Редакция таңдауы
Ғалымдығы қайраткерлікпен ұштасқан тұлға
Манаш Қозыбаев – қазақтың біртуар тұлғаларының бірі. Ол – тәуелсіздік жылдарында қазақтың азат ойлы, дербес тарихнамасын қалыптастырған ең ірі тарихшы ғалымдарымыздың бірі, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы жылдарында бойындағы барлық күш-жігері мен білімін туған елінің туының берік орнығуына өлшеусіз үлес қосқан аса белсенді қоғам қайраткері.
14 Қараша, 2021
«Бір, екі, үш...» немесе академияның алғашқы жобасы
Күні кеше ғана ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы өз жұмысын бастады деп сүйіншілеген едік. Енді міне, араға тура бір ай уақыт салып академия тыңдаушылары «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында «UNO, DUE, TRE…» («БІР, ЕКІ, ҮШ…») атты шығармашылық кешін өткізді. Бағдарламада әлемдік опера репертуарынан дуэттер мен сахналық көріністер шырқалды.
14 Қараша, 2021
Конфуций айтқандай, ұстаз бен шәкірттің бірге өсетіндігі рас... Осыдан 43 жыл бұрын Қазақ университетіне оқуға түскен кезде ұстаз ретінде бірінші таныған тәлімгерлерімнің бірі Ғахип Уәлиев болатын. Сонда тоғысқан ғалымдық жолым да, қызметтік бағытым да осы жанның қатысуымен жылжып, екеуміз бірге «өсіп» келеміз. Тағы бір қадірлі ұстазым, академик Бақытжан Жұмағұлов ағамның «Сен Ғахип ағаңа ұқсап барасың!» деп қалжыңдауының да орынды екендігін мойындаймын. Ол кісіні танығаннан бойынан көріп, үлгі алып жүрген қасиеттер, «мінездің қаттылығы», «сөзге беріктік», «іске адалдық» бүгінде өз тұла бойымнан табылатындай.
14 Қараша, 2021
Қазақ тіл білімін әлемдік лингвистика деңгейіне көтеру маңызды
Қарқынды дамып келе жатқан қазіргі әлемде, ықпалы артып келе жатқан жаһандану мен дәуірдің жаңа сын-қатерлері жағдайында рухани басымдықтар мен бағдарларды жоғалтпау, ең бастысы, өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау өте маңызды. Осы орайда тіл ғылымының теориялық және қолданбалы мәселелерін зерттеу қоғамның бірлігі мен рухани жаңғыруына қол жеткізудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Өз мәдениетін, тілін, өз ұлттық кодын сақтауға арналған ізденістер қатарын тіл білімінсіз елестету мүмкін емес.
14 Қараша, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін қалаушы
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең басым міндеттердің біріне айналды. Бұл міндетті жүзеге асыру тек төл Қарулы Күштерімізді құрып, оның күш-қуатын барынша арттырғанда ғана мүмкін болатын. Кеңес Одағы келмеске кеткен соң тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік институттарын мүлде жаңадан құруға тура келді. Бұрынғы біртұтас қорғаныс кеңістігі бұзылып, әсіресе әскери мамандар мәселесі күн тәртібінде өткір тұрды. Офицерлер мен прапорщиктер жаппай тарихи отандарына қоныс аударып, жекелеген бөлімшелердің басшысыз қалуы, жауынгерлердің әскерден қашу жағдайлары жиі орын ала бастады.
14 Қараша, 2021
Біз болашаққа инвестиция салуды тек теңге немесе доллармен ғана елестетеміз. Ал бағалы металдарды сатып алып, оны депозит ретінде сақтауға үйренісе алмай келеміз. Шынтуайтында, алтын – нағыз құнын жоғалтпайтын инвестиция құралы.
14 Қараша, 2021
Қаржы тақырыбы қаузалғанда сақа сарапшылар мен қаржыгерлер, құнды қағазды байыппен үйлестіретін банкирлер көп айтылады. Тілшілер де салаға қатысты сауалын соларға қойып, көгілдір экран мен баспасөз беті осы мамандардың пайымы мен байламына байланады. Қаупі қыруар, қажыры қалың істі иығына ілсе де қалтарыста қалып қоя беретін, қоғамда еңбегі көп еленіп-ескеріле бермейтін инкассатор дейтұғын мамандық иелері бар. Біз бүгін осы салада еңбек етушілер туралы сөз қозғауды жөн санадық.
14 Қараша, 2021
Бүкпесіз әңгіме бүтінді жармайды
Жуырда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, журналистер қауымына өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы бағындырған белестері мен бүгінгі күндегі тыныс-тіршілігі жайында кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен бірге, өңір басшысы облыстағы өткір тұрған көкейкесті мәселелерді де айналып өтпей, арадағы әңгіменің ашық өрбуіне мүмкіндік туғызды.
14 Қараша, 2021
Қазақстандық хоккейшілер Минскідегі халықаралық сайыста жүлдегер атанды
Беларусь астанасы Минскіде хоккейден 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы халықаралық турнир аяқталды деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2021
Қазақстан ЮНЕСКО-ның 75 жылдығына орай салтанатты іс-шараға қатысты
ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстанның Франциядағы Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған арнайы рәсімде сөз сөйледі6 деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қараша, 2021
Бүгін елімізде күн райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК–сы қарашаның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қараша, 2021
Талғат Байсуфинов: Қазан айындағы ойындар бізге ауыр тиді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
13 Қараша, 2021
Асқар Мамин Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президентімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
13 Қараша, 2021
Вакциналау паспортында жаңа дерек пайда болады
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова вакциналау паспортында ревакцинация туралы деректер болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2021
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Әлімұхаммед Құттұмұратұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2021
«7-20-25» бағдарламасы жалғасады
Биыл «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы тоқтап, «7-20-25» ипотека бағдарламасын іске асыруды жалғастырады деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2021
Кеншілер «АрселорМиттал Теміртау» басшылығына 12 талап қойды
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының мәселесін шешу үшін келісім комиссиясы өз жұмысын бастады. Оны өңір басшысы Жеңіс Қасымбек басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2021
Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде белгілі мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ескен Сергебаевтың «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жеке көрмесі ашылды. Айшықты жоба шебердің туғанына 80 жыл толуына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.
12 Қараша, 2021
Бүгін елімізде күн райы қандай болады?
Синоптиктер 12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қараша, 2021
Жазушылық ғадеттер: Таңданыс пен талғам
Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттері мен іс-әрекеттері жиі кездеседі. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінездері – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінездері үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Ал бірде әдебиетке құбылыс болып енген классиктердің әр әрекеті мен түр-тұлға, киім киісі жалпыхалықтық еліктеуге айналады. Жазушылардың ерекшелігі де сонда шығар...
12 Қараша, 2021