Оқи отырыңыз
Әлқиса қазақтың ақжүрек пейілін әңгімеге арқау етсеңіз неден бастар едіңіз. Жарлығы жалғыз атың сойып беретін әдетін айтасыз ба, жоқ жауын да сүйсінткен жомарттығын жазасыз ба? Әлде "әр қазақ менің жалғызым" деп баз біреуге жасаған жәрдемін жіпке тізесіз бе? Қалай десеңіз де, көңілі дария халықтың басы біріксе жақсылық жасауға бейіл келетіні бізге аян. Оған дәлел бүгінде "Харекет" қайырымдылық қоры.
31 Тамыз, 2020
Нью-Йорк музейлерінің ахуалы мүшкіл
Нью-Йорктің өнер сүйер қауымы үшін карантин аяқталды: алты ай карантиннен кейін Моне немесе Пикассо туындыларын тамашалап, Джакомметти мүсініне сүйсінуге болады. Осы аптада Манхеттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз есігін қайта ашты, дегенмен залдарда әзірге адамдар бұрынғыдай көп жиналып жатқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .
31 Тамыз, 2020
"Жұмақ аралда" коронавируспен ауырғандар ғана демалады
Әлемдегі ең тамаша жер деп танылған Бразилиядағы Фернандо-де-Норонья архипелагының билігі туристерді қайта қабылдауға шешім шығарды. Алайда, "жұмақ аралда" демалу үшін турист COVID-19 індетімен ауырып, жазылған болуы міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Түркістандық полицейлер марапатталды
Конституция мерекесіне орай түркістандық полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
Балқашта жаңа жылу магистралі болады
Балқашта жылу желілерін салу толық жүріп жатыр. Құбырлар ЖЭО-нан "Қоңырат" шағын ауданына дейін созылады. Жылу магистралінің ұзындығы - 17 км. Бүгінде жұмыс 30%-ға орындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
ЕАЭО-да бірыңғай онлайн жұмыспен қамту жүйесінің бөлігі қалыптасты
Мамандар Қазақстанның еңбек биржасы ЕАЭО ортақ жүйесінің құрамдас бөлігіне айналады деп үміттеніп отыр. Себебі еуразиялық экономикалық одақ аясында орталықтандырылған еңбек биржасы қалыптасады, бұл елдер арасындағы миграциялық шектеулерді жояды деген пікірлер көптен айтылып жүр,- деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2020
31 тамызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Алматыда JetisyFootball тегін оқыту бағдарламасы жұмысын бастайды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Айнабұлақ жекпе-жек орталығына" барды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Коронавирус жұқтырған 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 31 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте 111 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 111 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 51 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Қазақстанда тағы 162 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 162 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2020
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Семей полигонының жабылу күніне арналған шараға қатысып, Семей қаласы мен Абай ауданындағы бірқатар тарихи маңызды нысандарды аралады.
31 Тамыз, 2020
Ата Заң – жаңғырудың іргелі негізі
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қолдауымен Заңнама және құқықтық ақпарат институты базасында Әділет министрлігі ұйымдастырған Конституциямыздың 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
31 Тамыз, 2020
Беларусь және Латвиямен кездеседі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімін жария етті.
31 Тамыз, 2020
Қазақстан экономикасының өсуі мен өркендеуіне бүйірден қадалып, адымын ашқызбай тұрған ең басты мәселелер – сыбайлас жемқорлық пен жолдардың сын көтермес жағдайы деп айтуға болады. Жыл сайын жөндеуіне миллиардтап қаражат бөлінетін жолдар 2-3 жылға ғана шыдап, қайта жөндеуді қажет етіп жатады. Сөйтіп қайран ақша желге ұшып, рәсуа болып жатыр. Оның себебін айта берсе толып жатыр. Соның бірі – ауыр жүк машиналарының жолды бүлдіруі. Бірақ жүк машиналары жүйткіп жүретін дамыған шетелдердің жолдары неге бүлінбейді деген сұрақты жолшылар өздеріне қоймайды.
31 Тамыз, 2020
Жұмыс берушілер тізімді жаңартып отыруы тиіс
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС үшін жарна төлеуден, аударым жасаудан босатылған қаладағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қарамағындағылар жүйеде медициналық сақтандырылған мәртебесін сақтап қалуы үшін әр айдың 25-не дейін жұмыскерлері туралы мәліметті жаңартып отыруы қажеттігін еске салады.
31 Тамыз, 2020
Жазасын өтеушілер Эрмитажға экскурсия жасады
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АК-159/20 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар әлемдегі ең ірі әрі мазмұнға бай мәдени-тарихи мұражайлардың біріне онлайн экскурсия жасады.
31 Тамыз, 2020
Қазақстандық экипаж жартылай финалда
Еліміздің атынан сынға түсіп жатқан танкіші-жауынгерлер кезекті жарыста екінші орынды иеленіп, Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалына жолдама алды.
31 Тамыз, 2020
Еуропада «антикоронавирустық» наразылықтар жүріп жатыр
Берлин полициясы жексенбі күні «антикоронавирустық» акцияға шыққан 300-ге жуық адамды жауапқа тартты. Олар белгіленген санитарлық ережелерді бұзып, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, қоғамдық орында маска тақпады деп айыпталуда. Мұндай коронавирус тыйымдарына қарсы акциялар Еуропаның басқа да қалаларында жүріп жатыр.
31 Тамыз, 2020
Қазақстанның үлесі жоғары бағаланды
«Дайго Фукурю Мару» музейінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 29 жылдығына орай арнайы фотокөрме ашылды.
31 Тамыз, 2020