Редакция таңдауы
«Мемлекеттің әл-ауқатын жолына қарап таны» деген тәмсіл бар. Жолы тақтайдай тегіс елдің экономикасы да мықты деген сөз. Ал бұл тұрғыдан Шымкенттен үлгі алатын тұсы жетерлік. Қала республиканың үшінші мегаполисі атанғалы ерекше қарқынмен дамыды. Игерілмей жатқан бос аумақтардың орнына көпқабатты үйлер салынып, жаңа шағын аудандар пайда болды. Бұл үрдіс әлі де жалғасып жатыр.
16 Маусым, 2023
Жақында жарыққа шыққан «Әліппені» оқытуға арналған әдістемелік көмекші оқу құралының авторы – Ділдәгүл Нұрмаханбет.
16 Маусым, 2023
Республиканың ең белсенді ауыл әйелдері бас қосып, ел бесігінің тұрақты дамуына қатысты сындарлы ұсыныстарын білдіретін Қазақстан әйелдерінің аймақтық форумы осымен алтыншы рет өткізілді. Расында да, «Ауыл әйелдерінің форумы» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын іздейтін, бастамаларды талқылайтын алаңға айналды.
15 Маусым, 2023
2022 жылы әскерге шақырылған сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеген соң жоғарғы оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Оларға 1500 орын бөлініп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрлігі аппарат басшысы, полковник Ербол Құмарбекұлы мәлім етті.
15 Маусым, 2023
Кадр тапшылығы қайтсе шешіледі?
Тәртіп сақшылары жыл он екі ай бойы тынымсыз жұмыс істесе де, қылмыс саны азаймай тұрғаны кімді де болса ойландыруға тиіс. Өткен жылдың қорытындысына зер салсақ, өңірде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер 128 қылмыс жасапты. Полиция департаменті келтірген дерекке көз жүгіртсек, жоғарыда айтылған 128 қылмыстың 17-не қатысты 2016, 2020, 2021 жылдары іс қозғалып, өндіріс 2022 жылы аяқталған.
15 Маусым, 2023
Ізденістен қол үзбеген дәрігер
Медицина саласының сан салалы сатысынан өтіп, мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген тәжірибелі маман қай кезде де қадірлі емес пе? Әсіресе ел егемендігінің елең-алаңындағы қиын-қыстау шақтарда, шыңдалған сала мамандары бүгінде ел ағасы болып, жастарға бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Жоғары санатты хирург-дәрігер Бағдат Алатаев та өзінің күнделікті қарбалас жұмысынан бос уақыт тауып, жастарға білген-түйгенін үйретуден әсте бір жалыққан емес.
15 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде жазған бір пікірінде «Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек» деген болатын. Шынында да, денсаулық сақтау саласы үздіксіз дамуды қажет ететіндігі сөзсіз.
15 Маусым, 2023
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ел қорғаған азаматтарымызға қатысты деректер күні бүгінге дейін толық ашылған жоқ. Соның бірі – 1945 жылы сәуір айында небәрі 19 жасында Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, «Қызыл Ту» орденінің иегері, взвод командирі Пірімжар Наурызбаев туралы дерек.
15 Маусым, 2023
Қаза тапқан орманшылардың отбасына пәтер берілді
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт кезінде көз жұмған орманшылардың отбасына пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді мерейтойымен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Маусым, 2023
Өртті толық сөндіруге тағы 4-5 күн керек - ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы өртті толық өшіруге тағы 4-5 күн керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2023
Абай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Абай облысының орман алқабында орын алған өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2023
Қойма тапшылығы қымбатшылыққа ұрындырады
Елімізде көкөніс пен жеміс-жидектерді көктемге дейін сақтау үшін картоп қоймаларының қуатын үш есе, жеміс-жидек қоймаларының қуатын екі есе арттыру қажет. Мұндай нысандарды салудың қарқынына қарағанда, көзделген меже 2025 жылдың соңына дейін орындалмауы мүмкін.
15 Маусым, 2023
«Қазақстанда жасалған» өнім қашанғы қағажу көреді?
Өнімдеріміздің халықаралық нарықта танымалы некен-саяқ. Мұндайда маңдайы жарқыраған мұнай мен мұнайдан алынатын өнімдерден өзге, күллі әлемде көш бастаған уран өндірісін мысалға келтіре аламыз. Ішінара кондитерлік өнімдер мен ет және ұн қосылған сапалы тағамдарға да сырттан сұраныс жоғары...
15 Маусым, 2023
Өңдеуші сала өсім драйверіне айнала ала ма?
Ұзақ уақыт бойы еліміздің ішкі жалпы өніміндегі өңдеуші сектордың үлесі 10-11 пайызды құрап келді. Тек 2020 жылы ғана көрсеткіш 13 пайызға жетті. Оның өзі, ең алдымен, металлургиядағы жоғары үлесті (43,5%) сақтау есебінен мүмкін болған. Халықтың әл-ауқатын, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етумен байланыстырылатын сала озудың орнына ортайып, ұсақталып бара жатқандай.
15 Маусым, 2023
Электрондық коммерция нарығының деңгейі
ЕЭК Сауда жөніндегі алқасының мүшесі Андрей Слепнев 12 мамырда, Мәскеуде өткен брифинг барысында ЕАЭО елдері бірыңғай электрондық коммерция нарығын құруға қам жасап жатқанын хабарлады. «ЕАЭО-да бірыңғай электрондық коммерция нарығы болуы керек. Деректерді сақтауды қорғау, оларды стандарттау, тұтынушылар мен сатушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешу қажет», деді ЕЭК министрі Андрей Слепнев.
15 Маусым, 2023
Әлеуметтік қорғау инспекторлары іске кіріседі
Әлеуметтік саланың тілімен айтқанда, ерекше адамдарға ерекше қамқорлық қажет. Ондай әлеуметтік жағдай жасауға еліміздің әлеуеті жетеді. Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру – өркениетті қоғамның міндеті. Енді мұның бәрін қадағалап, реттеп, олардың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізіп отыратын құзырлы сала құрылмақ. Әлеуметтік кодекске сәйкес, биыл 1 шілдеден бастап елімізде әлеуметтік қорғау инспекторлары жұмыс істейді.
15 Маусым, 2023
Аумақтық әскердің қуаты қандай?
Елімізде аумақтық әскерлердің құрылғанына 6 жыл толды. 2017 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Ал 2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қарулы күштер аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды.
15 Маусым, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті ұпайларын жариялады.
15 Маусым, 2023