Редакция таңдауы
Алдағы жеті жылға үміт артамын - Қарақат Әбден
Қазақстан Президенттігіне «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2022
Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн - Жигули Дайрабаев
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2022
Әлихан Смайылов өз таңдауын жасады
Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2022
10 050 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр
Орталық сайлау комиссиясы сағат 8:15-тегі жағдай бойынша өңірлердегі және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сайлау комиссияларының дерегін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2022
Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2022
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жариялады
Қайрат Сатыбалдыұлының 320 млн теңге жымқырған туысына іздеу жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қараша, 2022
Елордада Кәрім Мәсімовтің соты басталды
Бүгін Астанада ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қараша, 2022
Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына пәтер берілді
Мемлекет басшысының атынан ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қараша, 2022
Елімізде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қараша, 2022
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау алдында қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қараша, 2022
Мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылдың көктемі болатын. Сонау қиырдағы Тарбағатайдан Алматыға келдім. Мақсатым – тұяқ іліктірер тұрақ іздеу. Әуелі, қаланың қақ ортасында орналасқан Моңғолия елшілігіне ат басын бұрдым. Жұпынылау қос қабатты жатаған үй екен. Сыртын темір шарбақпен қоршап қойыпты. Есік алдында – милиция. Оған құжатымды көрсеттім. Мың болғыр «кіре беріңіз» дегені. Кіреберістің сол жағында шағын кеңсе. Ішінде екі адам отыр. Бірден таныдым. Төрдегі ат жақты, арықша адам – Зардыхан Қинаятұлы. Бұл кісіні бұрындары газет-журнал, теледидардан көргенім болмаса, өзімен бетпе-бет кезікпеген едім. Алғаш рет осы арадан жолықтырдым.
18 Қараша, 2022
Елордада көмір қоры жеткілікті
Қазір елімізде көмір сатылатын 300-ге жуық теміржол тұйығы бар. Оның ішінде қатты отын саудаланатын 14 нүктесі қарастырылған 11 қойма (теміржол тұйығы) бас шаһарда орналасқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері астанадағы көмір сатылатын теміржол тұйықтарына барып, қатты отынның бар-жоғын бағамдап қайтты.
18 Қараша, 2022
Мемлекет басшысының жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына орай Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдады. Осыған орай алдағы үш жылда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жалға берілетін 12 мың пәтер салынбақ.
18 Қараша, 2022
Бүгінгі ұрпағына ұшқан құстың қанаты талатындай ұлы даланы мұраға қалдырған бабаларымыз бұрын-соңды ХХ ғасырдай ауыр кезеңді аз көрген болар. Халқымыз ғасыр басынан бастап ұлт-азаттық көтерілісінің аласапыранынан, экономикалық формация ауысуы кезіндегі дөрекі қателердің ауыр зардабынан, қызыл империяның қолдан ұйымдастырған аштығынан, 30-жылдарғы саяси қуғын-сүргіннен, Екінші дүниежүзілік соғыстан қынадай қырылды. Одан кейінгі жылдарда қызыл империяның құрсауы тырп еткізген жоқ, жері ядролық қару сынағының шаңдағына айналды, тілі табалдырықтан қарап қалды, діні-ділі аяқасты болды.
18 Қараша, 2022
Жастар Президент сеніміне лайық
Қазақстан Президенті еліміздегі ең ірі мегаполиске сапарында қала жұртшылығымен арнайы кездесіп, Алматының ел тарихында айрықша орны бар екенін атап өтті.
18 Қараша, 2022
Қазақстанда билік басында болған тұлғалардың Алматыға деген ерекше ықыласына тәнтімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға әрбір сапарынан сондай бір жылылық байқаймын. Алматыға деген жып-жылы ықылас билік басында болған азаматтар үшін дәстүр сабақтастығы ретінде қалыптасып қалғаны жанымды жадыратады.
18 Қараша, 2022
Елордада көпқабатты үйлердегі бір пәтер өртеніп, өрт сөндірушілер бес адамды аман алып қалды. Алайда өмірлерін қатерге тігіп, жалынның ортасында қалған тұрғындарға көмек қолын созған құтқарушылардың өздерін күйік шалған. Қазір өрт сөндірушінің бірі жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.
18 Қараша, 2022
Еуропалық одақ Қазақстанды қолдайды
Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель елімізге ат басын бұрды. Қарт құрлықтың комиссары Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді. Кездесуден кейін Ж.Боррель мен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді журналистерге баспасөз жиынын өткізді.
18 Қараша, 2022
Қазақстан-Қырғызстан: Қарым-қатынастың жауапты кезеңі
«Қазақ, қырғыз – бір туған». Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тамыры тереңге кеткені белгілі. Кейінгі жылдары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыс нығайып келеді. Екіжақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілген. Мәңгілік достық және одақтастық туралы шарт қабылданды. Осы орайда екі елдің байланысы жөнінде тереңірек білмек үшін Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен әңгімелескен едік.
17 Қараша, 2022
Сыртқы факторлардың әсерінен елімізде экономикалық өсім 2021 жылмен салыстырғанда 4-тен 2,8 пайызға дейін баяулап қалды. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі, сондай-ақ инфляцияның жеделдеуі және ақша-несие саясатының біршама қатаңдатылуы қаржы нарығындағы барлық секторға, әсіресе қор нарығы мен банк секторына қысым жасады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, базалық ставканың жоғарылауы корпоративтік облигациялар, сол сияқты мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша барлық борыштық бағалы қағаздың қорландыру құнын ұлғайтқанымен, шағын және орта бизнес субъектілері үшін несие тартудың қолжетімділігін төмендетті.
17 Қараша, 2022