Редакция таңдауы
Біліктілікті арттыру бағытындағы бастама
Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауындағы тапсырмасы бойынша «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілді. Аталған құжатты әзірлеуде Эстония, Сингапур, Ресей сияқты елдердің тәжірибесі ескерілді. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.
03 Қазан, 2022
Нарықты дамыту қалай жүзеге асып жатыр?
Қаржы саласында дүркін-дүркін өзгеріс болып жатыр. Оның бірі жаһандық әсерге байланысты жоспардан тыс пайда болса, енді бірі мемлекеттің бастамасымен жүзеге асырылады. Қайсысы болсын, қаржы нарығы тұтынушыларының игілігі үшін іске асырылады. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері саладағы бірқатар мәселені ел алдында баяндап, даму үрдістерінің қазіргі үдерістерін сипаттады.
03 Қазан, 2022
Ғасырлық тарихы бар Қайнар орта мектебі – еліміздің ғылымы мен білімін, экономикасы мен мәдениетін дамытуға мол үлес қосқан мыңдаған талантты тұлғаны тәрбиелеген бай тарихы бар, көне мектептердің бірі.
03 Қазан, 2022
ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-саяси өмірдің жандануымен ұлттық элитаның елдік мәселені шешуге бағытталған қоғамдық қызметтері, сол кездегі басты бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – баспа ісі мен баспасөздің кең таралуына алғышарттар қалыптастырды. Білімді, көзі ашық интеллектуал қауымның ортасында ұлттың ұлттық мәні мен мазмұны, соған сәйкес әлеуметтік саяси санасы, бейнесі талқыланып, ұлттық мүдделері саяси деңгейде тұжырымдалып, ұлт болып қалыптасудың негіздемелері идеялық деңгейде баспасөзі арқылы халыққа жеткізілді. Бұл арнада қазақ халқының ұлттық рухы мен сана-сезімін оятуға бағытталған Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» атты шығармасы мен Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты еңбектерінің маңызы зор болды.
03 Қазан, 2022
Дауылпаз ақын, қазақтың көне жыраулық өнерінің ірі өкілі Ақтамбердінің халқына қалдырған сөзі ұлтымызға әрдайым рух беріп келеді. Бар өмірі басқыншылармен күреске арналғаны «Он жетіде кұрсанып, Қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, Құдай, тілекке!» деген жыр жолдарынан анық аңғарылатын Ақтамбердінің елдікті сақтауға, туған жерді қорғауға үндейтін өлеңдері өзінің өміршеңдігін көрсетіп, халықтың жылы жүрегінен орын алған.
03 Қазан, 2022
Гүл – сұлулық пен ізгілік рәмізі
Кең байтақ қазақ поэзиясында гүл туралы тұңғыш өлең жазған ақын кім екен деп ойға қаласың кейде. Абай бастаған берідегі ақындардың қай-қайсысынан болсын кездестіреріміз анық-ау. Біздің даланың топырағы ұлы, тамыры терең болмаса Абай қайдан шықты деген сұрақ көлденеңдейді. «Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл, сипаттауға қызығын жетпейді тіл» (Біржан сал) дейтін жолдар да жоқтан туа сала ма? Қайткен күнде қазақ топырағына біткен құнардан өнген өлең-жырдың тамыры тым-тым тереңде екені талас тудырмайды.
03 Қазан, 2022
Алматыда Red Jolbors XI Орталық Азия коммуникациялар фестивалі өтті. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжаннан 450-ден астам адам қатысты. Red Jolbors аясында білім беру бағдарламасы ұйымдастырылып, үздік коммуникациялық және жарнама шешімдері байқауы өтті.
03 Қазан, 2022
V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі делегациясы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Түркияға арнайы барып, ақжолтай жаңалықпен оралып отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
600 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр
Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың жартысынан көбі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
«Жасыл даму» ескі агротехникаға өтемақы төлейді
«Жасыл даму» отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады - Премьер-Министр
Бұл туралы Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Биыл 20 қараша күні сайлау өтеді. Алдағы сайлау – 2019 жылдан бері қолға алынған саяси реформалардың жүйелі жалғасы.
03 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының халқымен кездесіп, өңірдің дамуына қатысты мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді белгіледі.
03 Қазан, 2022
Жусаны жыр оқып, татыры ағыл-тегіл тарих болып ақтарылған қасиетті қарт Торғайдың қақ төрінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған торқалы той өтті. Дүбірлі тойға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп қатысып, Алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткішін ашты.
02 Қазан, 2022
Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығыстың салқыны әлемге оңайға тимей тұрғаны белгілі. Алғы шептегі іргесі сөгілген әскерінің орнын толтыру үшін Кремль билігі ішінара мобилизация жариялады. Алайда осыдан кейін ел тұрғындары көршілес мемлекеттерге жөңкіле көшті. Олардың бір легі Қазақстанға келді. Осыған байланысты елімізде түрлі пікір қалыптасқаны белгілі. Дегенмен тоғызыншы территорияның тарихына көз жүгіртсек, халқымыздың мұндай «көштің» талайын бастан өткергеніне куә боламыз.
02 Қазан, 2022
Кинология жайлы естуіңіз болса да ақылды иттердің ақымақ адамдардың қылмысын әшкерелегенін кинодан ғана көруіңіз мүмкін. Ал бізге бір күн бойы иісшіл иттер мен иесі арасындағы достық байланысты көзбен көру бақыты бұйырды. Сол достық сезім қаншама қылмыстың ашылуына сеп болды десеңізші...
02 Қазан, 2022
Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барша мұғалімдерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz министрдің Telegram арнасына сілтеме жасап.
02 Қазан, 2022
Ажар Ғиният Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында 75 төсек-орынға есептелген Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының есімі ешқашан ұмытылмайды - Мәулен Әшімбаев
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2022
Тамара Дүйсенова зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, аға ұрпақ өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Қазан, 2022