Оқи отырыңыз
Алматылықтар көлікті тағы бір автоорталықта қайта рәсімдей алады
Алдағы 1 наурыздан бастап алматылықтарға көлікті қайта тіркеу үшін қала сыртына шығу қажет болмайды. Бұрын №1 мамандандырылған ХҚО-да (Саялы шағын ауданы) көлік құралдарын сатып алу-сатуды рәсімдеу бойынша қызмет көрсеткен барлық операторлар «Avtodom» автокешенінің ғимаратына көшіріледі. Осыған байланысты 27 ақпанда №1 мамандандырылған ХҚО қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Ақпан, 2021
Коронавирус жұқтырған 240 адамның жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 25 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Ақпан, 2021
Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан індет белгілері анықталды?
Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Ақпан, 2021
1950-1970 жылдардағы қазақ поэзиясында ойып орын алған Ізтай Мәмбетов артында «Тұңғыш», «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Жол ұзақ», «Сал Сары», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Таңдамалы» атты жыр жинақтарын қалдырды. Ол аштық жылдары дүниеге келіп, алапат соғыстың қаһарын жасөспірім шақта сезінген, маңдайларына қатқылдау тағдыр бұйырған буынның өкілі еді. Замандастары Ізтай ақын сырттай сұсты, бірбеткей, мінезі тік болып көрінгенімен, жаны нәзік, әділетсіздікке жаны қас, ақкөңіл, жомарт жан еді деп сипаттайды. Оның өлеңдерінің тақырыбы да туған жер, сағыныш, махаббат, сезім, табиғат, ғашықтық сезімдері болып келеді.
25 Ақпан, 2021
XVIII ғасырда француз әскерінде қара киізден жасалған бас киім кию сәнге айналды. Сол тұста шеттері жоғары бүгілген дөңгелек пішінді қалпақтар Еуропаны дүр сілкінткен сарбаздарды ерекшелендіріп тұрды. Алайда уақыт империя тарихының бүкіл кезеңін тек бір бас киіммен бейнеленеді. Ол атақты Наполеонның «кішкентай шляпасы» еді.
25 Ақпан, 2021
Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі
Тарих көшінің қалыптасқан құндылықтары мен біте қайнасқан тұтастығы жолында ұлттық тарихымыздың көкжиегін кеңейту, тарихи дүниетанымын қалыптастыру бағытында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында атқарылған шаруа ересен. Елбасы кітапханасында өткен «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясында өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, тарих ғылымының басты мәселелері мен оны шешудің мүмкін бағыттары талқыланды.
25 Ақпан, 2021
Қалған өмірін қамауда өткізеді
Алматы қаласында қос қарияның қанын мойнына жүктеген қаскүнемге қатысты сот үкімі шықты. 81 және 89 жастағы қарт кісілерді тонап, айуандықпен ажал құштырған антұрған өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
25 Ақпан, 2021
Қыран құстар бизнестің құрбанына айнала бере ме?
Құсбегілер саятшылық өнердің дамуы кенжелеп қалды деп алаңдайды. Тәуелсіз еліміздің Көк туында қанат қаққан киелі қыранды бүркітшілер томаға кигізіп емес, темір торда алып жүруге мәжбүр. Ал облыстар мен аудандарда ашылған спорт мектептеріндегі «Құсбегілік» бөлімінде балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Бүгінде бабадан қалған бағзы өнерді сақтап, оны келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында саятшылық өнер республикада ұлттық спорт түрі ретінде дамып келеді.
25 Ақпан, 2021
Үтіртөбе қаласы археологиялық картаға енгізілсе...
Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының ескі жұрты Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 шақырым солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағасынан оңтүстікте 2 шақырым жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан. Қаланың ежелгі аты жазба деректерде кездеспейді. Сырдария өзенінің бойында осы Үтіртөбеге ұқсас ортағасырлық 40 қаланың орны бар деген дерек те кездесіп қалады. Демек, біз сөз етіп отырған Үтіртөбе – Сыр бойындағы қырық қаланың бірі.
25 Ақпан, 2021
Жалған турагент жауапқа тартылды
Оралдық ерлі-зайыпты өткен жылы шетелге қыдырып қайтпақ болып, туристік агенттікке ақысын төлегенімен, соңы сергелдеңге айналған. Жақында сот алаяқ турагентті жазаға тартты.
25 Ақпан, 2021
Құлағының мүкісінен құтылғанына қуанышты
Мұхтар бар болғаны 32 жасында сол құлағынан айырылып, оң құлағымен ғана еститін болған.
25 Ақпан, 2021
1993 жылдың ақпан айын Шыңжанда өткіздім. Шыңжанда «Керім-ау, айдай» әнінің мән-жайын ешкім білмеді. Қария сөзіне жетік жандар бұл әнді бір білсе Алтай жағындағы ескілікті кісілер, болмаса Баян-Өлгейдегі керейлер біледі деді. Шыңжанда ол ән кез келген қара өлең шумағымен айтылып жүр. Ал менің қолымда «Моңғол қазақтарының (1965, 1983) халық әндері», деген екі жинақ бар еді. Екі жинақтың екеуінде де «Керім-ау, айдай» әні кірген. «Әндебайдың баласы атым Тұрым» (Торым, деп те айтады. – И.Ж.) деп басталатын әнді Тұрым шығарған, әкесі Әндебай, сүйген қызы – Керім!
25 Ақпан, 2021
Алтын Орда тарихы киноға айналады
Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің үндеуінде кинематографистерге тарихи тақырыпта фильмдерді түсіру қажеттігін айтқаны есімізде. «Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Осы орайда біздің де тарихымызда ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн», деген еді Президент.
25 Ақпан, 2021
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
25 Ақпан, 2021
Business Ertis бағдарламасы қолдау көрсетеді
Жуырда еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері Business Ertis бағдарламасы шеңберінде облысқа жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында олар өңірлік экспорттық кеңестің отырысына қатысып, Павлодар мен Екібастұз қалаларында бірқатар өнеркәсіптік және тағам өндірісі кәсіпорнын аралады.
25 Ақпан, 2021
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының жетекші саласы – ауыл шаруашылығын көтеруге, соның ішінде ата кәсібіміз мал өсіруге әрдайым ерекше назар аударғандықтан, елде төрт түліктің барлық түрі көбейді. Мемлекет қолдауының арқасында ауылдарда шаруашылық құрып, мал ұстап отырғандар көп. Ондайлар қала айналасында да аз емес.
25 Ақпан, 2021
«Сардоба» апаты біздің бірқалыпты тіршілігімізді басқа бағытқа бұрды, қиындығымен қатар, көп нәрсені терең ұғындырды. Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылында дүниеге келіп, күні кешеге дейін сонда өмір сүрдім. Өстім, өндім, отбасын құрдым. Қазір 4 баланың әкесімін. Бауыр басқан, кіндік қаным тамған ауылымнан басқа жерге көшу ешқашан ойыма келген емес-ті. Ертеңімді, ұрпағымның болашағын да өз ауылыммен байланыстыратынмын. Алайда...
25 Ақпан, 2021
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Шымқалаға жаңадан қосылған 41 елді мекен мен халық санының жедел өсуі шаһардағы инженерлік инфрақұрылым мәселесіне біраз қиындық туғызды. Соның салдарынан магистральды жүйелердің қуаты жетіспей, тұрғындар қыстың көзі қырауда қатты қысылды. Жергілікті биліктің «бас ауруына» айналған ауыз су мәселесін қай елді мекенге барсаңыз да кездестіресіз.
24 Ақпан, 2021
Қазақстан Түркияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Украинаға рейстер санын арттырады
24 ақпаннан бастап Қазақстан Түркістаннан Ыстамбұлға халықаралық рейстер ашады. Қазақстандық әуе компаниялары ("Эйр Астана" және SCAT) бұл бағытта аптасына төрт рейс орындайды. Тиісті шешім эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданды.
24 Ақпан, 2021
СҚО-да ақпанның соңғы күндері ақырып кетті. Кеше қара боран түні бойы дүрілдеп, өкірді де тұрды. Таңертең тұрсақ қарды да үйіп тастапты, қаланың шеткі көшелері түгіл орталық көшелерінің өзін басып қалып, автомашиналар зорға қозғалып жатты. Бүгін күні бойы жүзден артық қар тазалау техникалары бір тынбай жұмыс істеді.
24 Ақпан, 2021