Редакция таңдауы
Хостел пана болмайды студентке
Алматыда хостелде болған өрт қоғамда орын алып отырған бірқатар мәселенің бетін ашып берді. Осы орайда сарапшылар, әсіресе студент жастарды баспанамен қамтудың бақылаудан шығып кеткенін алға тартып отыр. Жаңа оқу жылы басталған кездегі науқаншылдықтың қарқыны басылды. Бірақ жоғары оқу орындары, колледждер өз студенттерінің мекенжайы, әлеуметтік жағдайынан мүлдем бейхабар. Жатақханаға қолы жетпегендердің көпшілігі хостелдер мен бағасы қымбат жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр.
11 Желтоқсан, 2023
Жазба мұраларды сақтау – заман талабы
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, оған еліміз бойынша архив саласының білікті мамандары, кітапхана және музей қызметкерлері қатысты.
11 Желтоқсан, 2023
Ресейдегі саяси бәсеке қалай өтеді?
Ресей президенті Владимир Путин бесінші рет сайлауға қатыспақ. Бұл туралы Кремль басшысы ресейлік әскерилермен кездесу кезінде мәлімдеді. Сарапшылар қазірдің өзінде елде оппозиция өкілдері қалмағанын алға тартып, В.Путиннің алдағы саяси додада жеңіске жететінін болжап отыр.
10 Желтоқсан, 2023
«Астана Опера» театрында бір жылға созылған «Орыс маусымдары» халықаралық жобасы «Қос астана дуэті» гала-концертімен түйінделді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткен фестивальдың қорытынды кешін «Астана Опера» театрының ұжымы мен Дмитрий Бертманның жетекшілігіндегі «Геликон-опера» Мәскеу музыкалық театры бірлесіп өткізді.
10 Желтоқсан, 2023
Қан-тамыр хирургиясының негізін қалаған
Биыл қазақ медицинасында атап өтетін айтулы екі дата бар. Біріншісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрар Көкеевтің 90 жылдық мерейтойы. Ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ол қолынан скальпелін тастамады, шәкірт тәрбиелеуден де шет қалмады. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде еңбек етті. Екіншісі – осы Тұрар ағамыз бастауында тұрған Қазақстан қан-тамыр хирургиясының құрылғанына 65 жыл. Меніңше, осы екі күнді бөле-жарып елестету деген тіптен мүмкін емес.
10 Желтоқсан, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Рәтбай Мырзақұлов екінші жыл қатарынан әлемдегі беделді ғалымдардың рейтингіне енді. Белгілі теориялық физик Стэнфорд университетінің екі рейтингінде де Scopus дерекқорында жарияланым белсенділігі мен дәйексөз көрсеткіштері бойынша ұсынылған.
10 Желтоқсан, 2023
Ілияс Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрында ақын-драматург Ақылбек Шаяхметтің «Министр» атты деректі драмасының премьерасы өтті. Көрнекті мемлекет қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры Ілияс Омаровтың өмір кезеңдерінен сыр шертетін қойылымды қаламгердің «Культурбақан немесе өтелген парыз» пьесасы бойынша режиссер Фархад Қанапин сахналап шыққан. Басты рөлді сомдаған – актер Бақытжан Құрмансейітов.
10 Желтоқсан, 2023
Арал астротуризм алаңына айналмақ
Ұлыбританияның «Time Out» басылымы әлемнің әртүрлі жерінде өркениеттен алыс табиғи аймақтарда жұлдыздарды тамашалауға болатын «Жұлдыздарды бақылау» үшін ең қолайлы 10 туристік бағыттың тізімін жариялады. Мұның ішінде қазақ даласындағы Арал теңізі де бар.
10 Желтоқсан, 2023
Astana Hub технопаркінде жүзеге асырылып жатқан Startup Garage бағдарламасының екінші легі аясында 118 стартаптың 38-і ғана инкубациядан өте алды. Қатысушылар дамудың келесі сатысына қадам басып, сатылымын арттырды әрі халықаралық нарыққа шықты. Стартаптардың белсенді дамуы нәтижесінде 68 жаңа жұмыс орны ашылды. Қатысушылар жалпы сомасы 87 млн теңгенің өнімін сатты.
10 Желтоқсан, 2023
Еліміздегі шалғай ауылдардың көбінде интернет байланысы нашар екенін көз көріп, құлақ естіп жүр. Бұл мәселені отандық операторлар шешер деген үміт те үзілуге шақ. Ақыры мемлекет Илон Масктің SpaceX компаниясына жүгініп, Starlink интернетіне иек артты.
10 Желтоқсан, 2023
Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы «Қадыр – қазына» атты ерекше жобаны қолға алғанын хабарлаған едік.
10 Желтоқсан, 2023
«Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы қалай жазылды?
Астанада «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының тұсаукесерінде Санжар Керімбай мемлекет және қоғам қайраткерінің ұл руханиятына қосқан елеулі үлесі туралы айтты.
10 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Желтоқсан, 2023
-46 градус: Еліміздің солтүстік өңірлерінде аяз күшейеді
«Қазгидромет» синоптиктері 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан инвесторы басқарады
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Желтоқсан, 2023
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстанға қайтарылды
Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Желтоқсан, 2023
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Кеңесте негізінен салық саясаты саласында жүргізіліп жатқан реформалар, инвестициялық ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және т. б. мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдау мақсатында құрылған «Qazaq tili» Endowment Qory-на алғашқы жарнаны аударды. Президенттің өз қаражатынан қосқан жеке жарна көлемі – 7 миллион теңге. Мемлекет басшысының жаңадан құрылған қордың қызметін қолдауға жеке қатысуы ел басшылығының мемлекеттік тілдің мәртебесін дамыту және нығайту мәселесіне ерекше көзқарасын көрсетеді. Бұл – өте жақсы үрдіс және басқа үкімет өкілдері үшін үлгі.
08 Желтоқсан, 2023
Сот жүйесін жетілдіру – қоғамның әділ талабы
Сот жүйесін жетілдіру, бұл бағыттағы шараларды сапалы жүзеге асыру – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтың бірі. Себебі қарапайым халықтың сот пен судьяға деген сенімі билік пен мемлекетке деген сеніммен бірдей. Мемлекет басшысы жариялаған сот реформасының жүзеге асырылу барысы қалай? Сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесін халық сезіне алды ма? Сот жүйесін дамыту бағытында қолға алынған заңнамалық бастамалар мен ұзақмерзімді міндеттер қалай орындалып келеді? Біз салаға қатысты қоғамда талқыланып жүрген осы және өзге де сұрақтарды Жоғарғы сот төрағасы лауазымына тағайындалғанына бір жыл болған Асламбек Мерғалиевке қойған едік.
08 Желтоқсан, 2023
Адам құқы және қоғамдағы әділеттілік
Елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиында адам құқығын қорғау саласында ақсап тұрған заң нормаларын жетілдіру мәселесі жан-жақты талқыланады.
08 Желтоқсан, 2023