Редакция таңдауы
Жайна Сламбекқызы жаңа қызметке тағайындалды
Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы «Хабар» арнасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2022
Республикалық бюджеттің шығысы 2,7 трлн теңгеге артты
Халықтың табысын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 197 млрд теңге бағытталатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Сәуір, 2022
Ветеринария саласы реформалауды қажет етеді
Кеше Мәжілісте Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы, ветеринария мәселелері талқыланды. Саланың жай-күйі жөнінде депутаттарға Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.
05 Сәуір, 2022
Шетелдік инвестиция пандемияға дейінгі деңгейіне көтерілді
Біраз уақыттан бері адамзат өміріне де, шаруасына да орасан шығын келтіріп, қыспаққа алып келген пандемияның «иіні босай» бастаған секілді. Оның бір дәлелі елімізге құйылып жатқан шетелдік инвестициялар ағыны пандемияға дейінгі деңгейіне оралды. Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Сәуір, 2022
Зекен Шаймарданов: Жанкүйерлерімді жерге қаратқан кезім жоқ
Самбоның серкесі Зекен Сүлейменұлы Шаймардановты кезінде барша қазақ жанкүйері құрмет тұтатын. Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған киелі топырақта дүниеге келген қазақтың қаршығадай ғана жігіті өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Азияның алды болып, әлемдік деңгейдегі додаларда атой салды. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін көпшілік көзінен тасада қалған саңлақпен таяуда кездесудің сәті түсті. Семейде өткен Қазақстан чемпионатын тамашалау үшін спорт кешеніне арнайы атбасын Зекен Шаймардановпен аз-кем әңгімелескен едік.
04 Сәуір, 2022
Қазақтың қаһарман қызы Роза Бағланованың көркем бейнесі – алғаш рет театр сахнасында! Әлемі әнмен егіз өрілген аңыз әншінің бекзат болмысын «Қазақконцерт» ұйымына қарасты Astana Musical мемлекеттік театрының талантты ұжымы «Роза Бағланова» мюзиклінде сараптап көрді. Ұлы тұлғаның ғасыр тойына арналып қойылған туынды әнші туралы тың деректерді сөйлетуімен құнды.
04 Сәуір, 2022
Қуатты армия – қауіпсіздік кепілі
Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтарда Қорғаныс министрлігінде сөйлеген сөзінде геосаяси жағдайды және өңірлік деңгейдегі қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыруды талап етті.
04 Сәуір, 2022
Өнер – керемет құдіретті күш. Шынында да, өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлықты арттырады.
04 Сәуір, 2022
Кемтар бала бағып отырған қостанайлық ата-аналардың біразы пәтер жалдап, біреудің босағасында күнелтіп жүр. Ипотекалық несиеге қор жимақ тұрмақ, пәтерақысын әзер төлеп отырған мұндай отбасылардың айлығы шайлығынан артылмайды. Бар тапқан-таянғанын баласының дәрі-дәрмегіне жұмсайды. Тұрмыс ауыртпалығы қажытқан қамкөңіл аналардың біразы таяуда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне келіп, «Отбасы банкі» мен қалалық әкімдік өкілдерімен кездесті.
04 Сәуір, 2022
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Украина жеріндегі азат етілген аумақтардың күйі жантүршігерлік.
04 Сәуір, 2022
Халықаралық автобус қатынасы қашан қалпына келеді?
Пандемия кезінде облысаралық, халықаралық автобус қатынастары тоқтатылғаны мәлім. Өкінішке қарай, бұл жағдай саланы үлкен шығынға ұшыратты. Мәселен, коронавирус иектеген екі жыл ішінде облысаралық, халықаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын 253 кәсіпорын мен 38 автовокзалдың жұмысы шектелген. Яғни 2 627 автобус тұрақта қаңтарылып тұрды. Қазір індеттің беті қайтты. Ал автобус қатынасы толықтай қалпына келді ме? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік.
04 Сәуір, 2022
Зейнетақы қоры: 5 теңгеге өтінім бергендер бар
Сонымен 1 сәуірден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтардың ең төменгі жеткіліктілік шегі өсті. Тиісінше, салымшылардың азды-көпті артылған соманы кәдеге жарату мүмкіндігі азайды. Енді мұндай тамаша сәттің қашан туындары да белгісіз.
04 Сәуір, 2022
Мықты елдің белгісі – ұлттық бірегейлік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айындағы Жолдауында жұрттың көкейіндегі көп мәселенің шешу жолдары айқын көрсетілді.
04 Сәуір, 2022
Арманы биік адам тауға ғашық келеді. Мұзарт шыңдардан мият іздейді, құс жолына қол созады. Алқоңыр аспанды қалаған түсімен сырлайды. Қазбауыр бұлттарға хат жазады. Қарағайларға мұңын шағады.
04 Сәуір, 2022
Әділеттен арсыздыққа дейін немесе премьера кезіндегі дезинфекция сыры...
Жұмыр жердің бетінде тіршілік басталғалы бері жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған, әділет пен қиянат, махаббат пен ғадауат қатар жарысып келеді. Әділетсіз өмірдің заңдылығы солай ма дерсің. Алайда қым-қуыт тіршілікте әр адамның өз даусы бар – өз шындығы бар. Ол өмір бойы сол көзқарасы үшін күреседі, қоғамға өз ақиқатын дәлелдегісі келеді. Әлқисса. Жуырда ғана Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында қойылған А.Н.Островскийдің «Жылы орын» әлеуметтік комедиясының премьерасы көрерменді осындай ойларға жетелейді. Айта кетейік, аталған спектакль қазақ сахнасында алғаш рет қойылып отыр.
04 Сәуір, 2022
Цифрлы нарықтағы құбылмалы кезең
Бұрынғы одақтас республикаларда жүріп жатқан әскери ұрыс салдарынан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сегментінде қызмет көрсететін компаниялар мен жекелеген мамандар қоныс ауыстыруға мәжбүр. Қазақстан мұндай мамандарды құшақ жайып қарсы алуға дайын. Алайда еліміздің IT қауымдастығы биліктің бұл ұстанымын аса құптап отырған жоқ.
04 Сәуір, 2022
Министрлік жазғы мектептер қалай жұмыс істейтінін айтты
Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2022
Қазақстанға ең көп инвестиция құйған елдердің тізімі жарияланды
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, Қазақстан шетелдік капитал ағындарын төмендеу үдрісін күрт өзгертіп ғана қоймай, елімізге құйылып жатқан инвестицияларының көрсеткіштерін 2017-2019 жылдарының деңгейіне жеткізіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2022
Түркістандық шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2022
Академиктің жеке заттары музейге тапсырылды
Елордадағы Ұлттық музейде көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Серік Қирабаевтың құнды жеке заттары музей қорына табыс етілді.
04 Сәуір, 2022