Редакция таңдауы
1083 адам тұтқыннан босатылды – Бас прокурор
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мемлекет басшысына терроризм мен жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2022
«Қазақстан халқына» қорына жиналған қаржы қалай жұмсалады
«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қордың көмек алушылармен тікелей өзара іс-қимыл жасамайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2022
Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан Туын кімдер ұстап шығады?
Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбашысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова 2022 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығады, деп жазады Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
21 Қаңтар, 2022
Барлық бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды
ҚР Бас санитар дәрігерінің білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
Президент Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының мүшелерімен кездесті
Мемлекет басшысы жуырда Бейжің қаласында өтетін ХХІV қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының барша спортсүйер қауым үшін айтулы оқиға екеніне тоқталып, Қазақстан осы сайысқа ең үздік спортшыларын аттандыратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
21 Қаңтар, 2022
«Канелоның» Головкинді жеңуіне төрешілер көмектесті – Игнасио Беристайн
Мексикалық бапкер Игнасио Беристайн екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, отандасы Сауль «Канело» Альвареске «аңыз боксшы» атағын қимайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
Мұхтар Тілеуберді қаңтар оқиғасына байланысты ЕҚЫҰ өкілдеріне брифинг өткізді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Венаға жұмыс сапары барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстанда қаңтар айында болған оқиғалар туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
«Самұрық-Қазына» қоры жабылуы мүмкін
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
Үкімет жанынан Кәсіпкерлер кеңесі құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
Президент әртараптандырылған экономиканың құрылмау себебін айтты
Қазақстан Республикасының Президенті бизнес өкілдерімен кездесуінде әртараптандырылған экономиканың құрылмау себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
Елордалық педагогтер коронавирусқа қарсы ревакцинадан белсенді өтуде
Елордалық мектеп мұғалімдері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан өтуде, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
21 Қаңтар, 2022
Бас прокуратура полиция мен әскерилер әрекетіне қатысты шағымдарды қабылдайтын нөмірлерді жариялады
Бас прокуратура құқық қорғау органдары тарапынан құқық бұзу мәселелері бойынша хабарласуға болатын телефон нөмірлерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
СІМ Еуропарламенттің Қазақстандағы жағдайды бағалау қарарын біржақты деп санайды
Қарарға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме таратты, деп жазады Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2022
Ірі аграрлық компаниялар ауылды дамытуға атсалысуға тиіс
Кеше Сенат отырысында Премьер-Министрге сауал жолдаған сенатор Ақылбек Күрішбаев ауыл тұрғындарын алаңдатқан проблемаларға назар аударды.
21 Қаңтар, 2022
Ортақ стандарт енгізуге жол ашатын құжат
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Депутаттар «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады.
21 Қаңтар, 2022
Қазақстандық жеке тұлғалар 2021 жылы ақша аударымдарының жүйесі көмегімен шет мемлекеттерге қаржы аударған. Қаңтар-қараша аралығында сыртқа жіберілген қаржы көлемі – 921,3 млрд теңге. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға көп.
21 Қаңтар, 2022
Жас кезімізде ауыл ақсақалдары: «Иә, Алла тағала адамдарға иман бере гөр», деп отыратын еді. «Имансыздардан талай бәле шығады. Естеріңде болсын, бойында иманы жоқ адамдар ешкімге жақсылық жасамайды. Қулық та, сұмдық та, зорлық пен зомбылық та сол имансыздардың қолынан келеді. Оларда ешқандай мейірім-шапағат деген болмайды», дейтін. Сол кісілердің сөзіне біз есейе келе өзіміз де көз жеткіздік.
21 Қаңтар, 2022
Тұрғын үйді басқарудың тиімді жүйесі
«Тұрғын үй шаруашылығы туралы» жаңа заңға сәйкес биыл 1 шілдеден бастап үй иелері кооперативтері (ҮИК) мен үй иелерінің тұтынушылар кооперативтері (ҮИТК) жұмысын тоқтатып, олардың орнына мүліктік меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) деп аталатын тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесі құрылады. Яғни бұған дейін үйдің күтіміне ай сайын азын-аулақ ақша төлеп, бірақ бұл қаржының қайда кеткенін білмей қалатын тұрғындар енді өзі төлеген ақшаның әр тиынына дейін не мақсатқа жұмсалып жатқанын көріп-біліп отырады.
20 Қаңтар, 2022
18 қаңтар күні мұнай бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет барреліне 88 доллардан асып түсті. Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы шиеленіскен ахуал «қара алтынның» күрт қымбаттауына себеп болған. 19 қаңтарда баға 89 доллар межесін бағындырды. Осылайша, теңгенің де нығая түсіп, Қазақстан қор биржасында 1 доллардың 434,07 теңгеге сатылуына жол ашты. Мамандар бұл қымбаттаудың әлі басы ғана деп отыр.
20 Қаңтар, 2022
Әлеуметінің әлеуеті мықты Эстония
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтің әлеуетін жақсартып, халықтың қалтасын қалыңдатуды тапсырды. «Қаңтар қасіретінің» негізінен күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен кейбір мемлекеттік органдар жұмысының тиімсіздігі, нақты айтқанда, олқылығы салдарынан болғанына тоқталды. Қираған қаланы қалпына келтіру, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру қыруар шаруа екені түсінікті. Осы орайда, бізбен бір қатарда егемендігін алған мемлекеттер арасында бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен, әлемге үлгі елдер бар. Соның бірі – әлеуметінің әлеуетімен мақтанатын Эстония.
20 Қаңтар, 2022