Редакция таңдауы
Фариза-жүрек тоқтады... Содан бері он жыл өтті. Сағым уақыт одан да әрі жылжи берері анық. Әділетті қоғамға Фариза Оңғарсынова керек еді! Бірақ көңілге бір медет: семсер жырлары, өткір ойлары қалды. Қасиетті қара жерге серік етіп жыр-планетасын қалдырып кетті. Ол – елдің бағы! Азаматтықты, ар-ұятты, әділдікті, аласармауды қазақ баласына мұра еткен Фариза ақынды біз сағынамыз!
23 Қаңтар, 2024
«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде
Әлібек Асқаров – бүгінгі қазақ әдебиетінің абыройлы тұлғасы, қара сөздің хас шебері. Жазушының шындыққа суарылған, көркем тілмен кестеленген, шуақты юморға толы шығармалары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Кезінде Серік Қирабаев сынды ғалым-сыншының, Шерхан Мұртазадай сирек суреткердің биік бағасын алған «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романының он рет басылуы – осы ойдың даусыз дәлелі.
23 Қаңтар, 2024
Шығыс поэзиясының танымдық тамырына үңілсек, Жаратушымен болмыс бірлігіне ұмтылған лирикалық «менді» байқаймыз. От пен көбелек, гүл мен бұлбұл секілді канондық образдар ақын жанының абсолютті ақиқатқа талпынысын бейнелейді. Осы жолда күллі руханият сатыларын бағындырған кісі «кәмали инсан» немесе «толық адам» деп аталады. Дәл осы сатыда ол үшін пенделіктің пердесі аяқталып, адам – Құдай арасындағы шекара жойылады да, екі болмыс бір бүтінге айналады. Абайдың «әрбір хақиқатқа тырысып, иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма» деген концептуалды идеясы да осы ойды қуаттайды. Нәтижесінде ақиқатпен тұтасқан кемел рух енді тәңірлік диапазоннан үн қата бастайды. Қысқаша айтсақ, Құдайдың атынан сөйлейді. Енді аталған доктринаның ақын шығармашылығынан қалай көрініс табатынына тоқталайық. Заманында «Мен – Хақпын» деген әйгілі ұстанымы үшін опат болған мистик шайыр Мансұр Халлаж бен «Өзіме өзім табынам» деп жырлаған Мағжан Жұмабаев арасындағы рухани үндестік таңғалдырмай қоймайды.
23 Қаңтар, 2024
Біздің қоғамға креативті экономиканың затынан гөрі аты жақсы таныс. Мемлекет те салаға ел индустриясын өрге бастайтын ерекше бағыт ретінде қарайды. Содан болар, 2024 жыл шығармашылық сала өкілдерін қанаттандыратын жағымды жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет арнайы қаулы шығарып, креативті индустрия субъектілеріне салықты жеңілдету талабы қабылданды. Сәйкесінше, 40 қызмет түрі КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылды. Бұл өз кезегінде дарынымен дараланатын азаматтардың әл-ауқатына, өндіріп жұмыс істеуіне екпін берді. Осыған орай ұлттық ойындардың нарықтағы әлеуетін жаңғыртып жүрген Айнұр ПОЛАТОВАМЕН жолығып, былтыр көпті таңғалдырған «Talapai» жобасы туралы егжей-тегжей сұраған едік.
23 Қаңтар, 2024
Жұрт «Жетісудың жеті кереметінің бірі» деп бағалап кеткен Кеген ауданы Шырғанақ ауылындағы «Мұзтаудан» қыстай адам аяғы арылмайтын. Айналаны ақ ұлпа қар басып, сақылдаған сарыаяз жүргенде жазық далаға өзінше көрік беріп, биіктей түсетін «Мұзтаудың» әр жылғы пішіні де әртүрлі болып, көптің аса қызығушылығын тудыратын. Оған алыс-жақыннан, тіпті осы өңірге сапарлайтын туристер де толассыз келетіндігін жергілікті тұрғындар жиі айтады. Қыс айларында мұндай ғажайыпты көруге көршілес Райымбек ауданының тұрғындары да құмартатын еді. Енді олардың өз «мұзтаулары» бар.
23 Қаңтар, 2024
Президент Аралды құтқару қорының алдағы жоспарларымен танысты
Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2024
Таяу уақытта Алматыда тағы жер сілкіне ме? Сейсмологтар жауап берді
Қаңтардың 22 - сінен 23 -іне қараған түні, сағат 0:09 шамасында Алматы қаласында қуаты 4-5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан, Қытай шекарасы аумағында сезілді. Осыған орай жауапты орган басшылары мен Сейсмологиялық институт мамандары брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды
Алматыда жер сілкінісі кезінде 44 адам жарақат алды. Бұл туралы Алматы қаласында болған жер сілкінісіне қатысты ұйымдастырылған брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қаңтар, 2024
Алматыдағы жер сілкінісі: Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті
Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қаңтар, 2024
Ауылға бетбұрыс басталды. Агросаланың ауқымын ұлғайту – Мемлекет басшысының басты назарындағы мәселе. Былтырғы Жолдауында агроөнеркәсіпті өркендету турасында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуетін үлгі қылған еді.
23 Қаңтар, 2024
Өткен аптада Ресей тарапы елімізге құс жұмыртқасын жеткізуді ұлғайту туралы өтініш түсіргені мәлім. Көрші елге жасалатын экспортты өсіруге Үкімет деңгейінде мән беріліп отыр. Дей тұрғанмен отандық тұтынушылар өнімнің барлығы шекара асып, өзіміздің нарықта тапшылық туындап қалмай ма деп алаңдайды.
23 Қаңтар, 2024
Алматыдағы Ұлттық кітапхананы оқырман қауым еліміздің мәдени ордасы ретінде жақсы біледі. Ұлы Абай ұлағатына сай «білмекке құмар» замандастардың, әсіресе жастардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Бізде кітап оқумен қатар озық тәжірибелер негізінде келушілердің өзара кең пікір алмасуына қолайлы жағдай жасалған. Ашық қорлардың және заманауи технологиялардың арқасында адамзаттық ақылдың мол қазынасы қолжетімді.
22 Қаңтар, 2024
Қызылорда қаласына жақын Н.Ілиясов ауылындағы әдемі алаң мен әсем ғимараттарды, ішінен іздегеніңіз табылатын ірі сауда орталығын, жаз аптабында жұрт саялайтын аллея мен субұрқақтарды кейбір аудан орталықтарынан кезіктірмейтініңіз анық. Жалағаш ауданында Таң атты ауыл бар. Көп ауылдағыдай емес Таңда жастар қатары қалың. Егін де егіп, мал да бағатын берекелі ауылдан қалаға қарай ағылатындар аз. Басты дақыл – күрішпен қатар бақша дақылдарын да салатын ауылдың экономикалық әлеуеті мықты, кәсіпкерлік, құрылыс салалары айтарлықтай дамыған.
22 Қаңтар, 2024
Өмірде тосын, төтенше жағдайлар болмай тұрмайды. Қиын кезде қиналғанның қасынан табылып, ауыртпалығын бірдей көтерісетін құтқарушылардың орны бөлек.
22 Қаңтар, 2024
Кейіпкеріміз Қайрат Кәрімовтің мәпелеп өсіріп жатқан керемет бағы бар. Сергей Исаев атындағы эксперименталды коллекциялық питомник-бақ. Мұнда алма мен жүзімнің әрқайсының 200-ден аса түрі өсіп жатыр.
22 Қаңтар, 2024
Батареяңыздың қуаты жылдам таусылатынына шағымданасыз ба? Енді 50 жыл бойы бір батареямен қуаттамай-ақ жүруге болады. Жақында independent.co.uk сайты жарты ғасыр ішінде қуаттауды қажет етпейтін ядролық батарея жасалғанын хабарлады. Ядролық отын, энергия десе, бірден үрке қарайтынымыз рас. Бірақ ғылыми жаңалықтың авторлары бұл батареялардың қауіпсіз екенін айтып отыр.
22 Қаңтар, 2024
Толстой болмысы – әрдайым ілгері жылжып отыратын ағын судай күрделі құбылыс. Данышпан өмірінің соңын суреттеген Ромен Роллан: «Соғыс аяқталды. Ол 82 жылға созылды және Толстойдың өмірі оның ұрыс алаңы болды» деп түйеді.
22 Қаңтар, 2024
Дүниеде ананың балаға деген махаббатындай махаббат жоқ шығар. Мүмкін дүниені ұстап тұрған да сол болар. Одан озған, оның алдына түскен сезім болса өзіңіз айта жатарсыз. Біздің далада ертеден, тіпті бірнеше мыңжылдықтар бұрын қалыптасқан дәстүрдің озығы – шешелерімізді қастерлеу, қадіріне жету – ең қасиетті іс. Ерте түрік дәуірінен бері келе жатқан тас балбалдардағы әйел-ана бейнелерінен ғана емес, ертегі, аңыз, жыр-дастандарымыздан, қысқасы ұлттық әдебиетімізден анық көрінеді. Әрідегі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларынан басталатын алтын тамырдан жүлге тартқан небір інжу-маржандар тізіле келіп, ұлы рухпен суарылған құндылықтар ырысын еселей түседі.
22 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысының әкімі Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қаңтар, 2024