Редакция таңдауы
Әлі де болса елімізде толық жолға қойылуға тиіс көкейкесті мәселенің бірі – балалардың сауықтыру лагерьлері мен демалыстарын тиімді ұйымдастыру. Көп жағдайда каникул кезіндегі лагерьлер онсыз да бала тоғыз ай тапжылмай отыратын мектептерінде ұйымдастырылып жататындықтан, мұның желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақтың таным көкжиегіне де, денсаулығына да пайдасы шамалы.
10 Қаңтар, 2024
Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы өтетін рейтингілік турнирлер кестесін жариялады.
10 Қаңтар, 2024
Өткен жылы еліміздің Қарулы Күштерінде әскерлердің жедел-жауынгерлік дайындығына бағытталған барлық іс-шара орындалды. Ауқымды жоспарлы оқу-жаттығулар мен жауынгерлік әзірлік барысына тосын тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар Абай, Батыс Қазақстан облыстарындағы өртті сөндіруге, Жамбыл облысында қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсетілді.
09 Қаңтар, 2024
Өмірде де, қызметте де қатарлас жүрген, ұзақ уақыт сыйласқан қадірлі азамат, өзім үшін орны бөлек тұлға Оңалбек Сәпиұлы деп білемін. Жаратқан ие бізге бір уақытта жарық дүние есігін ашып, бірге жүруді, тіпті бірге қызметтес болуды жазыпты. Мен оны сыртынан жақсы білсем де, тікелей таныстығымыз 1995 жылы басталды. Ол кезде Оңалбек Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі болатын. Республика Президенті аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы ретінде іссапармен барып, бірнеше күн ресми жиындарға қатысып, сосын бөлек, оңаша сырластық.
09 Қаңтар, 2024
Былтыр қаңтарда су шаруашылығы саласының мамандары «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай орын алса, төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі барын айтып, дабыл қаққан болатын. Кейіннен Шардара ауданының әкімі елді мекендерді су басып қалу қаупі жоқтығын мәлімдеді. Биыл тыныш. Облыс әкімдігі көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жол картасына енгізілген тапсырмалар орындалған.
09 Қаңтар, 2024
Жуырда Алакөл ауданында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа жылда қуанышқа кенелген ағайынның ортасында біз де болдық.
09 Қаңтар, 2024
Жылдағы дәстүр бойынша шаһардағы тегін сырғанау алаңдары қала тұрғындары мен қонақтарына биыл да айқара ашық. Дәлірек айтқанда, мұндағы жиырмадан астам мұзайдынның 12-сі ақысыз жұмыс істейді.
09 Қаңтар, 2024
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналады. Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қаңтар, 2024
Президент Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2024
Мобильді аударымдар: Туыстар арасында ақша алмасуға шектеу қойыла ма?
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдарды тексеруге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2024
46 кеншінің өлімі: Министр жауапты шенділердің атын атады
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апатқа қатысты үкіметтік комиссияның тергеу қорытындысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2024
«Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді
Алматыдан Ақтөбеге бағыт алған пойызда жолсерік қыздың көмегімен жүкті әйел қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2024
Былтыр 6 жасқа дейінгі 700 мыңдай бала екпе алды – министр
Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қаңтар, 2024
Бүкіл әлем назарындағы үлкен теннис үздіктерінің қатарынан көрініп жүрген отандасымыз Елена Рыбакинаның жұлдызы барған сайын жарқырап келеді. Ол жаңа жылдың алғашқы жарысы – Аустралиядағы Брисбен WTA 500 турнирінде топ жарып, рейтингтегі орнын бір сатыға көтеріп қойды. Осылайша, бүгінде әлемнің үшінші ракеткасы – Еленаның жеңісіне ел қуанып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауын жеткізді.
09 Қаңтар, 2024
Егін шаруашылығының ертеңі алаңдатады
Өңір диқандары үшін өткен жыл оңай болған жоқ. Тамызда басталған жауын-шашын қыркүйек, қазан, қарашаға ұласып, соңы желтоқсанға дейін жетті. Соған қарамастан, техникасы қуатты ірі шаруашылықтар өнімін түгел жинап алды. Ал шағын шаруалардың еңбегі еш кетті десе болады: бидайының біразы қар астында қалды, біразы өтпеген соң, тау болып үйілген қалпы қызып, шіріп кетті.
09 Қаңтар, 2024
Өзін жұмыспен қамтығандар не істемек?
Жаңа жылдан бастап республикамызда бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қолданысын тоқтатты. Бұл мезетте бес жыл бойы осы салық түрін ұқыпты төлеп келген адал азаматтар өздерін орта жолда қалғандай сезініп отырғаны шындық. Салыстырмалы түрде аз төлем өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға медициналық көмек, әлеуметтік сақтандыру алуға мүмкіндік беріп, келешекте зейнетақы төлемдерінен үміттендірген еді.
09 Қаңтар, 2024
Отандық өнімге – айрықша назар
Кейінгі жылдары елімізде лак-бояу материалдары нарығы айтарлықтай өсті. Республикада импорт өнім азайып келеді, ал елде жұмыс істеп тұрған компаниялар мен концерндер өз дистрибьюторлық желілерін дамытып отыр. Осы ретте Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев Жетісуға келіп, «Алматинские краски» ЖШС компаниясының жұмысымен танысты.
08 Қаңтар, 2024
Мемлекеттілік тарихын зерделеген
Шынайы тарихшы болу дегеніміз елжанды, нағыз патриот деген ұғымды білдіреді. Өйткені патриот тарихшы ғана халқының, мемлекетінің ғасырлар қатпарында қалған белгілі және белгісіз тағдыр-талайын, тарихы мен тағылымын, күрес жолдарын терең зерттеп, болашаққа шыншыл тарихи мұра қалдыра алады. Тарихы ғасырларға терең бойламайтын елді ешкім де санатқа қоспайтыны бесенеден белгілі. Олай болса, бесігімізді қалай түзесек, тарихымызды да солай түзегеніміз жөн. Шынтуайтына келгенде, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың білікті тарихшыға айналып, ел құрметіне бөленуі де оның отаншылдығының, мемлекет тарихын бұлтартпас дерек-дәйектермен дәлелдеп, Қазақ хандығы ұлттық мемлекетіміздің негізі екенін айқындаған терең білімдарлығынан болса керек.
08 Қаңтар, 2024
Адамға бергісіз және адам сенгісіз
Қазақ кейде әлекке түсті дегенді «ит болды» деп айта салады. Әбден әлектенгенді «ит сілікпесі шықты» деуі мүмкін. Қазақтың осы «ит болдысын», итке қатысты адамға қарата айтатын кейбір тұрақты тіркестерін әртүрлі қырынан дәлелдеп жазған екі шығарманың бірі Михаил Булгаковтың «Ит жүрегі» болса, бірі Нодар Думбадзенің «Ит» шығармасы.
08 Қаңтар, 2024
Алып адам даңқын арқалап туады. Ғасырлар қойнауын мүйісіне тартқан алыптар тобы Жер шарын мүйізімен көтеріп тұрған ерен өгіздер іспетті. Олар өздерімен бірге ұсақ рухани балаларын жаратады. Шекспир, Мильтон, Фирдоуси, Байрон, Гете...
08 Қаңтар, 2024