрлық қызмет жөнінен әлемде 28-орында тұр. Көрсеткіш жылдан-жылға өсіп келеді. Биыл да бұл бағытта біршама жұмыс атқарылды.
22 Желтоқсан, 2023
Жаңа теміржол құрылысы басталды
Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты.
21 Желтоқсан, 2023
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – негізгі мақсат
Түркістан облысы Ордабасы ауданының Жусансай, Ақ қойлы, Төреарық, Жетісай ауданының Алмалы және Мақтаарал ауданының Жеңіс елді мекендерінде ішімдік атаулы сатылмайды. Тұрғындардың бастамасымен. Жоғарыда аталған елді мекендерде алкоголь өнімдерін сатпаудың нәтижесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны азайған. Полиция департаментінің бастығы, полиция генералы Мұрат Қабденов аталған оң бастаманы облыстың басқа да елді мекендерінде тарату бойынша жергілікті әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын күшейтсе, отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың азаюына ықпал ететінін айтады.
21 Желтоқсан, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылы 4 желтоқсандағы бір бетті толтырған «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаласын Тұрсын Жұртбай мен Сұлтан Ыбырай былайша қорытындылайды: «Ендігі жерде абайтану ілімінің жаңа арнасы Фридрих Бенкеден өріс алатыны анық». Біздіңше, бұл – миллиондаған қазақ оқырманын Абай жолынан адастыру.
21 Желтоқсан, 2023
Жалпы, соңғы уақытта Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы драма театрда жаңалық көп. Өнер ұжымының гастрольдік сапарларынан бөлек, биыл Сыр көрермендеріне Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар театры өнерпаздарының және «Шам» театры ұжымының өнерін жергілікті сахнада тамашалауға мүмкіндік туды.
21 Желтоқсан, 2023
Е.Қошанов: Ұлттық спортқа қамқорлық жасау – перзенттік борышымыз
Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр – 2023» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2023
Ұлттық театр және кино өнерінің алтын қорын «Гауһар тас», «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Мұңлық – Зарлық», «Өкпек жолаушы», «Мұрагерлер», «Жаужүрек», «Бөрте», «Дермене», «Тауқымет», «Балуан Шолақ» сияқты тың туындылармен толықтырған жазушы-драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің арнасы басқа болса да, адамзаттық ізгілікті дәріптеген қос саланы бөліп-жармай қатар дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз. Бүгінде 11 елдің театрында пьесалары жүріп жатқан драматург шығармалары өз елінің ғана емес, әлем театрлары тарапынан да сұранысқа ие.
21 Желтоқсан, 2023
Президент зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қолдау туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
21 Желтоқсан, 2023
Астанада жаңа жылдық отшашу бола ма?
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов Астана және Алматы қаласында дәстүрлі жаңа жылдық отшашуды атқылайтын қауіпсіз жерлер анықталып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2023
Қысқы каникулда оқушылар қанша күн демалады?
Ел мектептерінде 29 желтоқсан күні ІІ тоқсан аяқталады. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қысқы демалыста қанша күн демалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда көлік бағасы арзандап жатыр
Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 2,3 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2023
«Мәңгілік мұңның әуені» поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасы өтті
20 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ғимаратында белгілі ақын, бард, халық арасында «Сары тентек» атанған Қуаныш Мақсұтовтың асқаралы 60 жасқа толған мерейтойына орай «Мәңгілік мұңның әуені» атты поэтикалық-музыкалық қойылымының премьерасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2023
Спорттағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері тексеріледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласында жемқорлық әрекеттердің бар-жоғын анықтап, талдау жүргізеді. Антикор Туризм және спорт министрлігін тексеруді бастайды, деп жазады Egemen.kz.
21 Желтоқсан, 2023