Оқи отырыңыз
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
"Қазгидромет" РМК 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2020
Шымкентте әскери қызметшілер қорытынды тексеруді тапсыруда
Еліміздің оңтүстігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері қорытынды тексеруді тапсырып жатыр. Оған лауазымы мен әскери атағына қарамастан бөлімнің барлық әскери қызметшілері қатысады. Сынақтарды әскерлер қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Асхат Сайлыбаевтың басшылығымен ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының комиссиясы қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2020
Аустралияда карантин талаптары жеңілдеді
Аустралияда індет ошағына айналған Виктория штатында шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Қазан, 2020
Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
Экология департаментінің баспасөз қызметі Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2020
Көргені – қорлық, тартқаны – зорлық
«Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» демекші, жалпақ жұртқа жайыла бермейтін жайттар болады ғой. Әсіресе отбасы, ошақ қасындағы оқиғалар көбіне-көп «жабулы қазан жабулы күйінде» қалатыны белгілі. Сондай оқиғалардың сорақысы – тұрмыстық зорлық-зомбылық. Өкініштісі сол, әлі жеткен соң әйелін таяқтап, бассыздыққа салынып баласын сабайтындар елімізде күн санап көбейіп барады.
19 Қазан, 2020
«Астана Операда» ақсүйек өнер думаны одан әрі жалғасады. Карантин уақытында да ізденісін тоқтатпаған өнер ордасы және бір жарқын жобаның тұсауын кесті. Қоңыр күзде көрерменін қуантпаққа ниеттенген театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әйгілі маэстро Алан Бөрібаев елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әзіл аралас эксклюзивті бағдарлама – «Мольер, Вольтер және Бомарше, немесе Француз комедиясының негізін салушылар» атты опералық-симфониялық концертін ұсынды.
19 Қазан, 2020
Дәл осындай тақырыппен футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы, елорданың «Астана» командасы Андрей Тихоновтың клубтың жаңа бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады.
19 Қазан, 2020
Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиеті – биылғы Волонтер жылының туы іспеттес. Атаулы жылға арналған шараларда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «біреуге қолұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын Асар дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз» деген еді.
19 Қазан, 2020
Қырғызстандағы ахуал әлі күрделі
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетіп, оның орнына премьер-министр Садыр Жапаров мемлекет басшысының лауазымын уақытша атқармақ. Алайда көрші елдегі жағдай мұнымен тұрақталды деп айтуға әлі ерте сияқты.
19 Қазан, 2020
Бала жауапкершілігі – ата-ана мойнында. Алайда баланы өмірге әкелгенмен әртүрлі себептермен ажырасқан ата-аналардың ортақ бала үшін жасалар жағдайдан жалтаруы жан ауыртады. Ересек адам ретінде өз жауапкершілігін сезініп, кейін өз баласының алдында кібіртіктемеуі үшін заңмен бекітілген алиментті өз еркімен, өз қалауымен төлейтін азаматтар аз емес. Керісінше, ажырасқан отбасын әуре-сарсаңға салып іздетіп, жұмыс орнын жасырып дегендей әбігерге салатын әкелер де көп кездеседі.
19 Қазан, 2020
«Герника» – әйгілі суретші Пабло Пикассоның атақты кескіндемесі. Автор аталған туындыны 1937 жылы Парижде өткен дүниежүзілік көрменің Испания павильонына арнап, Испания Республикасы үкіметінің өтінішімен салған деседі. Суретке қарап тұрсаңыз ақ-қара түсті кескіндеменің астарында небір тағдырлар мен тарихи оқиғалар, суретшінің азаматтық көзқарасы, жазушының жаны, соғыс пен бейбітшілік шарпысы ашық бейнеленген. Кубизм стилінде жазылған кескіндеменің тақырыбы осыдан сәл бұрын болған Герниканы бомбалау, сонымен қатар Испаниядағы Сәуір революциясы (1931) мен Азамат соғысының (1936-1939) қасіретінен сыр шертеді.
19 Қазан, 2020
Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылды
Оралда өртенген үйден оттегі баллоны шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қазан, 2020
Елордадағы 7 ғимарат террористік тұрғыдан осал екені анықталды
Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2020
"Рухани келісім - бейбітшілік негізі" атты халықаралық конференция өтті
Бүгін, 18 қазанда Нұр–Сұлтан қаласында Рухани келісім күні мен Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының 10 жылдығына орай "Рухани келісім — бейбітшілік негізі" атты халықаралық конференция өтт, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қазан, 2020
Алматыда діни бірлестіктер көшбасшыларын Рухани келісім күнімен құттықтады
Бүгін елімізде Рухани келісім күні аталып өтуде. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтуға және одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қазан, 2020
Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған семинар өтті
Бүгін 2020 жылғы 16 қазан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған практикалық семинар-тренингі өтті. ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестіктердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету. Іс-шара шеңберінде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл тетіктері, жанжалдарды шешу мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz
18 Қазан, 2020
Алматыда сенбі күні 1 үйлену тойы мен 4 құдалық тарқатылды
Алматының мониторингтік топтары демалыс күндері бірқатар көпшілік іс-шаралардың өткізілуін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қазан, 2020
Таразда тойға барған шенеуніктер жазаланатын болды
Қазіргі кезде Тараз қаласында карантин талаптарын қайта күшейту жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, шаһарда әлі де той жасау тыйылмай тұр. Әсіресе, сенбі, жексенбі күндері де Таразда той тойлау жалғасуда. Бұл ретте қала әкімдігінің қызметкерлері рейдке шығып, тиісті нысандарды тексеруде. Тараз қаласы бойынша күні бүгінге дейін 1284 нысан тексеріліп, 94 хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 10 миллион 972 мың 120 теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қазан, 2020
Бір тәулікте 80 адам коронавирустан жазылып шықты
Елімізде өткен тәулікте 80 адам коронавирус індетінен айығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қазан, 2020
Қазақстан мен Түркия ветеринария препараты мен вакцина өндіреді
Қазақстан мен Түркия Түркістан облысында ветеринария препараты мен вакцина өндіруге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz
17 Қазан, 2020