Редакция таңдауы
3D басып шығарған зымыран тасығыш ғарышқа ұшуға дайын
Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағының ұшыру алаңында америкалық Relativity Space компаниясы жасаған Terran 1 зымыраны орнатылды және сынақтан өтуге дайын. Бұл толығымен дерлік 3D басып шығару әдісімен жасалған алғашқы зымыран тасығыш, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2023
АҚШ Bereke bank-ке салынған санкцияны алып тастады
АҚШ соғысқа байланысты Ресейдің көптеген компаниялары мен жеке тұлғаларына санкциялар енгізген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2023
Астанада цифрлық активтерді заңсыз айырбастау әрекеті анықталды
Елордада жалпы айналымы 34 млн долларды құраған «ABS Change» крипто айырбастау пунктінің заңсыз қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Наурыз, 2023
Ұлыбританияның шетелдегі әскери базасы ашылды
Ұлыбритания Норвегияның солтүстігінде НАТО-ның Арктикадағы рөлін күшейту үшін әскери база ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2023
Әлихан Смайылов әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Әлихан Смайылов нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Наурыз, 2023
Гүл бизнесінің тек мерекелік күнтізбелердегі сән-салтанаттық рәсімдерге ғана емес, күнделікті тұрмысымызға тәуелді екені жыл өткен сайын байқала бастады. Өміріңе із қалдырған қуанышты сәттерде бір-бірімізге гүл сыйлағымыз кеп тұрады. Гүлдердің әдемілігіне бас имейтін адам жоқ. Әсіресе әйелдердің ықыласы ерекше. Қазір туған күн де, үйлену тойы да, тіпті марқұммен қоштасқан қаралы жиындар да гүлсіз өтпейді. Басқаша айтқанда, дүние есігін гүлмен ашып, гүлмен жабатын дәстүр тұрмысымызға тереңдеп, енді, жан-жағымызға деген ілтипатымыздың белгісі ретінде қалыптасты.
08 Наурыз, 2023
Шындығында әйел – отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Көктемнің ең әдемі әрі әсерлі мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан арулары туралы бірер жылы сөз айтқанды жөн санадық. Құқықтық тәртіп әскерінің нәзік жанды арулары ерлермен бірге иық тіресе қызмет ете отырып, отбасының да жылулығын сақтап жүрген асыл жандар. Сондай сұлу да ақылды әскери қызметші-әйелдер Ұлттық ұлан қатарында абыройлы қызмет етіп жүр.
08 Наурыз, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, PhD Асылай Құрманбаева ғалымдармен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру стратегиясын әзірлеуді бастады. Сарапшылар өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне бейімделу механизмдерін зерттеп, оған төзімді сұрыптарды жасауға қатысты тың деректерді тапты.
08 Наурыз, 2023
Көп жағдайда кәсіпорындардағы ауыр жұмысты тек ер-азаматтар істейді деп ойлаймыз. Алайда Ақтөбе ферроқорытпа зауытында талай жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әйел затының үш буын өкілін кезіктіруге болады.
07 Наурыз, 2023
Жаны нәзік демесеңіз, әйел баласы қоғам дамуына қозғау салатын қай істің де бел ортасынан табылып, ел өркендеуі жолында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді. Біздің айналамызда мұндай қайсар ханымдар аз емес. Солардың бірі – бар қажыр-қайратын әскери журналистикаға арнаған әріптесіміз Тамара Дәулетбаева.
07 Наурыз, 2023
Қазақ ғылымына өз үлесімізді қоссақ деп талпынып жүрген жастар аз емес. Шыны керек олардың білімін тереңдетіп, тәжірибесін жетілдіруге «Болашақ» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама аясында қазақтың білім қуған ұл-қыздары әлемнің әр қиырындағы маңдайалды оқу орындарына түсіп, тәжірибе алмасып, қанаттарын қатайтты. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі ғылым саласына үлес қосып жүрген жастар баршылық. Соның бірі – Арай Ильясова-Шенфельд. Ол «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. Кейіпкеріміз 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік оқу орны Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітіріп, кейін 2017 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
07 Наурыз, 2023
Жас ғалым Жанар Айменова келешекте ұлт саулығын сақтауға пайдасы тиетін маңызды жобамен айналысып жатыр. Онысы – Ақсу-Жабағылы қорығында өсетін сирек өсімдік – көктем гүлін зерттеп, қайта көбейту және одан ісікке қарсы биологиялық белсенді қоспа дайындау.
07 Наурыз, 2023
Түркиядағы ғасырлық апат Алматының уайымын еселеді. Қашанда сейсмикалық белсенділігі жоғары қалалардан қауіп көп. Зәулім ғимараттар қирап қана қоймай, тұрғындарды басып қалуы мүмкін. Құтқарушылар келгенімен, үйінді астынан бәрін аман алып қалу өте қиын. Осы ретте жас ғалымдар «Saver» роботын ойлап тапты. Бұл – қиранды астындағы адамдарға араша болар алғашқы көмек.
07 Наурыз, 2023
М.Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Әлжанова: «Мен ақын емеспін, бірақ ойымды өлеңмен өрнектейтінім бар», дейді. Ал былайғы жұрт оны ақын деседі және «өлеңге таласы бардың» бәрі мойындайды да. Ақындығы өз алдына. Бүгінгі әңгіме – ақындығы емес, ұстаздығы туралы. Еліміздің «Үздік ұстазы» атанған Мөлдір Жақсыбайқызы «Мен шәкірттің шырағын жағу үшін мектептемін» (Мағжан), дейді.
07 Наурыз, 2023
Үш-төрт жас шамасындағы кішкентай сәби томпаңдап жүгіріп келіп әжесінің алдына отыра кеткен. Өз тілінде былдырлап бірдеңе айтады. Әжесі ести қоймады ма қайдам, назар аудармап еді, жеңінен жұлқылап, бетімнен сүйші дегендей ишара жасады. Әже де мейірін төге салған. Екеуінің жан тебірентерлік сүйкімді суреті көңіліңді көктем етеді екен. Әдемі жарастық.
07 Наурыз, 2023
Алғысқа бөленген етікші келіншек
Маңдай терімен табыс табатын қарапайым мамандық иелерінің қатарында етікші де бар. Бірақ етікшінің еңбегін кім елеп жатыр? Жұрт күнделікті киіп жүрген аяқкиімінің сырмасы бұзылып, ұлтаны тозса ғана етікшінің көмегіне жүгінеді.
07 Наурыз, 2023
Айманда бәрі бар. Атақ, абырой, қызмет, дос, жолдас... Алайда Айманды қазақ көрермені мен тыңдарманы біле бермейді. Ол рас. Өйткені Айманның өнері – киелі, текті өнер. Мұхтар Шаханов айтпақшы, «Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін» асқар да асқақ дүние.
07 Наурыз, 2023
Біздің ата-бабаларымыздың мыңжылдық тарихында аналарға деген құрмет балбал тастардағы мүсіндерден де көрінетін шығар. Ұлы дала төсіндегі тас мүсіндер, балбал тасқа айналған әзіз аналар қасын керіп, ерінің қасында кең даласын әлі күнге күзетіп тұрғандай. Түркілер мәдениетіне жататын таңғажайып ескерткіштердің тылсымы, құпиялы күрсінісі жаныңды баурамай қоймайды. Еріксіз айналып келіп қайта қарайсың.
07 Наурыз, 2023
XX ғасырда қазақ жазушылары көтерген «әйел теңдігі» мәселесі ауқымды тақырыпқа айналды. Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов бірігіп жазған «Адамдық негізі – әйел» мақаласында: «Әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» деп ұлтқа үндеу тастады. Сол тұста дінді дұрыс түсінбеген әм түсіндіре алмаған дүмше молдалар себебінен әйелдер дәрменсіз, орайы келсе сабап алуға болатын, мал саудасын үдетер тиімді зат секілді дәрежеге түсті. Жеке құқықтары аяққа тапталды. Бұл жайлы «Қалың мал», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі», «Ақбілек» секілді шығармаларда жазылған болатын.
07 Наурыз, 2023
Қыз Жібек – сұлулық пен әсемдік нышаны
Қазақтың рухани көне мұраларының бірі – «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырында қаймағы бұзылмаған қазақ қоғамының сипаты анық көрінеді. Жырда ел бірлігін сақтау мен туған жерді қорғау ісінің маңыздылығын негізгі ұстын ете отырып, адамгершілік, махаббат, адалдық, тазалық, сұлулық тақырыптары кеңінен қозғалған. Мұнда Қыз Жібектің бейнесі, іс-қимылы арқылы сұлулық пен әсемдіктің табиғатын жүрек көзімен көресің, қазақ қызына тән ұяңдық пен өрлікті, нәзіктік мен қайсарлықты жан дүниеңмен сезінесің.
07 Наурыз, 2023