Оқи отырыңыз
Павлодар облысында биыл 3770 оқушы мектеп бітіреді
Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің мәлметінше, биыл облыс бойынша 3770 оқушы мектеп бітірмек. Олардың қатарында «Алтын белгіге» үміткер 189 түлек, үздік аттестатқа үміткер 151 бітіруші бар.
28 Мамыр, 2020
Шымкенттегі кәсіпорындар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, іске қосылады
Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев 28-мамырдан бастап жұмысын бастауға рұқсат берілген орындарды мәлімдеді.
28 Мамыр, 2020
Сенаторлар парламенттік оппозиция мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады
Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтті. Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын қарап, қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Түркістандық ұстаздар марапатталды
Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде мінсіз де белсенді еңбегімен көзге түскен бірқатар ұстаз марапатталды. Елде жарияланған карантин кезінде ұстаздар мектеп оқу бағдарламасын телеарна арқылы және онлайн режимде оқытуға көшкені мәлім. Ұстаздардың көмегімен 100-ге жуық бейне сабақ пен онлайн оқытуға арналған әдістемелер дайындалды.
28 Мамыр, 2020
11 сала бойынша 230 үздік маман бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды
Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған Өзгерістерді басқару жөніндегі cалалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының Басқарушы комитетінің отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Түркістан: Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасы жүзеге асырылады
Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қабылдады.
28 Мамыр, 2020
Мамлютка қаласының 69 жастағы тұрғыны бір жылға бас бостандығынан айрылды
СҚО Мамлютка қаласының 69 жастағы тұрғыны ақыры әділетті жазасын алып, бір жылға бас бостандығынан айрылды. Қымбат машинасы бар дәулетті тұрғын қоғамдық тәртіп пен заңды белінен басып, осыған дейін «Toyota Land Cruiser» автокөлігін мас күйінде жүргізгені үшін жүргізушілік куәлігінен 3 жыл 4 айға айрылған еді. Бірақ ол жазаны місе тұтпай, рөлден түспеген.
28 Мамыр, 2020
Туризм саласы қалыпқа келе бастады
Биылғы туризм саласының тоқырауына себеп болған COVID-19 пандемиясының салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Қойылған шектеулердің салдарынан сырттан келетін туристер ағыны 70-80%-ға кеміген. Бұл туралы кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлімдеді.
28 Мамыр, 2020
Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен байқаулардан 72 медаль жеңіп алды
Тек 2019-2020 оқу жылының өзінде 88 300-ден астам елордалық оқушы «Астана дарыны» орталығы ұйымдастырған 123 олимпиада мен байқауға қатысқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
28 Мамыр, 2020
ҰБТ-2020: Санитарлық талаптар қалай сақталады?
Бұл сұраққа Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғажанов жауап берді. Биылғы ҰБТ-ға ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек өтініш берген. Осыған орай 150 өткізу орны белгіленді.
28 Мамыр, 2020
СҚО полицейлері жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы бойынша 769 адамды жауапқа тартқан. Бұл бап «Тыныштықты бұзу» деп аталады. Адамдардың демалысы мен тыныштығына түнгі сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн кедергі келтіргендерге жаза ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл салуға негіз болатын осы бап. Бір жылдың ішінде бұзушылық қайталанса 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.
28 Мамыр, 2020
Академик Кеңесбай Мұсаев дүниеден өтті
Танымал түрколог, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Кеңесбай Мұсаев 89 жасында дүниеден озды.
28 Мамыр, 2020
Елорданың ерекше балаларға арналған орталықтары қалай жұмыс істеп жатыр?
Ерекше балаларға арналған орталықта санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Қырылмасақ, 40 миллион болар едік
Ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанша халқымыз не бір азап пен аштықты басынан кешірді. Тағдыр талайына атан түйенің белі қайысатын тауқымет жазыпты. Сөйтіп жүріп, аузына тістеп ұрпағын өсірді, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даласын қорғады. Егер де зұлматқа ұшырап, зардап шекпегенде, бүгін біз 40 миллион халық болған болар едік. Тіліміздің мұртын балта шаппайтын, жан-жағымызға қарап жалтақтамайтын күйге жетер едік.
28 Мамыр, 2020
Биыл 131 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады
Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады
Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.
28 Мамыр, 2020
Hyundai компаниясы Сovid-19 жұқтырған науқастар үшін арнайы жабдық сатып алды
Hyundai компаниясы бүкіл әлем бойынша коронавируспен күресуде көмек көрсетуде. Ғаламдық бастаманы қолдай отырып, «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan» multi Filtrate жедел диализ жүйесін (Германия) сатып алуға 51 млн теңге бөлді және оны Нұр-сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығына тапсырды, деп хабарлады «Астана Моторс» баспасөз қызметі.
28 Мамыр, 2020
Әскерге қабылданғандар ПТР тесттен өтеді
Әскер қатарына қабылданғандар 14 күндік карантинге алынып, тесттен өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді.
28 Мамыр, 2020
Спорт комитеті төрағасының орынбасарлары 400 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары шамамен 400 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Мамыр, 2020
«ҚазМұнайГаз» акционерлерге 81,7 млрд теңге дивиденд төлейді
2020 жылғы 22 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 81,7 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді ұйғарды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп, деп хабарлады акционерлік қоғамның жұртшылықпен байланыс департаменті.
28 Мамыр, 2020