Редакция таңдауы
«Қалқаман-Мамыр»: сирек жанрдағы премьера
Шәкәрім – өткен ғасырдағы ең құпия, ең тылсым есім. Ұлтын ағарту жолында адамдық борыш үшін күрескен қайраткер тұлғаның поэмалары ойлы оқырманның алтын қазынасына айналды. «Астана Опера» театрында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасы желісі бойынша жазылған «Қалқаман – Мамыр» ұлттық опера-балетінің премьерасы өтті. Композитор Балнұр Қыдырбектің музыкасымен әрленген қойылым 28-29 желтоқсанда көрерменге жол тартты. «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин болса, қоюшы режиссер – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.
06 Қаңтар, 2023
«Балалар жазушысы» деген – жаңсақ түсінік
Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?
06 Қаңтар, 2023
Абай мұрасы: Дүние бос па, әлде дос па?
Абайды сәл ғана атүсті оқысаң, өлеңінің де, қара сөзінің де мағынасы ауысып, басқа ой-идеяға жетелеуі мүмкін. Ол Абайдың сөз қолдану ерекшелігінде жатса керек. Ақын жазғанда оқырман түсінбей қалады-ау деп қауіптенбеген, оқырманның өресін өз дәрежесіне тең көріп жазған. Оны Ахмет Байтұрсынұлы «Ол Абайдың кемшілігі емес, оқырмандыкі» дейді. Оның үстіне Абай лексикасының өз ерекшеліктері бар.
06 Қаңтар, 2023
Жастар жұмыссыздығы: себеп пен салдар
Елімізде инженер, есепші, орта мектеп мұғалімдері тапшы. Медицина мен өнеркәсіп саласында да мамандар жеткіліксіз. Десе де Астана мен Алматы өңірінде «екі қолға бір күрек таппай» сенделген жастар көп. Яғни Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешімін таппай отыр. Күрмеуі қиын түйткілдің себебі неде? Салдары қандай?
06 Қаңтар, 2023
Мамандық таңдаудағы маңызды тетік
Жасөспірімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттау – қоғамдағы маңызды мәселе. Мегаполис жастарын жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуға ынтасын ояту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
06 Қаңтар, 2023
Былтыр Қазақстанның халық жазушысы, санаткер, драматург Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл толды. Отандық әдебиетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті қаламгердің немересі Дина Саянқызы атасының мерейтойына керемет сый жасағанын айтқымыз келеді.
06 Қаңтар, 2023
Біздің алдымызда реформаларды толық іске асыру міндеті тұр - Ерлан Қарин
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин 2022 жылдың қаңтар айында болған бейбіт наразылық акциялары жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2023
Қаңтар оқиғасынан кейін қанша адам сотталды?
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс отырысы барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қанша адам сотталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2023
Руслан Желдібай жаңа лауазымға ие болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы Ақорда сайтына жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2023
Қаңтар оқиғасында ұрланған 1900-ден астам қару әлі табылған жоқ
Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Парламент Мәжілісінің кулуарында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару жайлы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2023
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2023
Қазақстанда қанша жол жабық тұр?
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға 500 бірлік арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2023
Жаңа жылды даланы жаңғыртып, отшашумен қарсы алу дәстүрге айналғаны қашан. Балалар былай тұрсын, үлкендердің өзі қызық қуып, аспанға мойын бұратыны рас. Өкінішке қарай, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан қызықтың соңы қайғыға ұласатын кездер көп. Жаңа жыл қарсаңында елімізде отшашуды қолдану кезінде күйік алудың 15 фактісі тіркелген.
05 Қаңтар, 2023
Әу бастан тағдыры тасқа қашалған халықпыз. Қасиетті қоныс Өтүкенде туын тіккен көне түркі жұртынан қалған Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін жазба ескерткіштері соны айғақтайды. Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр кеңістіктің өне бойында еңсе тіктеген балбалдар мен құлама жартаста бедерленген суреттер де байырғы дәуірлердің құпиясын арқалаған хабаршылар іспетті.
05 Қаңтар, 2023
Тәуелсіздігімізге қауіп төндірген 2022 жылдың қаралы қаңтары жүректегі жараны әлі жазған жоқ. Мемлекеттік құпияға байланысты тергеу жұмыстарының барлығы халыққа әлі де жетпей отыр. Аласапыран кезеңнің қанды хроникасы туралы не білеміз? Қандай ой түйдік? Мемлекет басшысының ұстанымы мен ұсынған жолы қалай қабылданып жатыр?
05 Қаңтар, 2023
Заңға құрмет – мемлекетке құрмет
Менің түсінігімдегі әділет – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де – барлығы заңға бағынуы керек. Сондай-ақ заңды ел азаматтары да сақтауға тиіс. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да заң аясында болуға тиіс. (Қасым-Жомарт Тоқаев. Facebook парақшасынан, 8 мамыр 2019 жыл)
05 Қаңтар, 2023
Қазір Қазақстанда екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Өткен жылдардағы цифрларға қарасақ, банктердің біршама сиреп қалғанын байқаймыз. 2014 жылы елімізде 38 банк жұмыс істесе, 2017 жылы – 32, 2020 жылы – 26, ал 2022 жылы қыркүйекте 22 банк болды. Әрине, жұмысы өнбеген банктердің нарықтан кетіп, стратегиясы әлсіз ұжымдардың күшті институттар құрамына жұтылуы – табиғи заңдылық. Осыдан екі-үш жыл бұрын ел аумағында Tengri Bank, Delta Bank, Qazaq Banki, Astana Bank секілді қаржы мекемелерінің болғанын біріміз біліп, біріміз білмейміз.
04 Қаңтар, 2023
Отандық автонарықтағы 2021 жылғы тенденция былтыр да сақталды. 2022 жылы да сатып алушылар тарапынан Chevrolet, Hyundai, KIA, Toyota және LADA автомобильдеріне сұраныс көп болды. Жалпы, еліміз бойынша сатылған автомобильдердің 76 пайызы осы маркаларға тиесілі. Әсіресе Chevrolet Cobalt, Chevrolet Nexia және Hyundai Tucson модельдеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ былтыр Toyota Camry автомобильдері Қазақстанда көп сатылған 10 модельдің қатарынан шығып қалды.
04 Қаңтар, 2023
Ерекең, Ержұман аға есімін қазақ журналистикасының соңғы үш буыны өте жақсы біледі десек, бұл артық айтқандық емес. Олар: кешегі аға ұрпақ өкілдері мен өзіміз сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің замандастары және кейінгі ізбасар іні әріптестері. Өйткені оның орта мектепті бітірген соң міндетті әскери борышын өтеп, одан КазГу-ге оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейінгі 42 жылға жуық өмірі міне, жоғарыда аталған жандардың ортасында өтті. Атап айтқанда, «Лениншіл жаста» аты аңызға айналған редактор Сейдахмет Бердіқұловтан тәлім-тәрбие алып, «Социалистік Қазақстанда» білімді де білікті басшылар Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлынан тәжірибе жинақтады. Кейін бұл басылым «Егемен Қазақстан» атанғанда бас редакторлық қызмет атқарған атақты Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевқа сенімді серік болды. Одан соң осы жерде замандастары Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижанов және Жанат Елшібекпен жұмыс істегенде, өзара сыйластық пен түсіністіктің үлкен үлгісін көрсетті. Ал ізбасар інілері Сауытбек Абдрахманов, Еркін Қыдыр, Мейрамбек Төлепбергенмен еңбек еткендегі ұстамды да ұлағатты бірлік белгісін сол кездегі ағамызбен қызметтес болған әріптестері өте жақсы біледі.
04 Қаңтар, 2023
Қазақстанда шешімін таппай тұрған өзекті мәселенің бірегейі – коммуналдық желілердің тозуы. Жақында болған Екібастұз проблемасы біздің коммуналдық инфрақұрылымда үлкен проблема бар екенін көрсетіп берді. Егер негізгі қорлардың тозуы 45 пайызға дейін болса, онда бұл қалыпты жағдай саналады екен. 45-60 пайыз аралығы дағдарыс алдындағы ахуалдан хабар береді. Ал 65 пайыздан жоғары деңгейдегі тозу апатты жағдайдың жақындағанын және жылу мен энергия берудегі төтенше жағдайлар жиілігін аңғартады.
04 Қаңтар, 2023