Редакция таңдауы
Эпикалық театр: Сана белсенділігі
Әуезов театры биылғы қысқа маусымында әлемнің Шекспир мен Чеховтан кейінгі ең күрделі әрі қайшылықты авторының бірі – Бертольд Брехтің «Есірген шешей және оның балалары»атты пьесасының желісі бойынша «Пері қатын» қойылымын сахналады.
15 Шілде, 2021
Өңірдегі малсақ қауымның бағымында 544,2 мың қара мал, 741 мың қой-ешкі, 248,4 бас жылқы бар. Осы малды қыстатып шығару үшін 1 181 мың тонна шөп қажет. Әзірге шабылып, жиналғаны 435,3 мың тонна немесе барлық көлемнің 36,9 пайызы ғана. Биыл көктем шыққалы жауын болмағандықтан шөп сұйық. Қытымыр қыс қамданбағанды қырына алатын түрі бар.
15 Шілде, 2021
1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ автономиялы республикасының құрамына енді. Сөйтіп ел астанасын Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі көтерілді.
15 Шілде, 2021
Асқақ мұраты орындалған қайраткер
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында егемен ел атанып, жаңа мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі тағдыршешті тарихи қадамдарды бөлісе отырып, халық игілігі жолында бірлесе жұмыс атқаратын қажетті мамандардың тапшы болғанын айтады.
15 Шілде, 2021
Ресей Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Федор Успенскийдің пікірінше, байырғы ата-бабаларына барынша мән беру немесе түпкі тегінің кім болғанын анық білу –тек ортағасырлық викингтерге ғана емес, бүгінгі скандинавиялықтарға да, оның ішінде, әсіресе, исландиялықтарға етене жақын құндылық.
15 Шілде, 2021
Қазақстан «Pfizer» вакцинасын жеткізу бойынша келісім жасады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы Egemen.kz ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.
15 Шілде, 2021
Шетелден келгендер үш күн карантинге жатқызылады
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша шетелден келетін азаматтарды елге қабылдау шараларына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2021
Тағы бір облыс «қызыл» аймаққа өтті
15 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2021
Аида Балаева Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты
Белгілі дінтанушы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы басшысы Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2021
15 шілдеде ауа райының қандай болатыны айтылды
Қазгидрометтің мәліметінше, 15 шілдеде Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, тек оңтүстік аудандарда жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2021
Жетістікке жетуде біліміңді бөліспеу – өзімшілдік
Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасының түлектерін орталықтан, яғни мегаполистерден ғана іздейтінбіз. Ғалымтану бағытындағы жобамыздың кейіпкерін осы жолы өңірден таптық. Ол – жас ғалымдардың, ғылымға жаңа қадам басқан зерттеушілердің білімін жетілдіріп, танымын кеңейтіп, ғылыми әлеуетін арттыруды қоғамдық міндетіндей көретін Лаура Қарабасова.
14 Шілде, 2021
Санаулы күндерден кейін Жапонияның бас шаһары – Токиода XXXII жазғы Олимпия ойындарының жалауы желбірейді. Екі аптаға созылатын төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның 95 спортшысы (96 жолдама) спорттың 27 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Алдыңғы Олимпиадалармен салыстырар болсақ, әрине, биылғы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Токиодағы жарыс – Қазақстанның Олимпия ойындары тарихында ең аз спортшы қатысқан бәсеке болмақ. Бұған дейінгі ең төменгі көрсеткіш – Атланта Олимпиадасы болатын. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш Жазғы Олимпиадада біздің елдің 96 саңлағы бақ сынаған еді.
14 Шілде, 2021
Әлемдік қаржы нарығы: Үміт пен күдік
Сарапшылар әлемдік қаржы нарығының динамикасы екіұшты пайымның құрсауында тұрғанына алаңдаулы. Нақтылап айтқанда, дамыған және дамушы елдерде проинфляциялық қысымның өсуі байқалады. Мәселен, АҚШ-та инфляция 13 жыл ішінде ең жоғары деңгейге – 5,0%-ға дейін, Еуропада 2,3%-ға дейін, Ресейде 6,5%-ға дейін өсті. Бұл дүниежүзілік нарыққа және валюталардың тұрақтылығына да әсер еткен.
14 Шілде, 2021
Солтүстік Қазақстан «қызыл аймаққа» енді
Жуырда ғана «жасыл аймақта» болған өңір бар болғаны бір аптаның ішінде алдымен «сарыға», одан тоқтаусыз «қызылға» өтіп отыр. Соңғы аптадағы сырқаттану 141 жағдайдан 279 жағдайға дейін күрт екі есеге артты және одан әрі өсу үрдісі бар. Бұл жағдай, әсіресеі аудандарда байқалады. Мәселен, Қызылжар ауданындағы сырқат жандар санының өсімі 2,6 есе, Аққайың ауданында 3,8 есеге, Ғабит Мүсірепов ауданында 4,7 есе, Тайынша ауданында 1,9 есе артқан.
14 Шілде, 2021
Алматыдағы Ресей Федерациясы Бас консулдығында майдангер Сүйінбай Дүйсебаевтың ұрпағына КСРО ІІІ Дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттау куәлігі салтанатты жағдайда тапсырылды.
14 Шілде, 2021
Сойли Мякеляйнен-Буханист: Теңдік – фин қоғамының негізі
Қазақстан тәуелсіздігін алған елең-алаң тұста алғашқылардың бірі болып еліміздің тәуелсіздігін мойындағандар қатарында Финляндия да бар еді. Қазіргі таңда екі ел арасындағы қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Бір айта кетерлігі, БҰҰ рейтингінде Финляндия әлемдегі ең бақытты ел саналады. Осы орайда, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін және фин қоғамы жетістігінің құпиясын білмек үшін Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист ханыммен тілдескен едік.
14 Шілде, 2021
Қастеев мұражайындағы дау: Министрлік мәлімдеме жасады
Мәдениет және спорт министрлігін Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына іргелес тұрған Central Esentai Resedence тұрғын үй кешені тұрғындарының шағымынан кейін қазір БАҚ-та қызу талқыланып жатқан жағдай алаңдатады. Аталған жайтқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Шілде, 2021
Прокуратура Біртановқа тағы бір айып тағып отыр
Прокуратура экс-министр Тараздан елордаға дейін жету үшін санитарлық авиация ұшағын заңсыз қолданып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, деп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Шілде, 2021
Тарбағатайда қағандар бейнеленген алтын тәж артефактілер табылды
Тарбағатай ауданында «Елеке Сазы» қорғанын қазу кезінде археологтар ежелгі түркі дәуірінің бірегей алтын артефактілерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Шілде, 2021
Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Қазгидромет 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Шілде, 2021