Редакция таңдауы
Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды
Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасын ектірген екі адам қайтыс болды. Қазір жергілікті билік нақты осы препараттың екі адамның өліміне себепші болған-болмағанын тергеуде.
03 Наурыз, 2021
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
Жыл сайын көктем уақытында қыс мезгілінен кейін жолдарды сақтау үшін бір осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді. Бұл ережелер бірінші наурыздан бастап 7 облыстағы тас жолдарда қолданылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Наурыз, 2021
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Aparking компаниясы 15 наурыздан бастап «Медеу» мұзайдыны жанындағы көлік тұрағы ақылы болатыны мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Наурыз, 2021
Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында көп жылдық мониторингке сәйкес 36 мыңнан астам адам тұратын 85 елді мекенге су басу қаупі жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Наурыз, 2021
Карантин құрсауы сөгіле бастады
Қостанай облысында көктемнің алғашқы күнінен бастап музейлер, кітапханалар, демалыс орындары мен туристік орталықтар толыққанды жұмыс істеуге кірісті. Өңірде азық-түлік дүкендері, қонақүйлер мен ашық сауда орындарына да аптаның барлық күндері белгіленген жұмыс кестесінің басынан аяғына дейін толық жұмыс істеуге рұқсат берілді.
03 Наурыз, 2021
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Түпқараған ауданы, Аташ елді мекенінде биыл «Балықшылар» демалыс орны бой көтереді. Маңғыстауда тараған соңғы жаңалықтардың бірі осы болды.
03 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры сүйікті көрермендерінің назарына жаңа премьераны тарту етті. 1 наурыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклінің премьерасы өтті. Авторы – Мадина Омарова, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, режиссердің ассистенті – Мекан Джумабаев.
03 Наурыз, 2021
Байдың да, патшаның да кем тұсын ашып айтып, халқына тірек болып, мұң-мұқтажын алға тартып, тілінен текті сөз шығып, әр қойылған сұраққа тапқырлықпен тиянақты жауап айтпаса, оны ақын деп атаудың қажеті шамалы. Міне, осындай сұрапыл сұраққа көздеп жауап беріп, жерін жырлап, ауыз бірлікке шақырып, елін ынтымаққа жетелеген, жырларын рухани азық етіп, әр сөзі ұрпағына ұран болған ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
03 Наурыз, 2021
Офтальмологиялық орталық қызметі кеңейді
Көру қабілеті нашарлаған кезде қолданылатын әртүрлі көзілдірік түрлері, жанаспалы линзалардың тарағаны белгілі. Ал қазір көзге лазерлік коррекция жасатуға сұраныс артып отыр. Әрине, көзі нашар көретін адамды бұл қаншалықты қауіпсіз, лазерлік коррекциядан кейін көз анық көре бастай ма деген сұрақ мазалары сөзсіз.
03 Наурыз, 2021
«Көбелек балалар». Сирек кездесетін кесел түрі көп
Әрбір он мың адамның біреуінде ғана кездесетін дерттер бар. Алайда оның түрлері тіпті көп, әлемде көбінесе тұқым қуалайтын орфандық аурулардың 7 мыңнан астам түрі табылады. Қазақстанда сирек кездесетін кеселге шалдыққан 13 мыңнан астам адам есепте тұрса, олардың 80%-ы генетикалық сипатқа ие. Көбінесе мұндай сирек аурулар ауыр, созылмалы болып келмек. Уақтылы патогенетикалық ем-домы болмаған жағдайда, соңы мүгедектікке әкеледі немесе оның ауыр зардабын тартады.
03 Наурыз, 2021
Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы
Дамыған азаматтық қоғамсыз, атап айтқанда үкіметтік емес ұйымдарсыз (ҮЕҰ) елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мүмкін емес. Осыған дейінгі оқиғалар мен тәжірибе азаматтық белсенділер, ҮЕҰ әрдайым қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғап, халықтың ең өзекті мәселелерін шешуге ұмтылатынын талай рет көрсетті.
03 Наурыз, 2021
НЬЮ-ЙОРК – Осы айда Марс планетасының бетіне қонған Perseverance ровері Күн жүйесі туралы маңызды сұраққа жауап табуға үлкен қадам жасамақ. Сондай-ақ қандай да бір тіршілік иесінің ДНК-сын қайдан табуға болатынына да жауап береді. Ровер Марс бетін шарлап, тіршілік белгісін іздеп, өз оттегісін жасап, тікұшақ ұшырып, 2028 жылға жоспарланған келесі миссияға арнап топырақ пен тас жинайды. Бәрі жоспарлағандай өтсе, НАСА Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) көмегімен топырақ үлгілерін 2032 жылы әкелмек. Бұл – Марстан жерге жеткізілетін алғашқы материал болмақ.
03 Наурыз, 2021
Өскеменнің көгінде үш күн қатарынан қыран құстың саңқылы естілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен бабадан қалған бекзат өнерді жалғастырып жүрген бүркітшілер жиналып, салбурынға шықты.
03 Наурыз, 2021
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Соңғы он күннің ішіндегі коронавирус инфекциясының таралуына жүргізілген мониторинг нәтижесі өңірде эпидемиялық жағдайдың біршама тұрақталғанын көрсетіп отыр. Осыған орай, ақпан айының 27-сінен бастап кейбір шектеу шаралары алынып тасталды.
03 Наурыз, 2021
Көктем жақындағаннан-ақ Сырдағы егінші қауымның қарбаласы көбейеді. Оның үстіне соңғы уақытта өзен арнасының төмендеп келе жатқаны диқанның көңіліне дүдәмәл түсіріп тұр. Әсіресе, жер бетіне қылтиып шыққаннан суда тұратын күріш егістігінің ертеңі бұлыңғырлау.
02 Наурыз, 2021
Күн қабағын бағып, ауа райын жауырын ашпай-ақ болжап отырған ел ішіндегі малсақ қауымның айтуына қарағанда, биылғы ауа райы 2017 жылмен ұқсас екен. Сол жылы да қыс ішінде жаңбыр жауып, үйір-үйір жылқы жайылатын жалпақ жон сіреу болып қатты. Қас қылғандай қар да қалың түсті. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, бейқам отырған ел іші жүген ұстап қала жаздады.
02 Наурыз, 2021
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнері ерте замандардағы жәрмеңкелерден бастау алып, бүгінде балаларға рухани-мәдени өмірдің алғашқы баспалдағы болып отыр.
02 Наурыз, 2021
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Бүгін шамамен сағат 16:30-да Қостанай – Әулиекөл автожолы бойындағы Новонежин мен Лаврентьев ауылдарының аралығында екі джип көлігі бетпе-бет соқтығысқан.
02 Наурыз, 2021
Биыл қажылыққа вакцина салдырмағандар бара алмайды
Сауд Арабиясының билігі вирустың таралуын тоқтату үшін вакцина салдырмағандар қажылыққа бара алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Наурыз, 2021
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
2021 жылдың қаңтар айының өзінде ғана елімізде 3 мыңнан астам кибер шабуыл жасалған. Бұл 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп екен.
02 Наурыз, 2021