Редакция таңдауы
Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиында депутаттар қоғамдық бақылау мәселелеріне қатысты заң жобаларын қарап, мақұлдады.
22 Қыркүйек, 2023
Қоғамдық бақылаудың нақты қадамы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын заңды әзірлеу мен қабылдауды тапсырғаны белгілі.
22 Қыркүйек, 2023
Жаһандық қауіпсіздікті байыптаған
Америкалық «The Hill» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. Мұнда Президент БҰҰ-ны, халықаралық қоғамдастықты жаһандық мәселелерді шешуде бірігіп әрекет етуге шақырады. «БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың ғасырлық болашағын айқындауға баса мән беруі керек» атты осы мақалада басқа да өзекті тақырыптар көтерілген.
22 Қыркүйек, 2023
БАҚ мемлекетке тәуелді болмау керек
Дезинформацияға жауап беретін әрбір ақпарат таратушы – БАҚ өкілінің өзі. Бірінші, фейк ақпараттарды кім тарататынын қарастыру қажет. Мысалы, бір төтенше жағдай болды делік. Оны блогерлер өз парақшаларында жариялады. Бұл жерде дәстүрлі, ресми БАҚ сол блогерден алып, материал жазуға тиісті емес. Олар бірінші кезекте, ақпаратты зерттеп, анықтау керек, ақ-қарасын анықтаған соң ғана жариялау қажет. Тіпті ақпарат расталмаса, ақпаратты шығармаған жөн.
22 Қыркүйек, 2023
Медиа құндылық: эволюция және этика
Елордада Astana Media Week-тің екінші күні өтті. Медиа саланы жетілдіруге бағытталған іс-шараға жиналғандар «Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері: жылдамдық, ақпарат көлемі, бәсекелестік», «Ең рейтингтік өңірлік жобалардың ULGI-кейстері», «Медиа құндылықтар эволюциясы және жаңа этика», «Стратегиялық коммуникация: ақпараттық саясат қайда бара жатыр?» сынды тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Маңызды мәселелер бойынша креативті ұсыныстар да айтылды.
22 Қыркүйек, 2023
Тағы да латифундистің аты озды...
Есіл ауданының жайылым және шабындық жеріне байланысты шағым айтқан 11 кәсіпкердің күнкөрісі қиынға айналған.
22 Қыркүйек, 2023
Елдің болашағын қалыптастыратын – мектеп. Бүгінгі таңда ата-ана ақшасы жетсе, баласын мемлекеттік емес, жекеменшік мектепте оқытқысы келеді. Оның жалпы мектептен артықшылығы қандай? Бұл білімдегі бәсеке ме әлде бизнес пе? Осы туралы Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінің негізін қалаушы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлмира Қорғанбаевамен әңгімелескен едік.
22 Қыркүйек, 2023
БҰҰ бағдарламасы бойынша даярланды
Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ-ның әскери бақылаушылар курсы бойынша даярлықтан өтіп жатыр. Үш апталық курс полигондағы практикалық сабақтармен аяқталады. Онда тыңдаушылар шабуыл, кепілге алу кезіндегі әскери бақылаушының іс-қимыл алгоритмін пысықтайды.
22 Қыркүйек, 2023
Бюджет көшеттері көктей солмасын десек...
Алматы сияқты үлкен қалада абаттандыру, көгалдандыру ісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын жоққа шығармасақ та, кейде орасан ақшаға келген көшеттердің қурап қалғанын, яки тамырланып қалғаны қайта-қайта қазылып жатқанына куә болатын жағдайлар жеткілікті. Оның үстіне көгалдандыру ісімен айналысатын мекемелер неге біркелкі ағаш түрлерін таңдайды деген сұрақ та бар.
22 Қыркүйек, 2023
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Атлетикалық ауылда еліміздің Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Көк туды көтеру салтанатына ел құрамасының спортшылары мен спорт саласын басқарушы мамандар қатысты. Іс-шара барысында бес мемлекеттің – Қазақстан, Бутан, Ирак, Оман, Бахрейн тулары көтеріліп, әнұрандары шырқалды. Ресми іс-шарада біздің құрама қыз-жігіттерінің қатары өзге елдің спортшыларынан анағұрлым көп болды. Ел делегациясын Ұлттық Олимпиада комитеті Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов, комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, регбиден ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Анна Яковлева, бокстан әлем чемпиондары – Асланбек Шымбергенов, Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан бастап шықты.
22 Қыркүйек, 2023
«Дударайды» орыс қызынан қызғанғаннан не табамыз?» деген мән-мағынасы таласты мақаланы оқып, қайран қалып отырмын.
21 Қыркүйек, 2023
Табиғаттың құбылмалы өзгерісі ойлантады
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігі мен құрғақшылық салдарынан еліміздегі астық өнімділігі бірден 37 пайызға кеміген. Эколог мамандар су үнемдеу мен оны пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін өңірлерде жеке бағдарламалар қабылдануы керек деп есептейді.
21 Қыркүйек, 2023
Ризабек Айтмұханның әкесі: 10 жасынан күреске баулып, әлем чемпионы болатынына сендім
Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемдік доданы алдымен еркін күрес балуандары бастаған. Еліміздің еркін күрестен ерлер құрамасы 1 алтын, 1 қола медаль олжалады. Қазақ спортының тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атағын Ризабек Айтмұхан иеленді. 19 жастағы оғлан Белград бозкілемінде 92 келі салмақта күреске түсіп, қарсыластарының барлығын айқын ұтты. Ризабек финалдық белдесуде әзербайжандық Осман Нурмагомедовпен күресті. 0:2 нәтижесімен ұтылып жатты да, алты минуттық белдесудің ақырғы 40 секунды қалғанда есепті теңестіріп қана қоймай, 5:2 есебімен жауырынын жер иіскетті.
21 Қыркүйек, 2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қыркүйек, 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
21 Қыркүйек, 2023
Astana Media Week: Серіктестік пен әріптестік алаңы
Елордада отандық және шетелдік медиаиндустрияны дамыту және өзара іскерлік қатынастарды күшейту үшін мемлекеттік, тәуелсіз, кәсіби және жаңа медиа өкілдерінің басын қосқан кезекті Astana Media Week 2023 апталығы басталды.
21 Қыркүйек, 2023
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қыркүйек, 2023
Астықты өлкеде жаз бойы аспаннан нәр тамбаған құрғақшылықтың салдарынан алқап қойнауына сіңірген дән бой салып өспей, диқандарды бір қобалжытса, күзгі үздіксіз жауған ақ жауын «жығылғанға – жұдырық» болып тұр. Облыс диқандары 5 миллион гектардан аса егістік алқабының небәрі 20 пайызға жуығын ғана жинай алды.
21 Қыркүйек, 2023
Экономика және өндірістің ең ежелгі, халқымызға ең етене саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Шаруа баққан, мал сүмесіне қараған, жер емген ауыл, дала еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты бұл сала кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді.
21 Қыркүйек, 2023