Редакция таңдауы
Алексей Цой қалыпты өмірге қашан оралатынымызды айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қоғамдық орындарда маска тағу режимі қашан алып тасталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Амандық Баталов қашан зейнет демалысына шығатынын айтты
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов БАҚ өкілдерінің «Зейнет демалысына шығуға дайынсыз ба?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Жоғарғы соттың судьясы қызметінен кетті
ҚР Парламентінің Сенатына Лариса Аркадьевна Шепелеваны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуға ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті екі айға қамауға алынды
Грузияда қайтыс болған қазақстандық бойжеткен Әсел Айтпаеваның ісі бойынша күдікті деп танылған азамат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Облыс әкімінің 2021 жылғы 27 мамырдағы өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Арал аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Арал ауданының әкімі лауазымына Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
27 Мамыр, 2021
Ақын, хореограф Дүйсенбек Нақып өмірден өтті
Белгілі ақын, хореограф Дүйсенбек Нақып қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Ежіктеп оқитын мұғалімнің мектепке қалай қабылданғаны белгілі болды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мұғалім ежіктеп оқитынына қарамастан, оның қалай орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Бүгін жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай мен өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Мамыр, 2021
Дуалды оқыту – кәсіпке баулудың тиімді жүйесі
Дуалды оқыту жүйесі – мамандықты іс жүзінде меңгертудің тиімді технологиясы. Теорияны өндіріспен ұштастыра оқытатын бұл жүйе кәсіптік мамандықтарды оқытуда септігі мол. Сондықтан дуалды оқытуға басымдық берген кәсіптік колледждер түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары.
27 Мамыр, 2021
Ұлттық валютамыздың дизайны арагідік өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл – жалған ақша жасаушылардың жолын кесу мақсатында да енгізілетін тәсіл. Бүгінге дейін төл теңгеміздің сыртқы безендірілуі төрт рет өзгеріпті. Сонда да алаяқтар қолдан ақша жасауды қоймай келеді. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер барлығы 760 950 сомадағы 237 жалған ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтаған. Ал былтыр осы кезеңде 226 банкнот табылған болатын.
27 Мамыр, 2021
Либерализм – демократия емес Ол – либералдық демократия
1993 жылы құрылған Еуропалық одақтың басты құндылықтарына адамның қадір-қасиеті мен құқықтары, азаттық, халық билігі, яғни демократия, теңдік пен құқықтық мемлекет жатқызылды. 2009 жылғы Лиссабон келісіміне сәйкес бұлар жалпыазаматтық құқықтармен қатар саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтар сияқты құндылықтармен ресми түрде толықтырылды.
27 Мамыр, 2021
«Жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдамасы талқыланды
2013 жылдың 30 мамырында елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілгені белгілі. Осыған байланысты Елбасы кітапханасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп, «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстел жиынын өткізді.
27 Мамыр, 2021
Балбырған бейтін күн, тамылжыған тыныштық. Басқа қызықтың бәрін былай қойып, осынау бір тамаша тіршілік үшін тірі болғың келеді. Осы мерейлі сәтті мәңгі сақтап қалу үшін қып-қызыл қан емес, мөп-мөлдір моншақ тер төгуге көңіл құштар. Егер, әлдеқалай тер емес, қан төгу қажет болса, оның өзін осындай шуақты күндердің бетіне сызат түспеуі үшін ғана төгер едік. Заманды адамның, адамды заманның жаңғыртып, құбылтып жатқан шағында азаттықтың ауасымен еркін тыныстап, ертеңгі ғұмырына қуанышпен қарайтын іргесі бекем мемлекетке айналдық. Азаттыққа аңсап жеткен еліміз егемендіктің бесігінде еркін тербелуде. Ендігі бағытымыз жасампаз ұлт ретінде жарық әлемнің жазбасына жаңа тарихымызды енгізу.
27 Мамыр, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуін өткізіп, жүзеге асырылған жобалар, бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен министрліктің негізгі міндеттері туралы баяндады.
27 Мамыр, 2021
Шектеулі мүмкіндікке ілкімді қамқорлық
Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары бірқатар заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
27 Мамыр, 2021
Үшбуынды модель – адам құқығын қорғаудың жаңа үлгісі
«Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек». Бұл – заңдылық пен әділеттілікті толық қамтамасыз етуді тапсырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында басымдық берген мәселенің бірі.
27 Мамыр, 2021
Энергетика – екпінді дамудың алғышарты
Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
27 Мамыр, 2021
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тыйылмай тұр
Бүгінде елімізде отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Дегенмен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесетін орталықтар мен кеңселер қызметіне қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып отыр.
26 Мамыр, 2021
Қазір ауыл әкімдерін тікелей сайлау мәселесі қоғамда қызу талқылану үстінде. Бұған дейін ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайламағаны белгілі. Дегенмен Павлодар облысындағы Кеңтүбек ауылының тұрғындары өздері таңдаған әкімнің сайлануына қол жеткізген еді.
26 Мамыр, 2021
Әуелі Үндістанда өтеді деп бекітіліп, кейіннен елдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлығына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына ауыстырылған бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты қазақстандық былғары қолғап шеберлері үшін сәтті бастала қойған жоқ.
26 Мамыр, 2021