Редакция таңдауы
Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?
Қазақстандықтар мамырда неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Сәуір, 2023
Араб тіліндегі «фитр» сөзінің тілдік мағынасы «жаратылыс», «оразада ауыз ашу» дегенді білдіреді. Қазақ тілінде «пітір» деп қолданысқа еніп кеткен. Бұл – рамазан айындағы оразасын тәмамдау және біліп-білмей істеген қате-кемшіліктеріне төлем ретінде немесе әр адамның жеке басы үшін берілетін садақа, деп жазады Egemen.kz islam.kz сайтына сілтеме жасап.
07 Сәуір, 2023
Қаңтар оқиғасына қатысы бар Сәбит Құрманиәлиев 6 жылға сотталды
Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Сәуір, 2023
Қарасу ауданындағы Тінтуір өзені тасып, кемерінен асқан су Қарамырза ауылына кіріп кетті. Облыстық ТЖД мамандары су басқан елді мекендегі 35 тұрғын үйдің қауіпті аймақта қалғанын, Набережный көшесінде апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 15 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланғанын мәлімдеді.
07 Сәуір, 2023
Ауыл және агломерациялық ахуал
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында елдің дамуына қатысты біраз мәселені қамтып, маңызды бағыттарды тағы бір нақтылады. Оның ішінде ауылды жерлердің әлеуетін арттыруға баса назар аударды. Осы орайда ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы мен тірек ауылдардың тіршілігі туралы толғанып көрген едік.
07 Сәуір, 2023
Өкінішке қарай, Алматыда есірткіге тәуелді 1 130 нашақор ресми тіркелген екен. Ал осы жылдың екінші тоқсаны енді басталғанына қарамастан полицейлер есірткіге қатысты 205 қылмысты анықтаған. Оның ішінде тәртіп сақшыларының табанды жұмысының нәтижесінде есірткі сатуға қатысты 35 әрекеттің жолы кесіліпті.
07 Сәуір, 2023
Қызылша ауруының себеп-салдары
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдегендей, 2021-2022 жылдары қала бойынша қызылша мен қызамықтың зертханалық расталған жағдайлары тіркелмеген. Алайда көші-қон үдерісі Алматының эпидемиялық ахуалына кері әсер етіп отыр.
07 Сәуір, 2023
Алаштың ардақты қайраткері, көшбасшы ғалымдарының – бірі Халел Досмұхамедұлы: «Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», деп жазады. Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел үшін жан аямай еңбек еткен тұлғаны қастерлеу әрі ұлықтау – бәрімізге ортақ парыз.
07 Сәуір, 2023
Мұнай өндірісі қысқаруының нарыққа әсері
Өткен аптада ОПЕК+ күтпеген жерден мұнай өндірісін тәулігіне 1,66 млн баррельге қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл іске алғашқылардың бірі болып білек сыбана кіріскен Сауд Арабиясы өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеді. Оның ізін ала бұл бастамаға Ирак (211 мың баррель), Кувейт (128 мың баррель), БАӘ (144 мың баррель), Алжир (48 мың баррель) үн қосты. Ресей наурыздан маусымға дейін жариялаған қысқартудың жыл соңына дейін жалғасатынын (500 мың баррель) мәлімдеді. ОПЕК+ бастамасына сәйкес Қазақстан да мамыр айынан бастап өндірісті тәулігіне 78 мың баррельге дейін азайтады.
07 Сәуір, 2023
Орман – елдің байлығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде бес жыл ішінде орман қорын еселеп молайту туралы тапсырмасы бар. Өңір 2021-2022 жылдары 2 млрд-тан аса ағаш көшетін отырғызуға тиісті. Қазіргі күні «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында толымды жұмыс атқарылып жатыр.
07 Сәуір, 2023
Еліміздің бес өңірінде сұйытылған мұнай газы (СМГ) қымбаттайтын болды. «Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю стансаларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі №16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
06 Сәуір, 2023
Қыстай қалтырайтын қала екінші Екібастұзға айналмай ма?
Осыдан отыз жыл бұрын... Қыстың қақ ортасында Ұлытау өңіріндегі жылусыз, сусыз, жарықсыз қалған қос қаланың бірі Сәтбаев қаласы еді. Араға отыз жыл салып сол күндер қайта оралып жүрмесе екен. Шындығына келгенде, мұндай қауіп жоқ емес...
06 Сәуір, 2023
Сарбаз шақтан мамандық таңдауға дейін...
Егемендік алған жылдан күні бүгінге дейін Қарулы күштердің жауынгерлік-тактикалық дайындығына, ұрыс құралдарын сатып алуға, оны шебер меңгеруге көбірек көңіл бөлінді. Тек былтыр мерзімді әскерден оралған сарбаздардың жоғары білім алуына жеңілдік қарастырылатыны туралы хабарды естіп, сарбаздарды іс жүзінде ынталандыруға басымдық берілгенін білдік. Бұл ірі жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды әскери қызметке ынталандыру жөніндегі тапсырмасы негізінде қолға алынды.
06 Сәуір, 2023
«Сұрақ белгісінің» жауабы табылды
Екібастұздан елордаға ем іздеп келген Владимир секілді науқастарды дәрігерлер «Сұрақ белгісі кейпіндегілер» деп атайды екен. Яғни мұндай адамдар бүкірейген бойын тік ұстай алмай, жылдар бойы сүйек ауруының зардабын тартады. Алайда бұл азаптан да құтылуға болатынына Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында жасалған операция көз жеткізді.
06 Сәуір, 2023
...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек. ...Жасы бүгінде сексеннің үшеуінен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев жарты ғасырдан астам уақыт бойы фотосуретшілікпен шұғылданған жан. Қазақ жерінде аяғы тимеген жері аз деуге де болады. Әйтеуір, осы салада кәсіби маман тұрғысында ерен еңбек етіп, елінің абыройын арттырған ардақты азаматтарды ғана емес, қарапайым жұмыскерлерді де қырағы объективіне алды. Таңғажайып табиғат көріністерінің бедерлі бейнесін жасады. Ол кісінің қазақ өнерінің майталмандары туралы суреттерінің, тіпті жөні бөлек.
06 Сәуір, 2023
Ұстаз – жан баласының жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін ардақты тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі де ұстаз. Біз бүгінгі мақаламызда ұлағатты ұстаз, белгілі өнертанушы ғалым, мәдениет саласының саңлағы, қазақ биінің білгірі – Тойған Ізімнің шығармашылығы мен педагогикалық қызметі туралы айтсақ дейміз.
06 Сәуір, 2023
«Жәмиләнің әні» қалай жазылды?
Оның кез келген туындысынан кемелдік пен тереңдік бірден аңғарылатыны даусыз. Ән әлемінде өзіне тән қайталанбас иірімдерімен тыңдармандарының жүрегінде өшпес із қалдырған Қазақстанның Еңбек Ері, әйгілі композитор Илья Жақановтың әрбір шығармасы талғамы биік өнерсүйер қауымды бейжай қалдырмайды. Біржан сал мен Ақан серінің әндерінен бойға қуат, ойға шуақ алған өнер иесінің батыстық экспансия жетегіндегі эстрадаға сын көзбен қарауы да заңдылық.
06 Сәуір, 2023
Өнер атаулыға құпия, тылсым, аңыз-әңгіме сынды ұғымдар таңсық емес. Талай ғасырлар бұрын туған әсем дүниеге жұрт осы заманда да таңғалып, тамсанып жатады. Тіпті, туындының тереңінде көмілген кей сырлары араға жүздеген жыл салып, су бетіне шығуы да бек мүмкін.
06 Сәуір, 2023
Дүниеде адам баласына ең керегі – еркіндік. Еркіндігің шектелсе, кешкен ғұмыр, сүрген дәурен сүреңсіз түске айналады. Оны жоғалтсаң, бәрін жоғалтуың мүмкін. Біз айтып отырған еркіндік – ессіздік немесе есалаң өмір кешу емес, жаның қалағандай, өз қалыбыңда шынайы өмір сүру. Бәлкім, ең үлкен күрес осы еркіндік үшін күрес шығар...
06 Сәуір, 2023
Қазақстан футболдан ФИФА рейтингінде жоғарылады
FIFA футболдан әлем рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Сәуір, 2023