Оқи отырыңыз
Өткен тәулікте 834 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 834 жағдай тіркелді,деп хабарлайды Egemen.kz
14 Қаңтар, 2021
Түркия WhatsApp-тан бас тартты
WhatsApp мессенджерінің саясаты өзгеруіне байланысты Түркия халқы Telegram платформасына көшіп жатыр. Қолданушылар WhatsApp-тың жеке ақпаратты бұдан былай Facebook корпорациясына жіберуіне наразы.
14 Қаңтар, 2021
Ақын жігіт аңыратып өлең оқып отыр: «...Жүрген шығар бақыт мені таба алмай, Мекенжайым болмаған соң тұрақты». Қазақ поэзиясында өлмейтін екі тақырып болса, оның біреуі махаббат, екіншісі баспана жыры шығар деп әзілдедік оған. Кейін кең сарайдай үйге кірді ол ақын, бірақ өлеңдеріне қарасақ, бақытты әлі іздеп жүрген сияқты.
14 Қаңтар, 2021
Арқаға аты мәшһүр дәулескер күйшінің бірі – Аққыз Ахметқызы. Бұл кісі атақты Тәттімбеттің күйшілік дәстүрін жалғастырып, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов сынды өнер саңлақтарынан тәлім-тәрбие алған. Аққыз өз жанынан «Қайран елім», «Аққыз», «Жетім қыз» және «Қосбасар» атты күйлер де шығарған екен.
14 Қаңтар, 2021
Қазақ даласының батыс қиырында Құрманғазы аталатын аудан бар. Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі. Екі ел шекарасын Қиғаш өзені ғана бөліп тұр. Сол өзеннің бергі бетін, Каспий теңізіне де таяу орналасқан бұл ауданның шежірелі тарихы бар. Оған бірнеше деректі алға тартуға болады.
14 Қаңтар, 2021
Пандемия онлайн жұмыстың көкжиегін кеңейтті. Соның бірі – ZOOM платформасында тәжірибелі мамандар өткізетін дәрістер. Осындай кезекті дәріс «Травматологиялық қатерден сақтану және жарақаттанған жағдайда не істеу керек: тәжірибелі травматологтердің кеңесі» тақырыбында өтті.
14 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мал ұрлығының алдын алу шаралары және олардың тиімділігі туралы хабарлады.
14 Қаңтар, 2021
Microsoft – мүмкіндіктер мерзімі
Microsoft Қазақстан және Алматы қалалық білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлы трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп қарастыруда. Бұл мақсатта тараптар оқу үдерісінің сапасын жақсарту және Алматы қаласындағы орта білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлы трансформациялау саласындағы ынтымақтастықты ықтимал кеңейту мен дамытуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
14 Қаңтар, 2021
Алмасбектің «ақылды бөлмесі» ауыл тұрғындарын интернетпен қамтып отыр
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Қосүйеңкі – орталықтан алыс жатқан ауылдардың бірі. Әрине жырақтағы жұртта шешілмей жатқан мәселенің көптігі белгілі. Мысалы, осы Қосүйеңкідегі мектеп қана интернетпен қамтылған. Осыдан да былтыр көктемде басталған пандемия кезінде үйден оқуға көшкен оқушылар қатты қиналды. Ауылдағы №84 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Алмасбек Қалдыбек қосүйеңкіліктердің әлемдік желіге еркін қосылуына мүмкіндік беретін SMART бөлме ойлап тауып, елдің алғысына бөленіп отыр.
14 Қаңтар, 2021
Алматыға 13 қаңтарда қалыңдығы 16-18 см қар жауды
Алматы қаласында 13 қаңтар күні таңғы сағат 4.30-дан бастап қар жауа бастағсн-ды. Қазгидрометтің болжауы бойынша кешке қарай жауған қар тоқтады. Кешкі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша қалаға 16-18 см қар түсті.
13 Қаңтар, 2021
Ұлттық банк интервенция туралы ақпарат берді
Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылы валюта нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін төмен өтімділіктің белгілі бір кезеңдерінде 1,905 миллиард долларға интервенциялар жүргізді, олар ақпан, наурыз, қыркүйек және қазанда жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021
Қарағанды облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы жалғасын табады
Қарағанды облысында жаңа жылдың ауыл халқы үшін жағымды жаңалықтарымен ерекшеленетін түрі бар. Мысалы, өңірде «Ауыл – Ел бесігі» атты мемлекеттік бағдарлама биыл да жалғасын тауып, ауылдық жерлерді дамыту бойынша тың жобалар қолға алынбақшы, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2021
Мастер турнирінде Ислам Бозбаев сәтсіз өнер көрсетті
Дзюдодан Катардың астанасы – Дохада өтіп жатқан Мастерс турнирінің соңғы күні 90, 100 және +100 кило салмақ дәрежелерінің жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021
Қызылорда – Құмкөл автожолындағы жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Бүгін түс ауа Қызылорда - Құмкөл автожолының 69-шақырымында «Мерседес Бенц Спринтер» мен «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан.
13 Қаңтар, 2021
«Даму» қоры 2020 жылы кәсіпкерлердің құны 1,6 трлн теңге болатын 32,5 мың жобасын қолдады
Бүгін Алматыда «Даму» Қоры аяқталған жылда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қалай жүргізілгендігіне қатысты БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021
Атырауда 51 азамат не үшін бас бостандығынан айырылды?
Атырауда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласатындар әлі де бар. Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірген 51 азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021
Александр Бублик жарақат алып, бас жүлде қарсыласына бұйырды
АТР рейтингте 49 орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің финалына жолдама алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021
Қармақшылық тұрғын түйеқұс өсіріп отыр
Сыр бойының жазы аптап ыстық болғанымен қысы қытымыр келетінін жұрттың бәрі біледі. Соған қарамастан өңірге сырттан неше түрлі жеміс-жидек ағаштарын әкеліп егіп, жерсіндіріп жатқандар бар. Біз олардың табиғаты қатал аймақтағы мұндай талабына сүйсінгенмен «Басқаны қайдам Қызылордада экзотикалық аң-құс өсіру қиын шаруа шығар» деп ойлайтынбыз. Жосалы кентінің тұрғыны Шарһан Оспановтың жаңалығы бұл ойымыздың орынсыз екендігіне көзімізді жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2021
2020 жылы Байқоңыр қаласында бір де-бір кісі өлтіру оқиғасы тіркелген жоқ
Байқоңыр қаласында және ғарыш айлағында 2020 жылы бір де-бір кісі өлтіру оқиғасы тіркелмеген және қылмыстардың жалпы саны 2019 жылмен салыстырғанда 18,6% төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz Байқоңыр кешені прокутаурасына сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2021
Қостанай облысында алғашқы ақылы жол пайда болады
Биыл Қостанай облысында алғашқы ақылы жол пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Қаңтар, 2021