Редакция таңдауы
«СК-Фармация» экс-басшысының ісі сотқа жолданады
«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісін сотқа жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынылды
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысында Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2021
Олжас Сүлейменов пен әйелі ауруханаға түсті
84 жастағы белгілі қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов коронавируспен ауырып қалды, деп хабарлайды egemen.kz.
14 Қаңтар, 2021
Мәжілістің 107 депутатына куәлік мен белгі тапсырылды
Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Қаңтар, 2021
Алматы маңындағы жантүршігерлік апаттан үш адам қайтыс болды
Алматы облысында 12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні көлік апатынан үш адам қаза тапты деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2021
Қазақстанда доллардың бағасы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz KASE деректеріне сілтеме жасап.
14 Қаңтар, 2021
Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді
Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді, - деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды
Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылды, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде декларанттар мен кеден өкілдерінің кедендік декларацияларды қайда тапсыруға болатын хабарлады.
14 Қаңтар, 2021
Мәулен Әшімбаев сайлауға қатысты пікір білдірді
Сенаттың 2021 жылғы алғашқы отырысын аша келіп Мәулен Әшімбаев Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Капиталистік өндіріс күштерінің даму үдерістерінің ғылыми негіздерін ұзақ жылдар бойы зерттеген Карл Маркс капиталистік жүйенің қозғаушы күші мен негізгі заңы қосымша құн екенін дәл анықтап қана қоймай, әлгі жүйенің жаһандық экономиканы әлсін-әлсін алапат дағдарыстарға ұшыратынын да, тіпті түптің түбінде ол жүйенің орнына жаңа заманға лайық жетілдірілген заманауи жүйелердің келетінін де, сондай-ақ қоғамдық және еңбек саласындағы қарым-қатынастардың да мүлде жаңаша өрбитінін күні бұрын болжап қойған сыңайлы.
14 Қаңтар, 2021
Қарабақ түйіні тарқатылып келеді
Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян үшжақты кездесу өткізіп, Таулы Қарабақ мәселесін талқылады.
14 Қаңтар, 2021
Кедендік реттеу кодексінде не өзгерді?
2020 жылы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодекске 119 түзету енгізілді. Оның 111-ін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынды. Ұсыныстар негізінен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін әрі кедендік тексеру жүргізу рәсімін жетілдіру, кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау секілді бағыттарды қамтиды.
14 Қаңтар, 2021
«Қызылмен» қоштасатын кез келді...
Қазіргі Қызылорда қаласының тарихи кезеңдерін еске алатын болсақ, 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз АССР Кеңестерінің V съезі ашылған болатын.
14 Қаңтар, 2021
Әлемдік балет жауһарлары – «Астана Опера» сахнасында
«Астана Опера» театрының балет труппасы 16 қаңтар күні көрермен назарына Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен ғаламат Гала-балет ұсынады. Мазмұнды бағдарлама аясында театрдың Үлкен залы сахнасында балет солистері Серік Нақыспеков пен Далер Запаров Мариус Петипаның хореографиясындағы Р.Дригоның «Талисман» балетінен па-де-де және Э.Дельдевез, Л.Минкустың «Пахита» балетінен гран-па нөмірін орындайды.
14 Қаңтар, 2021
Жүйке ауруларына кімдер жиі душар болады?
Бүгінде Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында 10 462 адам диспансерлік бақылауда тұрса, соның 5 864-і ер-азаматтар. Қыз-келіншектерге қарағанда, жігіттердің басына жиі зақым келеді, жол апатынан, спорттық жаттығулар мен сайыстарда соққы алады десек те, бұл деректің жоғары болуының өзге қырлары да бар. Сіркесі су көтермей, ұйқысы қашқан еркектерді есеңгіреткен аурудың емі бар ма? Осы және басқа да сауалдарға Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар РАХМЕНШЕЕВ жауап берді.
14 Қаңтар, 2021
Шекара не өзен болар, не кезең болар немесе тарихшылар нені ескеруі керек?!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді.
14 Қаңтар, 2021
Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің қамы
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, биылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Шын мәнінде бұл – тарих үшін ұзақ уақыт емес, қамшының сабындай қысқа ғана мерзім. Соған қарамай, осы 30 жылда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н..Назарбаевтың сара басшылығымен елімізде ғасырға татитын ауқымды істер жүзеге асырылды. Шекарамызды шегендеп, іргемізді қымтап, дүние жүзінің саяси картасынан ойып тұрып орын алдық. Бүкіл әлем Қазақстан деген жас мемлекетті танып, онымен санасатын болды. Қазіргі кезде 140-тан астам мемлекетпен дипломатиялық байланыстамыз.
14 Қаңтар, 2021
«Құлқынқұмардан» қалай арыламыз?
Жер-жаһанды, оның ішінде елімізді жайлаған жемқорлық дертінен арылу оңай соқпай тұрғаны баршаға мәлім. Арнайы қабылданып жатқан заңдар да, қолданылып жатқан шаралар да баршылық. Айталық, Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болды. Президент Қ.Тоқаев тамыз айында осы мәселеге қатысты арнайы кеңес өткізді. Алайда сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр.
14 Қаңтар, 2021
9 қаңтарда апатқа ұшыраған Sriwijaya Air компаниясына тиесілі Boeing 737-524 ұшағының қара жәшігі табылды.
14 Қаңтар, 2021
Путин ресейліктерге жаппай вакцина егуді бұйырды
Ресей президенті Министрлер Кабинетімен кездесуінде келесі аптадан бастап ресейліктерді коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға көшу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА басылымына сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2021